1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 11-12 (16197-198) 9 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 ақпан 2017
Уақытша тiркеу, атың өшсiн сенiң!

Менiң басымнан өткен жағдайды Құдай ешкiмге бермесiн. Сол күнгi оқиға есiме түссе, жүрегiм қан жылайды. Iшiм удай ашиды. Арыстай азамат баламнан айырылып қалатынымды бiлсем, сол күнi тiркеуге де бармас едiм. Атың өшкiр, уақытша тiркеу... Ел-жұрт шындықты бiлуi керек, сондықтан қолыма қалам алып “Жас Алашқа” хат жазуға мәжбүр болып отырмын. “Уақытша тiркеу” дегендi ойлап тауып, халықты аяқ астынан дүрбелеңге салған үкiметке өкпем қара қазандай. Үкiметтiң “тiркелмегендердi” және “тiркемегендердi” жауапқа тартып, жазалаймыз, пәленше айыппұл төлеттiремiз” дегендерi балам Жарастың жүйкесiне әбден тиiп, жүрегiне ауыр салмақ салды. Соның салдарынан “әке” деуге де шамасы келмей, халыққа қызмет көрсету орталығында тiл тартпай кеттi...
“Егер айыппұл салса, қалай төлеймiн?” деп iштей уайым жеген болуы керек. Өйткенi өзi пәтер жалдап тұрады. Екi баласы бар. Алып бара жатқан жұмысы да жоқ, бiр мекемеде қарауыл. Келiншегi де бiр ауруханада күзетшi. Бiр сөзбен айтқанда, өлместiң күнiн кешiп жүрген адамға билiктiң “айыппұл төлейсiңдер” дегенi ауыр соққы боп тидi.
Мен өзiм 11 баланың әкесiмiн. 1993 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданына Қарақалпақ елiнен қоныс аудардым. “Өзге елде сұлтан болғанша, өз елiңде ұлтан бол” дейдi қазақ. Осы оймен туған елге көшiп келдiк. Ленинск деген жерде қызылша, қарбыз егiп диқаншылықпен айналыстым. Содан қыздарым саудамен айналысып, Алматының маңына қоныстансақ деген ой келдi. Осы ниетпен 1997 жылы Алматыға көштiк. Әдепкiде Өжетте пәтерде тұрдық. Келер жылы Шаңырақтан “времянка” сатып алдым. Осылай бiреуден iлгерi, бiреуден кейiн өмiр сүрiп жаттық. Мына уақытша тiркеу деген пәле шыққанда балам Жарас Шаңырақ-1-де пәтерде тұрып жатыр едi. Содан оның отбасын өзiм отырған үйге, Қаратау 24-ке тiркеуге отырғызайын деп шештiм. Балам екеумiз мұны күнi бұрын шешiп те қойғанбыз. Ертеңiне, 16 қаңтар күнi Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына бардық. Үй мен орталықтың арасы ұзақ емес, шамамен 10 минутта жеттiк. Барсақ, ығы-жығы адам. Жарас балам ақша төлеуге кезекке тұрды. Адам көп болғандықтан, кезекте ұзағырақ тұрып қалды. Оның үстiне көп адам жүрген жерде ауа да тар болады. Менiң жасым 80-де, кезекке тұруға шамам келмейдi, сыртта отырғанмын. Бiр кезде балам жаныма келiп: “Әке, мен ауырып тұрмын...”, – дедi. “Ойбай, балам, үйге қайтайық... дегенiмше болмады, бiр қарасам, маған қарай құлап келе жатыр...
Миына қан құйылған шығар деп шамалаймын. Содан азан-қазан, у-шу болдық та қалдық. Осы жерде айтайын дегенiм, бұқаралық ақпарат құралдарында “Жедел жәрдем келдi” деген жалған ақпарат таратылды. “Жедел жәрдем” келген жоқ. Жүрiп кеткен баламды полицияның көлiгiмен алып кеттi. Әкесi менi де тастап кеттi. Сол жерде еңiреп қала бердiм...
Жұрт менен “балаңыз ауыратын ба едi, дәрiгерге барушы ма едi” деп жабылып сұрап жатты. Мен оның белi (грыжасы бар едi) ауыратынын ғана айттым. Ал Сәуле Ахатқызы деген дәрiгер “Әкесi оны эпилепсиямен ауыратынын айтқан” деп өтiрiктi соғып тұр. Балам эпилепсиямен мүлде ауырмаған. Ондай бәле тұқымымызда жоқ.
Содан не керек, баламды моргтан әзер алдым. Тума-туыс жабылып жүрiп, әрең алдық. Ондай сұмдықты кiм көрген, баламнан айырылып, қан жылап жүрсем, ақша дәметедi. 80-дегi зейнеткер адамнан ақша дәметкен соң не дейсiң! Жүрген жерiң – ақша. Тиiп кетсең, қаржы сұрайды. Марқұм баламды жер қойнына тапсыру үшiн... 60 мың теңге төледiм.
Балам Жарастың артында екi перзентi қалды. Екеуi де – мектеп жасындағы балалар. Ендi соларды ержеткiзуiмiз керек. Өзiм бар болғаны 42 мың зейнетақы аламын. Үкiмет қазiр бюджеттi халықтың есебiнен толтыруға кiрiсiп кеттi ғой. Уақытша тiркеу – соның бiр айғағы. Баға болса, шарықтап барады. Әлеуметтiк ауыртпалық халықтың жүйкесiн тоздырып, жүрегiне айрықша салмақ түсiрiп жатыр. Менiң балам да осыдан кеттi... Қарапайым халыққа болыспайтын мұндай қайырсыз үкiметке қалай қарғыс айтпайсың?!

Нүркебай ҚОҢҚАҚОВ,
Алматы қаласы.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
мен | 9 ақпан 2017 19:11
Қарғыс атқыр НН
пионерский | 10 ақпан 2017 12:21
"Билік ауысыпты" дегенді есітетіндей күнде сондай үмітпен оянамын
азамат | 11 ақпан 2017 11:58
Уақытша тіркеу басталғанда "уақытша тіркелгендер саны коммуналдық төлемге әсер етпейді"-деп көкіп еді. Енді келіп бәріде коммуналдық төлем төлейді деп отыр. Тек қана осы мысал билік халықты қалай алдап-арбайтынын айқын көрсетеді. Биліктегілерге сенім қалғаны қашан. Қайырын берсін!
Абылай | 7 наурыз 2017 22:24
Тіркелесіңдер! не үшін тіркелгілерің келмей жүр"?! Бұл сендерге Қарақалпақстан емес! киелі Әулие Ата, Жамбыл облысы !!!" Ұнамай ма ? Кете бер Батыстағы өзіңнің ата мекеніңе. Келдің ба? енді тәртіпке бағынуың керек!
Иман | 10 наурыз 2017 19:17
Осы сендерді түсінбеймін. Сендердің елдерің Ата-бабаларыңның жатқан жері Атырау, Батыс қазақстан жақта одан Қарақалпақстанға көштіңдер,одан Жамбыл облысына көштіңдер. Енді анау қайтыс болған балаларыңды өздеріңнің ата-бабаларың жатқан зиратқа жерледіңдер ма? әлде жат жерде жерлей салдыңдар ма? бұл жағы қалай болды сонда? Или сендер тексізсіңдер ма?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті