1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 11-12 (16197-198) 9 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 ақпан 2017
Қарақшылардың қармағына iлiнiп, алаяқтардың арбауына тағы түстiк...

Былтыр күзде туған бауырым қызын ұзатып, той жасады. Туыс-туғандар барлығымыз күн-түн демей соның үйiнде жүрiп қызмет iстедiк. Бауырым екеумiз бiр қалада тұрғандықтан отбасымызбен таңертең бауырымның үйiне барып, кеш бата үйiмiзге қайтып жүрдiк. Той болардан бiр күн бұрын ойымызда ештеңе жоқ, бала-шағамызбен үйдi бекiтiп, тағы әлгi үйге кеттiк. Тұрып жатқан ауданымыз тыныш болғандықтан ешқандай қауiп-қатер бола қоймас деп ойладық. Күнi бойы қызмет iстеп, кешкiсiн үйге оралсақ, сыртқы темiр қоршауымыз айқара ашық жатыр. Әлгiнi көре сала бiр жамандық болғанын сезiп, дереу үйге бет алдық. Айтқанымыздай, үйде болмағанымызды пайдаланып, қарақшылар үйдiң iшiн үптеп кетiптi.
Бала-шағамызбен у-шу болып, дереу учаскелiк полиция бөлiмшесiне хабарладық. Iзiн суытпай, қарақшыларды тауып алады деген үмiтпен учаскелiк полицейлер келгенге дейiн заттарымызды түгендесек, бiраз құнды әшекей бұйымдарымыз, ұялы телефондарымыз қолды болыпты. Құдай оңдап, бiраз жинаған қаражатымыз болған, оны үйге тастамай, үнемi өзiммен бiрге алып жүретiнмiн.
Зор үмiт күтiп, сарғайып күткен полицейлер бiр сағаттан аса уақыттан кейiн бiр-ақ келдi. Содан түнiмен үйдiң iшiндегi заттарға әлдебiр майларын жағып, ұры қопарған жердi одан әрмен астаң-кестең етiп, бәрiмiздi түннiң ызғарына қарамай далаға шығарып жiбердi. Әлгiлерге кедергi келтiрмейiк деп, тапырақтап далаға шыққанда, ақша салынған сөмкем үйдiң iшiнде қалып қойыпты. Не болса да ұрыларды тауып берсiн деп айтқандарын орындап тұра бердiк. Шынын айтсам, сөмкемнiң үйде қалып қойғанына еш алаңдаған жоқпын. Қанша дегенмен, “полиция” деген аттары бар ғой. Кiм алар деп тұра бердiм.
Бiр жарым сағаттан кейiн әлгi үш полицей үйден шықты да, саусақ iздерiн алғандарын айтты. Күйеуiмнiң ұялы телефон нөмiрiн жазып алды да, бiр аптаның iшiнде iздеп тауып, жоғалған заттарды қайтаруға тырысатындарын айтып, кетiп қалды. Сөздерiне кәмiл сенiп, үрей-қорқынышымыз сейiлiп үйге кiрдiк. Кейiн бауырыма телефон соғайын деп, сөмкемдi қойған жерге барсам, сөмкем де, телефоным да, ақшам да жоқ. Үйдегiлерден “Қайсысың алдың?” деп сұрасам, ешқайсысы көрмеген болып шықты. Аяғында, қарақшылардың қармағына бiр түсiп, алаяқтардың арбауына бiр түскенiмiздi түсiндiк. Әлгi полицейсымақтарымыз нағыз алаяқтардың өзi болып шықты. Бәрiмiздi сыртқа шығарып жiберiп, ұрылардан қалғанын өздерi жымқырып кетiптi.
Ертесiне бармаған жерiмiз жоқ. Барлығы арызымызды жазып алып қалады да, хабарласамыз деп қайтарып жiбередi. Сонда бұл не болғаны? Ендi полицейлерден де еш қайыр болмағаны ма? Осындай бассыздықты тоқтататын жауапты ұйымдар бар ма?!

 Жазира СОВЕТҚЫЗЫ,
Алматы қаласы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Иван | 10 ақпан 2017 12:20
Реформа керек
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті