1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 11-12 (16197-198) 9 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 ақпан 2017
Жырына жұрттың бәрi табынады

(9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың туған күнi)
 

Махамбет, Абай хакiм iзiменен,
Найзадай өткiр сөздiң жүзiменен.
Алысқан арамдармен тайсалмастан,
Сағындық сырласуға өзiңменен...

Ертерек кеттi сұңқар қиядағы,
Судан да мөлдiр едi тұмадағы.
Кеңдiгiн өресiнiң осыдан бiл,
Жырына жұрттың бәрi табынады.

Жырлады туған жердi, табиғатты,
Қоқыстан аршып алды асыл затты...
Мезгiлсiз өткен кезде бұл өмiрден,
Көк аспан, өзен-сулар жылап жатты.

Тау-таста күңiрендi ол өткенде,
Қарасаз арман болды бiр жеткенге.
Табиғат қашап тұрып бiр жартастан,
Бейнесiн жасап бердi тәу еткенге.

Көргеннiң дiрiлдедi пәс жүрегi,
Осылай орындалды көп тiлегi.
Жартастан мүсiн соғып орнатқанды,
Алланың кереметi деп бiлемiн.

Құлақта жаңғырады бiр үн маған,
Мұқаңның дауысындай жалындаған.
Сол дауыс жарық қылар айналаны,
Жаз күнгi найзағайдай жарқылдаған.

Көп едi iшiндегi айтпағаны,
Райынан не көрсе де қайтпағаны...
Бiз үшiн бұл бiр тылсым, мәңгi жұмбақ,
Тек қана ел есiнде айтқан әнi.

Рашат ОРАЗХАНҰЛЫ,
“Қазақстан” ауылы,
Алакөл ауданы,
Алматы облысы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті