1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 ақпан 2017
АТА ЗАҢҒА өзгерiстер енгiзу қандай қажеттiлiктен туындап отыр?

Жақында ҚР-ның Конституциясына кейбiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба жарияланды. Әсiресе, конституцияға меншiктi қорғау жөнiнде өзгерiс енгiзу мен 26-баптағы “әркiм” сөзi көпшiлiктi қатты алаңдатып отыр. Онда былай жазылған: “1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. 2. Жекеменшiк құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлiкке меншiк құқығын шектейтiн немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi”.
Менiң түсiнбейтiнiм, “Қазақстан Республикасының азаматтары” деген сөздi “әркiм” деген сөзбен ауыстыру не үшiн қажет болды? “Қазақстан азаматтары” деген сөздiң мәртебесi “әркiм” дегеннен жоғары ғой. Себебi, конституция – басқа елдiң емес, Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ал “әркiм” дегенге кез келген елдiң азаматтары жатады. Олай болса, шетелдiктер де Қазақстан аумағындағы мүлiктерге ие болу құқықтарын алып отыр деген сөз. Ал мүлiк санатына жердiң де кiретiнi белгiлi. Сонда Қазақстан дәулетiн (қазба байлықтары бар, басқа да iрi-iрi өндiрiс ошақтары бар) “әркiм” бөлiп алып кете берсе, Қазақстан азаматтарына, қазақ ұлтына не қалады?!
Қолдағының бәрiн түгел сатып тынуға билiк неге сонша құмар болғанын түсiне алмай-ақ қойдым. Экономикалық әлеуетiмiз соншалықты нашар ма?! Әлде шетелден алынған миллиардтаған долларлар жаналқымнан алып бара ма?!
Қысқасы, ұлттық, жалпыхалықтық мүддеге қайшы келетiн саясат ұстану, “өз асығым түгел, басқада нем бар” деген керенау бойкүйездiк, немкеттiлiк, рақымсыздық, сайып келгенде, жауапсыздық ешқандай жақсылыққа апармайтынын өзгерiс енгiзуге құштар болған азаматтарымыз түсiнсе екен. Қандай өзгерiс, қандай толықтыру болса да ең бiрiншi халықпен кеңесудi әдетке айналдырғанымыз абзал.

Нақыпбек ДЕМЕУҰЛЫ,
Мақтаарал ауданының құрметтi азаматы,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті