1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 ақпан 2017
АТА ЗАҢҒА өзгерiстер енгiзу қандай қажеттiлiктен туындап отыр?

Жақында ҚР-ның Конституциясына кейбiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба жарияланды. Әсiресе, конституцияға меншiктi қорғау жөнiнде өзгерiс енгiзу мен 26-баптағы “әркiм” сөзi көпшiлiктi қатты алаңдатып отыр. Онда былай жазылған: “1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. 2. Жекеменшiк құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлiкке меншiк құқығын шектейтiн немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi”.
Менiң түсiнбейтiнiм, “Қазақстан Республикасының азаматтары” деген сөздi “әркiм” деген сөзбен ауыстыру не үшiн қажет болды? “Қазақстан азаматтары” деген сөздiң мәртебесi “әркiм” дегеннен жоғары ғой. Себебi, конституция – басқа елдiң емес, Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ал “әркiм” дегенге кез келген елдiң азаматтары жатады. Олай болса, шетелдiктер де Қазақстан аумағындағы мүлiктерге ие болу құқықтарын алып отыр деген сөз. Ал мүлiк санатына жердiң де кiретiнi белгiлi. Сонда Қазақстан дәулетiн (қазба байлықтары бар, басқа да iрi-iрi өндiрiс ошақтары бар) “әркiм” бөлiп алып кете берсе, Қазақстан азаматтарына, қазақ ұлтына не қалады?!
Қолдағының бәрiн түгел сатып тынуға билiк неге сонша құмар болғанын түсiне алмай-ақ қойдым. Экономикалық әлеуетiмiз соншалықты нашар ма?! Әлде шетелден алынған миллиардтаған долларлар жаналқымнан алып бара ма?!
Қысқасы, ұлттық, жалпыхалықтық мүддеге қайшы келетiн саясат ұстану, “өз асығым түгел, басқада нем бар” деген керенау бойкүйездiк, немкеттiлiк, рақымсыздық, сайып келгенде, жауапсыздық ешқандай жақсылыққа апармайтынын өзгерiс енгiзуге құштар болған азаматтарымыз түсiнсе екен. Қандай өзгерiс, қандай толықтыру болса да ең бiрiншi халықпен кеңесудi әдетке айналдырғанымыз абзал.

Нақыпбек ДЕМЕУҰЛЫ,
Мақтаарал ауданының құрметтi азаматы,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
мен | 16 ақпан 2017 16:47
Және бір көтерілетін мәселе ол ОРЫС ТІЛІНІҢ СТАТУСЫН КОНСТИТУЦИЯДАН АЛЫП ТАСТАУ. орыстар елімізде 20 пайыздан кем. Сонда қазақ тілінің мәртебесі артады, орысша қазақтар өз ана тілін үйренетін, сөйлейтін болады. Қазір мүмкіндік болып тұр, ақыры конституцияны өзгертейін деп жатырмыз.
Б.Шаяхметұлы | 16 ақпан 2017 19:52
Бізді кім тыңдайын деп жатыр, сонда айта берейік... Шынында да , ақыры Конституцияға өзгеріс енгізіледі екен , ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ мәртебесін өсіру мүмкіндігін пайдаланып қалу керек! 26 жыл болды ғой, ендігі , аю да қазақша үйреніп алатын уақыт болды! Жететін шығар күткеніміз! ҚАЗАҚТАРДАЙ-АҚ "толерантты" болсын , бола алса! Ендігі уақытта , "Орыс тілі Мемл. тілмен бірдей қолданылады" деген бапты МҮЛДЕ АЛЫП ТАСТАУ КЕРЕК!!!
Қайрат | 16 ақпан 2017 22:25
Кілең жиырма алты: егемендікке 26 жыл, ата-заңның 26 ст, 26-қаңтардан 26-ақпанға дейін. неге? əлде сəйкестік пе?
Қазақ үні | 17 ақпан 2017 16:02
"Хан айтар сөзді қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ" деген ғой бұрынғы өткен дана Бабаларымыз! Құрметті Рысбек мырза, хан болмағанмен ЕЛДІҢ ЖОҒЫН ЖОҚТАР АЗАМАТ ЕСЕБІНДЕ ЕЛ БІЛЕТІН, ӨЗІҢІЗБЕН ТІЛЕУЛЕС АҚСАҚАЛДАРМЕН, АЗАМАТТАРМЕН БІРІГІП ОРТАҚ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАУҒА БОЛМАЙДЫ МА ЕКЕН? АТА ЗАҢҒА енетін өзгерістер туралы РЕФЕРЕНДУМ талап етілсе! қалай болады???
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті