1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 ақпан 2017
Бiз маймылға айналып бара жатқан жоқпыз ба, осы?!

Қазақтың сүт бетiне шығарларына, зиялыларына не болып барады? Неге соншалықты бойкүйез? Неге енжар? Не өткеннен сабақ алуды бiлмеймiз, не болашағымызды дұрыс болжай алмаймыз. Мұндай мимырт қалыпқа, мәңгүрт күйге қалай ұшырадық? Тың игеру тұсында 800 қазақ мектебi жабылды. “Бiз осы 800 мектептiң зардабын әлi 800 жыл бойы тартамыз” деп зар иледi Шерхан Мұртаза. “800 жыл бойы тартқанымыз” емей немене, тың игеруден кейiн қазақтың тең жартысына жуығы өздерiнiң ана тiлiн ұмытып, бiржолата орыс тiлiне көшiп алды. Бұған дейiн, яғни 1950–1955 жылдарға дейiн қазақтар орысқа да, орыс тiлiне де бой бермей, бойсұнбай келген-дi.

Ал ендi қазiргi күнi орта мектептерiмiздiң 1-сыныбынан бастап енгiзiлiп жатқан үштiлдiлiк (“үш тұғырлы тiл”) тың игеру тұсында жабылған 800 қазақ мектебiнен әлдеқайда қауiптi, әлдеқайда зардапты, әлдеқайда зиянды екенiн неге сезiнуге болмайды? Осыны қалай сезiне алмай отырмыз? Сәл ғана ойлансақ, сәл ғана тарихқа жүгiнсек, бәрi де айқындалып шыға келедi ғой.
800 қазақ мектебiн жапқан кезде бiздiң белсендiлерiмiз ауыздарынан түкiрiгi шашырап: “Коммунизмге тезiрек жету үшiн бiз осылай жасауымыз керек!” деп ентiктi. Ақыры не болды? Абай айтқандай, “өлшеуiн бiлмегендiктен боғын шығардық”. Ал ендi “жаппай ағылшын тiлiн үйренемiз” деп орта мектептерiмiзге үштiлдiлiктi енгiзiп жатуымыз да – тағы да сол Абай айтқандай, “боғын шығару”. Бүгiнгi тiлмен айтқанда, асыра сiлтеу. Астауда отырған баланы жуындырып, артынан жуынды сумен бiрге баланы да күресiнге лақтырып жiберу.
Асыра сiлтеуге кiмдер құмар болады? Ең әуелi, надандар. Сонан кейiн, ашкөздер. Бiздiң надандарымыз бен ашкөздерiмiзге ана тiлiмiздi ұмытып, жаппай ағылшын тiлiне көшсек, бәрiмiз де байып шыға келетiндей көрiнедi. Бiз дәл осы жерде мына бiр ақиқатты да бiле жүруiмiз керек. Дәл қазiр Қазақстан жағдайында бiз ағылшын тiлiн тек орыс тiлi арқылы ғана үйрене аламыз. Демек, ағылшын тiлi мен орыс тiлi өрге басады да, қазақ тiлi күресiнге лақтырылады.
Сонымен бiрге бiз мына бiр ақиқатты бiле жүруiмiз керек. Мұны кезiнде Герольд Бельгер айтқан едi: “Қазақтардың қазiр тiлге байланысты жiктелуi – өте-мөте өткiр мәселе. Байшыкештерге ана тiлiнiң көк тиынға қажетi жоқ. Олардың тiлi – доллар. Тiлдi сақтаймын деушiлер – түгелiмен жалаңаяқ, жарлылар. Жаны күйген базбiреулер бар кiнәнi орыс тiлiне үйiп-төккiсi келедi. Бұл – түбiрiмен қате. Қазақ тiлiнiң басты жауы – ұлттық намыс пен ұлттық рухтан жұрдай қазақтардың өзi!”.
Бiз де Бельгердi қайталауға мәжбүрмiз, қазақ тiлiнiң жауы – ағылшындар да, орыстар да, немiстер де емес, өзiмiздiң iшiмiзден шыққан рухсыз, намыссыз, ұлтсыз қазақтар екенiн бiз ешуақытта ұмытпауға тиiстiмiз. Орыстiлдi, орысқолды қазақтардың жауапты мемлекеттiк қызметтерге тағайындалуына үзiлдi-кесiлдi қарсы шығуымыз, күресуiмiз керек. Әйтпесе, бiздiң де маймылға айналуымыз оп-оңай.

Әлтай СЕЙДАХМЕТҰЛЫ,
Текелi қаласы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (4)
Б.Шаяхметұлы | 16 ақпан 2017 16:59
Дұрыс! Құдай-ау , қайда біздің азулары алты қарыс ЗИЯЛЫЛАРЫМЫЗ?! Неге үнсіз? Енді қай кезде айтады олар, халықтың мазасын алған "жанайқайларын"?! Қара халықтың өкілі айтса , ешкім де "пық" демесі анық , ал елімізге танымал атпал азаматтарымыз-зиялыларымыз айтып , жазып жатса , биліктегілер де елең етіп , аяғын тартып, аңдап басар еді ғой?! Мына бір "Үш тұғырлы тіл" деген аждаһа тілімізді жұтып қойғаннан соң , ҚАЗАҚ ТІЛІ мүлде жойылған соң айта ма? Ол кезде бәрі кеш болмай ма, түге?! Қазір
Асылбек | 17 ақпан 2017 07:09
Зиялылар арине бари емес коркак кухонный боксёрлар н сен кудайдан тап мен сени каргадым онбаган.
Алниязов Кайрат Тасмаганбетович | 11 наурыз 2017 22:16
Мен өзім оқыған заманғы білім реформасын, сол кездегі кітаптарды әлі іздеп, әлі аңсап келемін. Ол - менің өткен өмірді, кеңес заманын іздегенім емес, ол - сол замандағы бірнеше рет эксперименттен өтен бағдарламалар мен кітаптар. Қазіргі кітаптар оқушы үшін ауыр. Мен оқытушы ретінде бұрынғы кітаптар мен қазіргі кітаптарды салыстыра қараймын. Ағылшын тілі кеңес заманында егжей-тегжейлі зерттеліп барып, 5 сыныптан бастап енгізілген. Сол дұрыс. Бала - алдымен ана тілін дұрыс меңгеруі керек.
биология ғылымдарының кандидаты | 19 сәуір 2017 12:09
енді дәл,осылай кете берсек,Дарвиннің теориясына қарама-қайшы теорияны дәлелдейтін боламыз.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті