1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 ақпан 2017
Әкеме дұрыс көңiл бөле алмадым...

“Жұмақтың кiлтi – аналарымыздың аяғының астында” дейдi. Әрине, бұл дұрыс. Бiрақ бар күш-жiгерiмiздi аналарымыздың көңiлiн табуға арнап, кей кездерi әкелерiмiздi мүлдем ескерусiз қалдырып жатамыз. Ана – ол бiзге шексiз махаббатын, қамқорлығын сыйлайтын әлемдегi жалғыз жанашыр жан. Әкелер де өз сәбиiн анасынан артық сүймесе, кем сүймейдi. Ер азамат болғаннан кейiн көп жағдайда әкелер сезiмiн жасырып ұстайды.
Бiз отбасымызда төрт ағайындымыз. Екi ұл, екi қыз. Мен – ең кенжесiмiн. Әуелде отбасымыздың жағдайы өте нашар болды. Анам мен әкем тынбай жұмыс iстегенiмен, еңбектерi еш өнбейтiн. Отбасымыздың шағын кәсiбi бар едi. Әкемнiң денсаулығы нашар болғандықтан, анам әрдайым әкемнен көп еңбек ететiн (әкем ауырып қалған кездерi). Есейе келе анамның жұмыстан шаршап келгенiн көргенде ашуланып, әкеме ауыр сөздер айтатынды шығардым. “Неге анамды жұмыс iстетiп қойып, өзiңiз үнемi үйде жатасыз?” деп ашуланатынмын. Мен қанша көңiлiне келетiн сөз айтсам да, әкем маған еш дауыс көтерген емес. Қазiр ойласам, ол кiсiге де оңай болмаған екен ғой...
Жоғарғы оқуға түскеннен кейiн мен де анама қолқанат болайын деп, отбасылық кәсiпке араласа бастадым. Көп ұзамай кәсiптiң қыр-сырын ұғынып, iсiмiздi алға дөңгелете бастадым. Мақтанғаным емес, анам да, әкем де iсiме риза болып, бас-аяғымен кәсiптi маған тапсырды. Олар маған көмектесiп жүрдi. Сол кезде анамның айтқанын сабырмен тыңдап, ал әкем ақыл айта бастаса бiрден ашуға булығып шығатынмын. Неге олай болғанын өзiм де түсiнбеймiн. Бәлкiм, “жұмыстың қыр-сырын бiлмейдi, неге ақыл айтады?!” деген ой болған шығар. Жұмыстан басқа, өмiрлiк, тәрбиелiк ақыл-кеңестерiн тыңдайтынмын. Дегенмен, анама қарағанда әкеме көп көңiл бөлмеген екенмiн.
Көз ашқалы пәтер жалдап, сандалып жүрген бiз, өткен жылы үш бөлмелi пәтер алдық. Жеке-жеке көлiк мiндiк. Қаланың шетiнен анам мен әкеме үй салып бердiм. Екеуiн де жұмыстан бiржолата босаттым. Iсiмiз алға басып, жағдайымыз ендi жақсарып келе жатқанда, отбасымызда қайғылы жағдай орын алды. Ойымызда ештеңе жоқ, жұмыстан кейiн кешкi ас iшiп отырғанымызда, әкемнiң жүрегi ұстап, тiлге келмей бақилық болды. Сол сәтте кезiнде айтқан ауыр сөздерiм үшiн, дауыс көтергенiм үшiн әкемнен кешiрiм сұрап үлгермей қалғаныма қатты өкiндiм...
Биылғы жылдың 1 қыркүйегiнде әкемнiң өмiрден өткенiне бiр жыл толады. Тiрi тiршiлiгiн iстейдi дейдi ғой. Отбасымызбен күнделiктi тiршiлiгiмiздi жалғастырып келемiз. Бiрақ көкейiмдегi өкiнiш еш сейiлер емес. Ашу мен ызаға, асығыстық пен ақымақтыққа бой алдырып, әкемдi көп ренжiткен екенмiн. Соны ойласам, жүрегiм қан жылайды. Бар махаббатым мен қамқорлығымды анама сыйлап, әкеме дұрыс көңiл бөлмегенiме өкiнемiн. Тiрiсiнде қуанышқа бөлей алмаған әкеме қазiр Құран бағыштап, аруағына дұға қылудан басқа ешбiр шарам жоқ...

Бауыржан МАҚСАТҰЛЫ,
Қарағанды қаласы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Қазақ үні | 17 ақпан 2017 16:20
Ия, шын көңілден шыққан ащы өкініш! Өз қатесін біліп, оны мойындау жақсы қасиет! Тек, пенденің бұл жалған дүниедегі әрбір қадамы АЛЛАның есебінде екенін естен шығармаған абзал! Бәрімізде пендеміз ғой, өміріміздің ақыры қалай болары Бір АЛЛАға аян. 5 күндік қу дүниенің соңында жүріп біреулердің көңіліне қаяу, жүрегіне салмақ салғанымызды білмей қаламыз. Сондықтан, бұл өкінішіңізді балаларыңызға да айта отырыңыз. Бұл жазғаныңыз қазіргі көптеген жастарға сабақ болса деймін.
мұсылман | 19 ақпан 2017 13:03
АЛЛАҺтың разылығы әкенің разылығында.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті