1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 ақпан 2017
Мемлекетiмiздiң туы бейнеленген жүзiк

Өткен демалыста жұмыс бабымен үнемi шетелдерде жүретiн бiр құрдасым қонаққа келiп: “мына жаңа жасатқан сақинам қалай екен?” деп мақтана қолын созды. Арнайы тапсырыспен жасатқан сақинасына қарасам, расымен көздiң жауын алады екен. Сары күмiстен, ұлттық нақышта, мемлекетiмiздiң туын бейнелетiп жасатыпты. Не себептi бұлай жасатқанын сұрағанымда: “Түркия елiнде жиi боламын. Ол жақта адамдар тек өз ұлтының түрлi символдары бейнеленген сырға, сақина және түрлi әшекейлер тағады. Содан мен де мемлекетiмнiң туы бейнеленген жүзiк жасатамын деп шештiм. Ата-бабамның қаны мен терi төгiлген рәмiзiмiз әрдайым жанымда болсын дедiм. Елiмдi, кең байтақ жерiмдi сағынғанда осы жүзiгiме қарап, бiр марқайып қаламын. Басқа ұлттарда бар символ бiзде де бар емес пе?! Неге жасатпасқа деп шештiм. Сұраған адамдарға “Мен – қазақпын, ал бұл менiң мемлекетiмнiң туы” деп мақтана айтып жүремiн” – деп жауап бердi.
Құрдасымның әңгiмесiн тыңдап отырып, шетелде тұрып жатқан азаматтарымыздың бойында елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiгi мен патриоттық сезiмi, сағынышы әлдеқайда жоғары болады екен деген ойға келдiм. Олардың әрдайым елiм, жерiм деп тұратынын байқадым. Кей кездерi ашу мен ызаға булығып, “ана мемлекет былай екен, мына жақта былай екен” деп өз ұлтымызды түкке тұрғысыз деп сынап жатамыз. Бiрақ қанша жамандасақ та әркiмге өз Отаны қымбат болады екен ғой...

Қымбат КЕРЕЙБАЙ,
Астана қаласы.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті