1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 ақпан 2017
Аудан әкiмiнiң қазақ тiлiне қылдай қиянаты жоқ

Құрметтi редакция! Менiң “Тағы да 95 жыл күтемiз бе?” деген мақалам “Жас Алаш” газетiне жарияланды (9 ақпан, 2017 жыл). Бiрақ менiң мақаламда аты аталған Рәмiл және Равил деген адамдарды бiр адам деп ойлап, техникалық қатеге жол берiп алыпсыздар. Рәмiл Нығметжанұлы Сағындықов – Көкпектi ауданының әкiмi, ал Равил – зейнеткер. Мен бұл зейнеткердiң аты-жөнiн толық (Равил Галиев) келтiрмеп едiм. Содан қазақ тiлiне қатысты сөздi Равил Галиев емес, аудан әкiмi айтқан сияқтанып қалыпты. Әкiм Рәмiл Сағындықов жарыссөзге шыққан жоқ, тек баяндама жасады. Жарыссөзге шыққан – Равил Галиев. Мен барынша қысқа жазуға тырысып, оның тегiн де жазбап едiм. Аттары ұйқас, әрi ұқсас болған соң екеуiн бiр адам деп ойлаған болуларыңыз керек. “Мен орыс мектебiнде оқыдым, қалайша бiрден қазақша сөйлеп кетем, қазақ тiлiне бiрте-бiрте көшу керек”, – деп күлбiлтелеген де осы Равил Галиев.
Ал әкiм Рәмiл – менiң баламнан да кiшi, қыз мiнездi аяулы азамат. Өз басымды қатты сыйлайды, ақыл-кеңес сұрап отырады. Қай уақытта қабылдауына кiрсем де, маған деген есiгi айқара ашық, құшақ жайып қарсы алады. Қазақ тiлiне қылдай қиянаты жоқ, ешуақытта оған қарсы шығып көрген жоқ. Керiсiнше, ауданда қазақ тiлiнiң қанат жаюына құлшыныс танытады. Келгенiне екi жыл болса да жұмысқа төселiп қалды. Жиналыс бiткен соң идеология жөнiндегi орынбасары Қалдыбаев Ерланға қазақ тiлi жөнiнде қосымша нұсқау, тапсырма берiптi. Онан соң Ерлан менi шақырып алып, ақыл-кеңес сұрап, аудан бойынша қазақ тiлi жөнiнде үлкен жиын өткiзуге байланысты iс-шараларымен таныстырды. Оны қалай өткiзу жөнiнде көмек сұрады. Осыларды ескере келiп, газетке түзету берулерiңiздi өтiнемiн.

Ратбек АРЫНҰЛЫ,
зейнеткер,
Көкпектi ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті