1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 ақпан 2017
КЕЙКI БАТЫР

Тұтас елдi жiкке бөлiп айырды,
Мұзбалақты топшысынан қайырды.
Қызыл жынның қитұрқысын түсiнген
Секемденiп, семсер алған байырғы.

Кейкi батыр кемеңгер ғой, келiстi,
Қанға бөгiп қабарғанда жер үстi.
Бердеңкесiн қолға алғанда бекiнiп,
Қан майданда берген емес жеңiстi.

Құралайды көзге атқан қол мерген,
Қарақшы емес тiмiскiлеп, жол кезген,
Оққа қимай мұсылманның баласын,
Аңыз қалған батыр жайлы сол кезден.

Көздегенде шолтаң еткен бас бармақ,
Жанарынан ұшқын аққан жас парлап.
Қой боғындай қорғасынға қимаған,
Ағайынға басу айтқан астарлап.

Көздегенiн көз ұшынан түсiрген
Болашақты болжай алған, түсiнген,
Қара жерде қайран тәнi кәлләсiз,
Көрiнедi көсем болар пiшiнмен.

Басын кесiп, өшiн алған өшпендi
Талай мәрте таққан шығар төс белгi
Батырлардың басын сыйға тартқанмен,
Қазақ деген қайсар ел бар көшпендi!

Алып туар анаң барда жатырлы,
Шайқағанмен шаңырақты, шатырды,
Әлiмсақтан әлi талай туады,
Кене мен Кейкi сынды батырды!
 

Өмiрбай ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті