1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15447) 19 қараша, бейсенбі 2009
оқырман хаттарын екшейтін Салима ЫСҚАҚОВА
19 қараша 2009
Жазығым не?

ҚР Дiни басқармасының бас мүфтиi Әбсаттар қажы Дербiсәлi мырзаның назарына!

Алла тiлегiн бергiр, бiздiң Тас­төбе ауылының перзентi, елiмiзге белгiлi кәсiпкер Арқабек Қырықбаев туған ауылына 2007 жылы үлкен мешiт салып бердi. Сөйтiп, дауыс беру нәтижесiнде көпшiлiк жиынға қатысқан 128 адамның 90 пайызы менi жақтап, 4 үмiткердiң iшiнен топ жарып, мешiтке имам болып сайландым. Кейiннен аудан мешiтiнде арнайы сынақтан да сүрiнбей өттiм. Бiрақ, сол кезде ауылдың кейбiр ақсақалдары «ауылдағы жалғыз қожаға мешiттi билетiп қоймаймыз» деп наразылық бiлдiрген-дi. Менiң атам ауылдың сыйлы қария­сы болған, кезiнде имам да болды. Мен де дiн жолын қуып, медресе бiтiрiп, бiрқатар ауылдарда имамдық еткенмiн. 2009 жылдың қыркүйек айында мешiтке Арқабек Қырықбаевтың өзi келiп, намазхандардың басын қосып, мешiттiң iшi-сыртындағы кейбiр кемiстiктердi ретке келтiрудi тапсырды. Мешiт имамы болған соң аудан имамы Ғ.Әмiрбековтiң осы мешiтке 30-40 әйел баласын оқуға әкелiп, оны жатын орынға айналдыр­ғанын, ол әйелдердiң тәртiбi туралы айтып едiм, осы әңгiме өзiме бәле болып жабысты. Сол күннен бастап аудан имамы соңыма түсiп алды. Қысқасы, 23 қыркүйек күнi жұма намаздан кейiн менi жұмыстан босатты. Сөйтiп, орныма Нұржан деген жiгiттi сайлады. Ол Тастөбеден 10 шақырым қашықтықтағы ауылда тұрады. Нұржанның күн сайын қалай мешiтте бес уақыт намаз оқитыны түсiнiксiз. Соны түсiнген болуы керек, қазан айының басында Азамат Байқожаев дегендi имам сайлады. Мешiттегi намазхандар менi не үшiн босатқанын сұрап едi, найб-имам жарытып жауап бере алмады. Одан қазан айының ортасында аудан имамы Ғ.Әмiрбековтiң өзi ауылға келiп, менi көлiгiмен үйден алдырып, қайтадан орныма сайлап, «сенен қате кетсе, мен кешiрейiн, менен қате кетсе, сен кешiр» деп қол алысып тарқастық. Сонымен, өз мiндетiмдi атқарып жүрген сияқты едiм...
Бiр күнi облыстың найб-имамы мен аудан имамы қайтадан ауылға келiп, жамағаттың арасына жiк салып, арыз жазып жүрген 4 ақсақал­ға барып, қайтадан менi қаралауға көштi. «Менiң не кiнәм бар?» – десем, «Арқабек Қырықбаев сенi босат, құртыңдар» деп айтты», – дейдi. Ал   мен олардың сөзiне сенбеймiн. Қырықбаев ондай сөздi айтпайды. Ол азамат халықтың игiлiгi үшiн мешiт тұрғызып бердi, бiрақ дiн iстерiне араласпайды деп ойлаймын. Сол жолы облыстан келген имам Қ.Төлегенов оңашада «неге арыз жазасың?» деп қорқыт­қаны бар. Сонда менiң жазығым не? Өтiрiк-өсекке барғаным жоқ, ешкiмнен ештеңе алғаным жоқ, тек дiн жолымен жүрдiм. Бұдан артық не керек?
Ғ.Әмiрбеков «тағы бiр айналып келемiз» деп кеткен. Содан берi алаңдаумен келемiн. Не iстеуге болады? Iстiң ақ-қарасын елiмiздiң Дiни басқармасы сараптар деген ойдамын. Ендiгi үмiтiм – соларда...
 
Мұзаффар АБИТОВ,
Тастөбе ауылы,
Жамбыл ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті