1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (15453) 10 желтоқсан, бейсенбі 2009
оқырман хаттарын екшейтін Салима ЫСҚАҚОВА
10 желтоқсан 2009
Есiмнен адаса қойған жоқпын...

Құрметтi президент мырза!

Жасым сексеннен асса да, есiм­нен адаса қойған жоқпын. Мақтанғаным емес, Сiз 1993 жылы Қызылордаға сәуiр айында келгенiңiзде, тұрғындар өтiнiшi бойынша сiзге бата берген қариямын. Қазақта «Алтын алма, алғыс ал» деген қасиеттi сөз бар. Бұны кiм болса да бiлгенi жақсы. «Құр аяққа бата жүр­мейдi» деген де сөз бар, бұны да бiлсе артық емес.
Осы бiзде мемлекеттiк салада қызмет ететiндер әрi мемлекеттiк қызмет, әрi бизнеспен шұғылданып, қайсыбiреулерi кафе, мейрамхана ашып, дүкен ұстап, оларды жақындарының аттарына жаздырып, ештеңе бiлмегендей сайрандап жүр. Бұл қызмет бабын пайдалану емес пе? Мұндай жағдай республика дең­гейiн­де кең таралған.
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! 16 миллиондай тұрғыны бар қазақстандағы мекемелерде 105-110 мыңдай iрiлi-уақты шенеунiк жұмыс iстейдi екен. Бұлар – бюджет қаражатымен жұ­мыс iстейтiн тұлғалар. Әр­қайсы­сында 65-70 миллиондай тұрғыны бар Англияда,Францияда, Жапонияда орта есеппен 18-20 мыңдай ғана шенеунiк бар кө­рiнедi. Бұған Сiз қалай қарайсыз? Сiздi осындай деректер ойландыра ма?
Биыл Астананың 11 жылдық тойы үш күн қатарынан тойланды. Бұған қанша қаражат кеттi, қанша қонақ шақырылды? Айналып келгенде, мұның бәрi халықтың қаражаты емес пе? Осы шаралардың қажетi қанша деп ойлаймын кейде.
Шайхислам СЕРIКБАЙҰЛЫ,
Қызылорда қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Сыр қазағы | 10 желтоқсан 2009 18:01
Құрметті Шәке! Бұл шенуініктер Президенттің шашпауын көтеру, қарапайым халықтан билікті қорғау үшін тірлік етіп жатыр. Басқа еш себебі жоқ. Астана да Президентіміздің көңіл-күйін көтеру үшін салынған. Той көңіл көтеру, мақтан үшін жасалады емес пе?
айна | 10 желтоқсан 2009 22:44
Айналып келгенде, президентіміз өзінің туылған күнін халықаралық мейрамға айналдырды емес пе, халайық?
Ініңіз | 12 желтоқсан 2009 13:29
Құрметті Шәке! НӘН-нің "Ел бірлігі" доктринасын қалай қабылдап жатырсыз?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті