1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 қыркүйек 2016
Ауадан ақша жасау тәсiлi
Жуырда Қызылорда облысындағы “Ақ шуақ” шипажайында демалып, ем алып қайттым. Шипажай расымен демалушыларға барлық жағдайды жасапты. Десек те, көңiлге қаяу түсiрер жағдайлар да жоқ емес. Бiр топ демалушылар болып жексенбi күнi “Укаша ата” басына тағзым етiп, бабаның басындағы бұлақтан су iшейiк дедiк. Шипажай арнайы автобус бөлiп, адам басынан 2500 теңге алып жеткiзiп тастады. Бұлақтың басында жас жiгiт отыр екен.
1 қыркүйек 2016
Археология жетiстiктерi қашанғы аяқасты болады?
Бiз, жалпы, тарихқа өте немқұрайды қараймыз. Кез келген нәрсеге “болса – болар, болмаса – қояр...” деген көзқарас басым. Қарап тұрсаң, көненiң көзiндей мағыналы мұралар жерiмiзде жетiп артылады. Бiрақ солардың қадiрiн ең әуелi өзiмiз бiлiп, сонымен бiрге өзгелерге де ұқтыра алып жатқанымыз шамалы. Айтсақ, “Алтын адамды”, “Берел” қорғандарын айтамыз, соларды ғана бiлемiз.
1 қыркүйек 2016
Отандық тартымды телехикаялар қажет
Көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие, ықпалдылық әлеуетi зор телесериал жанрын неге идеология тұрғысында пайдаланбасқа? Қазақы көрермен қашанғы шетелдiк телехикая кейiпкерлерi үшiн күйiп-пiсiп, бөгде мәдениеттiң жырымен жұбанады? Мысалға айтатын болсақ, кейiнгi уақытта отандық телеарналар эфирiн толықтай жаулаған сол телехикаяларға санасын сарғайтқаны соншалық,
1 қыркүйек 2016
Сiз бiлесiз бе?
БАС СУЫҚТА ТОҢБАЙДЫ
Түнде ашылып қалып мұздасақ, көрпенi иегiмiзге дейiн тартып жамылып аламыз. Бiрақ басымыз тоңбайды. Мамандардың айтуынша, денсаулығында кi­нәрат жоқ адамның ұйықтағанда басының мұздамауы қалыпты нәрсе екен. Басты күндiз-түнi қымтап ұстауды дәрiгерлер жөн санамайды. Себебi ондай жағдайда бастың терiсi мен шаш демалмай қалады. Бiрақ әр адамның денсаулық жағдайы, бiтiм-болмысы, ұстанымы әртүрлi болып келедi.
1 қыркүйек 2016
Ауыл мәдениетiн көтеру - парыз
Ауыл – қашаннан-ақ қазақтың алтын бесiгi. Ауылдың жағдайын түзеу деген – ең алдымен, қазақтың жағдайын түзеу, ауыл мәдениетiн көтеру – күллi қазақтың мәдениетiн көтеру деген сөз. Әрине, тоқсаныншы жылдардың басындағы өтпелi кезең­дегiдей емес, ауылдың жағдайы бүгiнде айтарлықтай түзелдi. Ел еңбекке бет бұрып, тұралаған шаруашылықтардың түтiнi қайтадан түзу шығуға айналды. Мәдени тұрғыдан алғанда да оңды өзгерiстер жоқ
25 тамыз 2016
Боямасыз өмiр
Зейнетке шыққан соң, бiр себептермен Астанаға көшуге туралы келдi. Жас кезiмде солтүстiк өңiрде жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн жолдамамен барып, қазiргi бас қалада бiрнеше жыл қызмет еткенiм бар. Жазы аз, салқын мезгiлi ұзақ болса да, сол жақ маған қашанда ыстық тартып тұрады. Кейде жастық шағым еске түскенде жүрек шiркiн шымырлап, сағынамын да.
25 тамыз 2016
Ең болмаса ескерткiштерге мән берейiк те

Осы мақаланы жазуыма мына жағдай түрткi болды. Былтыр Астана қаласында өткен бiр жиынға қатыстым. Жиында әртүрлi тақырыпта сөз қозғалды. Сонда бiр азамат Қазақстан қалаларындағы ескерткiштер туралы айта келiп: “Арқалық қаласындағы мұражай алдында тұрған Ленин ескерткiшiн ұрлап кетпесiн деп, жанына Кейкi батырдың ескерткiшiн орналастырыпты.

25 тамыз 2016

Таяуда “Общественная позиция” (23 маусым 2016 жыл) газетiнен жазушы Дулат Исабековтiң “Қазаққа қарсы астыртын саясат бар сияқты...” деген мақаласын оқып, төбе шашым тiк тұрды. Осы мақалада жазушы: “Мектеп қабырғасында оқып жүрген 10 жасар қыздарға укол салуды бастапты. Бiлетiн мамаңдардың айтуына қарағанда, “манту” деген желеумен салынатын – болашақта бала көтере алмайтын, қыз

25 тамыз 2016
Жердi алудан гөрi, құжатын реттеу қиын

Маңғыстау өңiрi, Сығынды ауылы, Саура жерiнде туып-өскен қазақпын. Құрық (Ералиев) кентiнiң №1 автоцехында 30 жыл еңбек етiп, зейнетке шықтым. Маңғыстау мен үшiн өте ыстық. Бiрақ Түпқараған ауданы жер­гiлiктi әкiмдiгiнiң жұмысын көрiп, iшiм ашиды. Себебi қара халық маңдай терiн төгiп жүрiп әрең алған жерiнiң құжатын реттеу үшiн 5-6 күн жүгiредi.

25 тамыз 2016
Биыл Өзбекстан Республикасы, Бұхара облысы, Соркөл ауылындағы №3 Абай атындағы орта мектептiң негiзi қаланғанына 80 жыл толыпты. Бiздiң осы мектептi бiтiргенiмiзге де 50 жыл болып қалыпты. Қазақстан егемендiк алғаннан кейiн, 1992 жылдан бастап Соркөл ауылының тұрғындары тарихи Отаны Қазақстанға қоныс аудара бастады. Сол сәттен бастап барлығымыз әр жерден орын теуiп, байланысымыз үзiлдi.
25 тамыз 2016
Қиянат қылып, қарғысқа қалма
Адам баласы қиын жағдайға тап болып және оған себепкер болған адамды қарғаса, қабыл болады екен. Оған өз басымнан өткен екi оқиға дәлел бола алады....Бастауыш сыныпта бiзге Қалқаш деген мұғалiм сабақ бердi. Балалық шағы соғыс кезiнде өткеннен кейiн бе, өте қатал едi. Ешкiмдi кешiр­мейтiн. Сабақта жауап бере алмай қалсаң, құлағыңды резеңкеше созатын. Ол аздай, сол оқушыны сабақтан кейiн алып қалып, әбден зәбiр көрсететiн.
25 тамыз 2016

Бұрындары ер балалар асық ойнап, ләңгi тепсе, қыздар қуыршағын құшақтап, дәрiгер немесе апай (мұғалима) болып ойнайтын. Өйткенi бiзде “Смартфон” болған жоқ. Теледидардың өзi де тек санаулы үйде бар едi. Бiздiң балалық шақ сонысымен ерекше, сонысымен тәттi.

25 тамыз 2016
Бiлiмнiң тал бесiгiн шайқалтып алмайық
“Үштiлдiлiк” жобасы ұсынылғаннан бастап “бұл қалай болады?”, “бiздiң бiлiм саламыз қандай бағыт алғалы тұр?” деген ой маза бермедi. Бiлiм беру мен тәрбие саласында өз орындары бар аудан ақсақалдары, кешегi-бүгiнгi мұғалiмдермен пiкiрлесiп, республикалық, облыстық басылымдарды оқып, әбiгерге түс­тiм.Мектептегi бiлiм сапасын көтеру көптен күн тәртiбiнде бол­ғаны рас.
18 тамыз 2016
“Жас Алаш” газетiнiң №58 санында (21 шiлде, 2016 жыл) Батыс Қазақстан облысы, Тасқала кентiнiң тұрғыны Қайреден Жұмашевтiң “Менен неге қашады?” атты мақаласы жарық көрдi. Шағын мақала түгел маған бағытталғандықтан, ендi жауап қайтаруға бекiндiм.
18 тамыз 2016
Өзiне жасалатын отаға төле­нетiн ақша құнын естiген сырқат: – Ойбай-ау, бұл деген нағыз тонау ғой! Бұған келiскенше өле салғаным артық шығар! – деп шырқырайды. Сонда дәрiгер сабырлы қалыппен: – Мұныңыз тым артық. Сiз зират аумағының сатылып кетуiне орай қазiр жерлеу құнының қанша есеге шарықтап өскенiн бiлмегендiктен ғана өлуге асығып отырған сияқтысыз. Ойланыңыз! – деп жұбату айтыпты.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»