1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 тамыз 2016
Мектеп жақсаруы үшiн мұғалiм жақсаруы тиiс

Еңбек өтiлi 25 жылға қалай толды, солай зейнеткерлiк демалысқа шығатын әскерилер мен кейбiр сала қызметкерлерiнiң атқаратын жұмысы мұғалiмдердiң жұмысынан ауыр деп айта алмас едiм. Өзгелердiң де айта алмайтынына кәмiл сенемiн. Рас, ел iшiнде мұғалiмдер туралы жақсы да, жаман да пiкiрлер айтылып келедi. Әсiресе, мұғалiмдердiң жер қазып, тас көтермей-ақ елдiң, еңбеккерлердiң тапқан

18 тамыз 2016
Сағадиевтi халықаралық сотқа беру керек
Бiр тақырыпқа екi хат
Әне-мiне дегенше 1 қыркүйек те келiп қалды. 1 қыркүйектен бастап бiздiң бүлдiршiн­дерiмiз үш тiлде оқуға кiрiседi. Рас, жаратылыстану пәндерiн (математиканы, физиканы және т.б) ағылшын тiлiнде оқытуды 2019 жылға шегерiптi. Үштiлдiлiктiң ешқандай елдiң тарихында да, тәжiрибесiнде де кездеспейтiнiн айтып, Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиевтiң қазақ ұлтына, қазақ ұлтының болашағына зор қастандық жасап отырғанын айтып, оны халықаралық сотқа беру керек.
11 тамыз 2016
Келерде емес, кетерде есеп бер!
Депутат – халықтың аманатын арқалаған адам. Рас қой? Рас. Ендi осы мәселе жөнiнде бiр ауыз пiкiр бiл­дiрсем деймiн. Депутаттардың халыққа сайлау алдындағы бағдарламаларын тықпалап, баршамызды мезi ететiнi де белгiлi. Бiрақ, ол депутат болып сайланып алғаннан кейiн-ақ бұл уәделерiн бiр күнде ұмытады да кетедi. Берген уәделерiнiң барлығы берген жерiнде қалады. Тiптi орындағанның өзiнде оны керiсiнше, терiс орындайды...
11 тамыз 2016
Қанауға да, тонауға да әбден тойып болдық

Қарап отырсаңыз, қарапайым халықтың тоналмайтын күнi жоқ. Несие алсаңыз, пайыз төлеткiзiп тонайды. Сауда жасасаңыз, қосымша құн салығы деп тағы тонайды. Еңбегiмiздiң ақысын аларда қайдағы-жайдағы белгiсiз салықтарды ұстап қанайды (Еңбекақымыздың он пайызын “зейнетақы қорыңызға” деп ұстағанда, кейiн өзiмiз аламыз ғой деп мәз болатынбыз, ендi сол зейнетақының өзiн тонаудың

11 тамыз 2016
Мұхтар Мағауиннiң “Жас Алаштағы” тiл тазалығы жө­нiндегi мақаласын (“Туылған” мен “өлiнген”) сүйсiне оқы­дым. Жарайсың , Мұхтар! Мұхтар Мағауин айтқандай, шанында да, бiз қазiр тiл тазалығына мән берудi қойдық. Бiр ғана мысал. “Айқын” газетi “100 бас”, “10 бас мал” деп жазады (4 мамыр, 2016 жыл). Бұл – орыстың “100 голов”, “10 голов” деген­дерiнiң тiкелей
11 тамыз 2016
Тележурналистика тым арзандап кеттi

Бала күнiмде шашымды тарап, айнаға қарап, қолыма тарағымды микрофон ретiнде ұстап, өзiмше қысқаша ауа райын “хабарлаушы” едiм. Келе, келе Рәбиға Аманжоловаға елiктеп, соның даусына салып сөйлей­тiнмiн. Бiрақ, өсе келе тележурналист болу менiң қолым емес екенiн айқын түсiндiм. Бiрақ, газетшi-журналист болуды еш ойымнан шығарған емеспiн.

11 тамыз 2016

“Жас Алаш” газетiнiң №44 санында (2 маусым, 2016 жыл) “Софиевка” болып сорлап тұр” деген мақала жарық көрдi. Мақалада Астананың iргесiндегi “Софиевка” ауылының атын өзгерту туралы ұсыныс айтыл­ған. Айтары жоқ, өте орынды ұсыныс. Мiне, содан берi ауыл тұр­ғындары бiрауыздан келiсiп, жұмыла кiрiсiп, ауыл әкiмiне хат жазып, ауылдың атын қазақы атқа ауыстыру үшiн еңбектенiп келедi.

11 тамыз 2016
Ауылды қайта жандандыру қажет

Атамекен ауылымыз – бабалардан кейiнгi ұрпаққа қалған аманат, мұра. Ұлтымыздың салт-дәстүрi мен өнерi, мәдениетi сақталған құнды қазына. Осы бiр қазынамыз бүгiнгi таңда тозып, тоз-тоз болып тұр. Тозығына жеткiзген де өзiмiз. Маңдайымызға берген бес елi бағымыз – жерiмiздi ұқыпты пайдалана алмай отырмыз.

11 тамыз 2016
Бұлар бiздi өрге сүйремейдi, көрге сүйрейдi

Отарланған ел тәуелсiз­дiкке қол жеткiзгеннен кейiн ең алдымен отарсыздану мә­селесiн қолға алуы керек. Бұл – әлемнiң үлкен ғалымдары айтып, жазып, дәлелдеп кеткен мәселе. “Бәрiн қолға алмасаң да, отарсыздану мәселе­лесiне ерекше көңiл бөл!” дейдi олар. Демек, бiз де осы отарсыздану мәселесiне айрықша көңiл бөлуiмiз керек едi.

4 тамыз 2016
Қағытпалар
Екi бойжеткен әңгiмелесiп тұр.
–Мен дәл 16 жасымда екiқабат болып едiм. Сен мiне, 18 жасыңда екiқабат болдың. Менен екi жылға қалып қойдың!
–Оның есесiне мен iшiм­дегi сәбидiң әкесi кiм екенiн дәл бiлемiн!
4 тамыз 2016
Кiсiнi өлтiрген кiсi қолынан қаза табады

КСРО-ның кезi. Облыстық телерадио комитетiнiң бас редакторы едiм. Бiр күнi комитет төрағасы Виктор Роговой екеумiздi облыстық партия комитетiнiң насихат және үгiт бөлiмiнiң меңгеру­шiсi Валентин Болтенко шақырды. Облпарткомдағы тi­келей басшымыз КСРО мем­лекеттiк телерадиосының шетелдерге хабар тарататын бас редакциясының редакторы Владислав Листьев деген журналистiң Шымкентке ертеңдерi келiп қалатынын, оны күтiп алып, қаладағы iргелi кәсiпорындардан

4 тамыз 2016
Қазақстан қашан қазақша сөйлейдi?
Бүгiнде Қазақстанда 17 миллионннан аса халық тұрады. Оның 70 пайызы –қазақтар. Қазақстанда тұрып, жергiлiктi халықтың тiлiн үйренген, өлеңiн айтып, биiн билеген қаншама орыс, кәрiс, украин, немiс және т.б. ұлт өкiлдерi бар. Бiрақ өз елiнде, өз жерiнде жүрiп әлi күнге бiр ауыз қазақша бiлмейтiн және бiлуге ұмтылмайтын қазақтар да жетерлiк. “Тәуелсiздiк алғанымызға ширек ғасыр болды”,
4 тамыз 2016
Төңкерiстiң бетiн аулақ қылсын

“Жас Алаш” газетiнiң №56 (14.07.2016 жыл) санындағы “Қазақтың қасiретi де мейрамға айналмағай” атты Мырзан Кенжебайдың мақаласын оқып, мынандай ой келдi.

4 тамыз 2016
Алтын қанат балапаным, Арайлым,
Мен жүзiңе мейiрлене қараймын.
Озып келдiң бiлiм деген бәйгеде,
Жеңiсiңдi бақытыңа балаймын.
 
21 шілде 2016
Демалыс үйіне әйелімен барғандарды «самаурынымен келіпті» дейтін бір сөз бар екен. Бір жігіт демалысқа кететін болып жолдас-жорасының басын қосады. Қызыңқырап қалған қонақтың бірі: – Самау­рының­мен барасың ба, жалғыз барасың ба? – деп қайта-қайта сұрап қоймапты. Сонда белгілі айтыс ақыны Қонысбай Әбіл:
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21»