1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
2 ақпан 2017

Қазiргi бiлiм саласындағы үштiлдiлiк мәселесiнiң зардабын және жастардың орыстiлдi болып бара жатқанын көрiп, студенттiк кездегi бiр оқиға есiме түсiп отыр. Алматыға алғаш келген кезiм. Студенттiк кез, қызықты шақтар, жаңа достар, жаңа орта. Iнiм екеумiз пәтер жалдап тұратынбыз. Бiр демалыста үй маңайындағы шаштаразға бардық. Бiздiң алдымызда жасы қырықтарды еңсерген, түр-тұлғасы келiскен қазақ жiгiтi бес немесе алтыншы сыныпта оқитын баласының шашын алдыруға келiптi. Қаланың адамы екенi көрiнiп тұрды. Амандық-саулық сұрасқаннан кейiн,

2 ақпан 2017

Қолым қалт ете қалғанда теледидардан гөрi радио тыңдағанды ұнатамын. Радиодан жаңалықтарды ғана естiп қоймай, түрлi танымдық бағдарламаларды тыңдап, қазақтың сонау замандағы тарихы мен салт-дәстүрi жайлы керектi мағлұматтарды бiлесiң. Бiрақ кейiнгi кездерi «Шалқар» радиосына көңiлiмнiң толмайтынын ашық айтқым келедi. «Шалқар» радиосынан берiлiп жүрген

2 ақпан 2017

Елiмiздегi орта мектептердiң 1-сыныбына биыл үштiлдiлiктiң енгiзiлгенi де мәлiм. Ал ендi нәтиже қалай десеңiзшi? Нәтиже – нөл. “Нөл” деп ұялғаннан айтып тұрмын, шындығында бұдан да төмен. Қып-қызыл шатасу... Бiр ғана мысал келтiрейiн. Ағылшын тiлiнде “п” деген әрiп бар. Бұл әрiп

2 ақпан 2017
«Казачьи ведомости» және оның терiс насихаты

Орал қаласындағы барлық жанар-жағармай бекеттерiндегi шағын маркеттерде “Казачьи ведомости” газетi үйiлiп жатады. Тегiн жатқан газеттi жолай келген көлiктердiң барлығы бiр-бiр данадан қолдарына қыстыра кетедi. “За веру, за мир и согласие в Отечестве” деген ұраны бар, эмблемасында атпен шауып бара жатқан казак атаманының бейнесi бейнеленген бұл газеттiң шығарушысы – “Уральско-Яикское казачество” қоғамдық бiрлестiгi. Таралымы – 1000 дана. Орал қаласындағы “Полиграфсервис” ЖШС-да басылып шығатын бұл газеттiң редакторы

26 қаңтар 2017

АҚШ-тың жаңа президентi Дональд Трамп былай дедi: “Бiз ондаған жыл бойы шетел өнеркәсiбiне ақша, қаржылай көмек берiп келдiк. БIз өзiмiздiң емес, өзге елдердiң шекарасын қорғадық. АҚШ-тың экономикасы құлдырап жатқан кезде де бiз өзгелерге көмектесумен болдық. Мұны ендi доғаратын кез жеттi. Бүгiннен бастап бәрiнен бұрын АҚШ-тың мүддесi бiрiншi орынға қойылады”. Д.Трамптың сөзi тура бiзге арналып айтылғандай екен. Бiздiң Қазақстанның билiгi де

26 қаңтар 2017

“Жас Алаш” газетi – бүгiнгi таңда қоғамдағы кемшiлiктi ашық айта отырып, қара халықтың қамын ойлап, елдi дұрыс бағыттап отырған бiрден-бiр газет. “Бiрден-бiр” дейтiнiм, ұлттың сөзiн сөйлеп, қамын жейтiн, керек кезiнде араша түсетiн мемлекетшiл, халықшыл газеттер бар ма? Әрине, бiрдi-екiлi ғана. Сол сиректiң бiрi – бiздiң “Жас Алаш”.
Кейде мен өзiмнiң ойлаған ойымның “Жас Алашқа” жарияланғанын көрiп, қатты қуанамын. Әрине, бiз айтайын

26 қаңтар 2017

Мен жаңадан көшiп келген ауылдың шетiнде Қарғабай ақсақал тұрады. Бiрде:
– Бiр жерге құлап қалғансыз ба? Көзiңiздi көгертiп алыпсыз ғой, – дедiм қарсы кезiгiп қалған ақсақалға.
– Еш жерге де құлаған жоқпын. Бұл “қолтаңбаны” маған балам салып бердi. Жазылғаны ғой. Кеше көзiм ашылмай қалған...
– Сонда не?.. Сiздi балаңыз ұра ма? – дедiм таңғалып.
– Ұрмақ түгiлi, өлтiрiп қоюдан тайынбайды. Ол менi астына басып ұрып жатқанда ешкiм де батылы жетiп ажырата алмайды. Тiптi, кемпiрiм де баласына қой деп айтпайды. Бiлмеймiн, өмiрiмнiң соңы не

26 қаңтар 2017
Әйел – отбасының алтын дiңгегi

Шаңырақты шаттыққа бөлеу, үйдiң жылулығы мен дастарқанның берекесiн келтiру, туыс-туғандардардың арасындағы ынтымақтастықты сақтау, балаға дұрыс тәрбие беру – әйел адамның ақылдылығы мен сабырлылығына байланысты ғой. Ынтымақ, бiрлiк қайда болса, бақ сонда қонады. Кезiнде апаларымыз “Ер азаматтың алтын басын қорлама, төрден есiкке сүйреме. Балаларыңа ең алдымен әкелерiн құрметтеудi үйрет” деп кеңестерiн айтып

26 қаңтар 2017
“БАЛҚАДИША” әнiн қашанғы бұрмалап айта бермекпiз?

Бiраз күн бұрын “Жiгiттер” квартетiнiң 10 жылдық мерейтойына арналған концертiн теледидардан берiп жатқанын байқап, әндерiне құлақ салдым. “Жiгiттер” тобы Ақан серiнiң “Балқадиша” әнiн өткен ғасырдың 30-жылдарындағы насихат құралына айналдырып, әйел теңсiздiгiн жырлаған Мақсұтбек Майшекин арнайы кiргiзген
“Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуiң сексен бесте, шал, Қадиша”, – деп айтылған нұсқасымен орындады. Осы бiр нұсқаның әлi күнге өзгермей, бояуын жоғалтпай шырқалып келе жатқанына

19 қаңтар 2017

“Жас алаш” газетiнде (7 желтоқсан, 2016 жыл) жарияланған “Мұғалiм – қолбала, ақша жинаушы, көше сыпырушы емес!” деген үндеумен мен де таныстым. Мұғалiмнiң беделiн, абыройын көтеруге бағытталған, Қазақстан мұғалiмдерiнiң атынан жазылған бұл үндеуге толықтай қосыламын. Өзiм зейнеткер ұстаз болғандықтан, бұрын да, қазiр де көптеген мектептердiң басшылары мұғалiмдердi таңнан қара кешке дейiн мектепте жүруге мәжбүрлейтiнiн бiлемiн. Бiрде, осы жайында өзiм iстеген мектеп әкiмшiлiгiне барып: “Мұғалiмдердiң сабақтарын неге

19 қаңтар 2017
Депутаттың пiкiрiн тыңдағаннан кейiн Үйде өлу арман ғой, үйiң болса...

Ел ағасы, заң шықты биыл қанша,
Үндемес ек сол заңнан түйiн болса.
“Жұрт айтқандай iстеймiз” дейсiздер ғой,
Депутаттық бұл мандат бұйырғанша.

Қайттiк ендi “тiркелу” қиын болса,
Күтемiз бе басқа қан құйылғанша?
Сол бiр заңның жөн едi шықпағаны,
Бiр қазақтың тағдыры қиылғанша...
 

19 қаңтар 2017

Ұялы телефоныма “сообщение” келiп түстi. Танысым Таңсықбай қарызын сұрапты. Қайтейiн, қора-қопсымды саттым, он сотық жерiмдi саттым, бәрiбiр қарызыма жетпедi. Үш тоқал, бiр бәйбiшемнiң бар екенi де рас. Ендi сол үш тоқалымның бiрiн сатпасам болмас. “Жылжитын мүлiк” ретiнде...
Бiрақ шешесiн сатқанға ер жетiп, есi кiрiп қалған балаларым көне ме? Не де болса, тәуекел!
– Әй, Әйдiк!
– Не, көке?
– Жағдай жар басында. Сенiң шешеңдi сатпасам, Таңсықбайдың қарызынан құтылар түрiм жоқ.
– Сонда қалай, бiржолата сатпақсыз ба?
 

19 қаңтар 2017

Өзiм үзбей оқитын “Жас Алаш” газетiнен (24 қараша, 2016 жыл) “Қазығұрттық Комсомол” атты мақаланы оқып, өзiмiздiң Жыландыдағы “Комсомол” ойыма келдi. Иә, сенсеңiздер де, сенбесеңiздер де, шындық солай. Бiр облыста бақандай екi “Комсомол” бар. Әй, әттеген-ай! Тәуелсiз ел болғанымызға 25 жылдың жүзi болса да, осындай олқылықтардың барына өкiнемiн. Баяғы келмеске кеткен кеңестiк дәуiр мен коммунистiк кезеңнен қалған ескi атаулардың бүгiнге дейiн мұрты бұзылмастан сақталып тұруының бiрден-бiр

19 қаңтар 2017

Соңғы жылдары аудан, қала әкiмдерi ел президентiнiң жарлығына сәйкес тұрғындар алдында есеп берiп жүргенi баршамызға аян. Есеп берсiн, оған халықтың еш қарсылығы жоқ. Дегенмен, дайындаған баяндамаларын шындыққа жанастырып жазса қайтедi?! Осы уақытқа дейiн әкiмдердiң есеп берулерiнiң бiрде-бiреуiн жiбермей, барлығына қатысып келдiм (Әр аудан, облыс, қаланың әкiмдерiнiң есеп беруiне қатыстым). Шындығын айту керек,

19 қаңтар 2017

Шындығында осы жергiлiктi мәслихат депутаттары халық сенiмiн ақтап жүр ме? Әй,қайдам... Керiсiнше “соңғы сайланған депутаттар құрамы дұрыс таңдалмаған” деген әңгiмелер ел аузында жиiрек айтылып жүрген сияқты. Бүгiнге дейiн мәслихаттың талай сессияларына қатысқанмын. Ақиқатын айтсақ, бұрынғы депутаттар қазiргi депутаттарға қарағанда белсендiрек болатын. Талқыланып жатқан мәселеге қатысты өз ойларын ашық әрi

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»