1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (16229)   30 мамыр, сейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 қаңтар 2017

“Жас Алаш” газетiндегi “Бояушы, бояушы дегенге...” деп аталатын мақаланы (29 желтоқсан, 2016 жыл) оқып шығып, мақала авторы Әсет Әскербекұлының жан қиналысын жан-тәнiмiзбен ұғынғандай болдық. Шынында да, қазiр бiздiң балабақшаларымыз бүкiл Қазақстан бойынша түгелдей орыс тiлiне көштi десек те болады. Қалай қиналмайсың бұған?...
“Мырғалымсайқорғасынқұрылыс” тресiнiң балабақшалары осыдан

19 қаңтар 2017
Алтайымыздың қадiрiн шетелдiктер бiзден артық бiледi

“Алтай, Алтай болғалы не көрмеген,
Кiмдер туып, Алтайда кiм өлмеген?!
Қытай, дүңген бауырында ойнақ салып,
Сорлы Алтайдың емшегiн кiм ембеген?!”, – деп, Бұқара Тышқанбаев ағамыз жырлағандай, қасиеттi Алтай сан ғасырлар бойы кiмге пана болмады дейсiз! Тарихқа көз жiберсек, бүгiнгi таңда Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Қытай мемлекеттерi төрт емшегiн таласа емiп отырған қойнауы кенге бай, қолтығы сыңсыған қара орман, жүгiрген аң мен ұшқан құстың базары, етегi егiндi алқап, төрт түлiк малдың мамыражай мекенi Алтай

12 қаңтар 2017

Министрдiң мұнысына амал бар ма?!
Ұсыныпты “тiркеудi” адамдарға.
Сорлы халық топырлап, зәбiр көрiп,
Күнi бойы қамалды мына ЦОН- ға.

Айға қарап отыр ма депутаттар,
Ақын Мұхтар айтқандай, “жепутаттар!”
ЦОН-ға қалай барады тiркелуге,
Зағиптар мен науқастар, кiлең қарттар?

12 қаңтар 2017
Мұны қалай алыпсатарлық демейсiң?!

Кеңестiк кезеңде “алыпсатар” деген ұғым жұрттың зәресiн алушы едi. Қазiр бұл сөз жиi қолданылмаса да, қаптаған дүкендердегi тауар бағалары осы алыпсатарлықты еске түсiрiп жатқандай. Оған мысал ретiнде мына бiр жағдайды айта кетейiн. Жақында бiр супермаркеттен өзiм жақсы көретiн “Жокей Арабика Триумф” деген кофенiң ең кiшкентай ыдыстағысын сатып алдым. Кофенiң бұл түрi Алматы дүкендерiнде сирек болады, бағасы – 590 теңге. Тағы бiрде сүт алмақ болып, “SMALL”

12 қаңтар 2017
Қазiргi қарттардың жастарға үйретерi жоқ сияқты...

Өткен демалыста Алматыда бiрге оқыған курстас досым қайтыс болып, соның қонақасына барып қайттым. Қазақылығы басым, жарқын жүздi азамат болатын, жаны жаннатта болсын. Менiң айтайын дегенiм – досым жайлы емес, досымның қонақасына жиналған шала қазақ ағайындар туралы болмақ. Мен Атырауда, ол Алматыда болғандықтан ара-тұра кездескенiмiз болмаса, тек телефонмен хабарласып тұратынбыз. Сол себептi де қонақасына жиналған көпшiлiктiң көбiсiн тани алмадым. Дастарқан басына отырғызғанда менi ақсақалды аталар мен ақ

12 қаңтар 2017

Былтыр улап-шулап жүрiп Кейкi батырдың бас сүйегiн елiмiзге қайтардық. Батыр бабамыздың елге қайтқан бас сүйегiмен бiрге қазақтың рухы да бiр көтерiлiп қалды. Ендi жақсы iстiң жалғасы ретiнде, көп соза бермей, Кенесары ханның бас сүйегiн де елiмiзге қайтарсақ, үлкен сауап болар едi. Және Кенесары ханның бас сүйегi Астанаға, Кенесары ханның сарбаздары жатқан жерге жерленсе, құба-құп емес пе?! Егер Кенесары ханның бас сүйегiн

12 қаңтар 2017
«Адамның басы – Алланың добы»

Асан мен Зәуре есiмдi көршiлерiмнiң Атыраудан Алматыға қоныс аударғандарына 25 жылдың жүзi болып қалыпты. Алғаш көшiп келген күндерiнен бүгiнге дейiн қайғы мен қуанышқа ортақтасқан көршi болып келемiз. Екеуi нағыз Құдай қосқан жұбайлар деуге болады. Ақкөңiл, кiшiпейiл, жылы жүздi жандар. Асан мен Зәуренiң туған-туыс бауырларын ауылға тастап, Алматыға көшiп келулерiнiң бiрден-бiр себебi – жұрт секiлдi ұрпақ сүю болатын. “Бала көрмесең, қоныс аудар” деген аталы сөздi алға тартып, екеуiнiң Алматыға келген түрлерi ғой. Бұл қадамдары зая кетпей, көршiлерiм көп ұзамай ата-ана атанды. Зәуреш ұл баланы дүниеге алып келдi. Есiмi – Қайнар.
Қайнар көз алдымызда өстi, оқыды, тоқыды. Орта мектептi, содан кейiн Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, жұмысқа орналасты. Күмбiрлетiп күй тартып, әуендi ән салатын

12 қаңтар 2017

Тәуелсiз ел болғанымызға 25 жыл толғанда, қазақ тiлiн сүмiрейтiп, “үштiлдiлiк” деген бәленi ойлап таптық. КСРО-ның кезiнде ұл-қызымыз орысша сөйлесе дедiк. Себебi талап солай болды. Соған мәжбүрледi. Ал бүгiн тәуелсiз ел болып отырсақ та, ана тiлiмiзге лайықты түрде көңiл бөле алмай отырмыз. Менiң ойымша, ағылшын тiлiне әлемдегi көп тiлдердiң бiрi деп қарауымыз керек. Оны асқақтатып, мiндеттi түрде оқисың деудiң қажетi жоқ. Үйренем

12 қаңтар 2017
Қайда кетiп барамыз?

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары баршамыз байлыққа кенелiп қалатындай көрiнген-дi. Ендi қарап отырсам, байлыққа кенелмек түгiлi, барымыздан айырылып қалған тәрiздiмiз. Кезiнде жақсы дамыған мақта шаруашылығын бүгiндерi ұқсата алып отырмыз ба? Жоқ! Мұнайдың үстiнде тұрып, жанар-жағармайды Ресейден сатып аламыз. Кезiнде

12 қаңтар 2017

Бұрын Өзбекстан мен Қазақстан темiржолының шектесер тұсы, яғни шегарасы Шеңгелдi бекетi болатын. Бүгiндерi қазақ темiржолы 55 шақырымға ұзарып, екi ел арасындағы темiржол шегарасы Сарыағаш бекетi болды. Шеңгелдi бекетiнiң Сарыағаш секiлдi iрi бекетпен орын ауыстырғаны – әрине, қуанарлық жағдай. Осындай өзгерiс болған күннен бастап Сарыағаш бекетiне темiржолдың өркендеуiне ерекше үлес қосқан Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың есiмiн беру туралы ұсынып жасап келемiз. Бiрақ әлi күнге дейiн бiздiң ұсынысымызға

12 қаңтар 2017
Ауылдың «көркейiп жатқанын» теледидардан ғана естимiз...

1980 жылдары қорасы да, өрiсi де мыңғырған малға толы болған ауылдық жерлердiң халқы бүгiндерi өлместiң күнiн көрiп отыр. Шындық осы! Теледидардан әр күнi дерлiк айтылатын “ауылдық жерлердiң көркейiп, экономикасы жақсарып келедi” деген пiкiр мүлдем шындыққа жанаспайды. Дәлел ретiнде Қасым ауылын (Қарқаралы ауданы) алып қараңыз. Қазiр ауыл халқының жартысынан көбi байшыкештердiң қол астында жұмыс iстейдi. Ал олар болса, қарапайым халықты ретi келсе, еңбекақысын бермей, қаңғытып жiберуге дайын отыр. Ауылдық жерлерде жұмыс жоқ

5 қаңтар 2017

Жаңа жыл мерекесiнiң алдында Қиястың үйiнiң жанында ылғи қолы бос бес-алты жiгiт жиналып, ерiккеннен қысыр әңгiменi соғып отырғанбыз. Алыстан алқына-жұлқына көршiмiз Мысықбай жанымызға жетiп келдi. Қатты ентiккеннен қара қошқыл өңi өрт сөндiргендей әлем-тапырақ.
– Жiгiттер, менiң қызыл қоразымды көрдiңдер ме? – дедi демiн әрең алып.
– Е, бiз сенiң қызыл қоразыңды бағып отыр ма едiк? Қайдан бiлейiк? – деп, бiз де

5 қаңтар 2017
Жаңа Жыл және Қадiр түнi

Жаңа жыл қарсаңында әдеттегiдей жұмыстан кейiн аялдамада тұрып, анасы мен қызының арасындағы әңгiмеге ерiксiз куә болдым. Жасы 25-30 шамасындағы қазақтың әдемiше келген келiншегi қызына жаңа жыл түнiнiң кереметтiгiн, ол түнi көктегi перизат (фея) жерге түсiп, үйiндегi шыршаның түбiне сыйлық қалдырып кететiнiн әдемiлеп айтып жатыр екен. Кiшкентай қызы анасына қарай мойнын созып, қуанып, күлiмдеп тыңдап тұр. Кiшкентай перiштенiң анасы айтқан ертегiге сенiп, қуанып тұрғаны менiң жанымды құлазытты. “Бәлкiм, анасы

5 қаңтар 2017
Қонақтарды жақсы күткен студенттердiң еңбегi елеусiз қалмайды

Алда болатын қысқы универсиада кезiнде ерiктiлерге үлкен сенiм артылып отыр. Жалпы әлемдiк спорт сайыстарының тәжiрибесiнде “ерiктiлер тобының” жарысқа қаншалықты үлес қосатындығы әлi толық жазылып та, айтылып та жүрген жоқ. Олимпиада, универсиада сияқты халықаралық iс-шаралар кезiнде қаншама шетелдiк қонақтар мен спортшылар бейтаныс елге келедi. Сол қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, баратын жерiне жол сiлтеу – “ерiктiлердiң” басты мiндетi. Универсиада кезiнде де ерiктiлердiң атқаратын жұмыстарының

5 қаңтар 2017

Жұдырықтай жүрегiме шөккен мұң,
Ғұмырымда жақсы, жаманды өткердiм.
Шың, құзы бар арнасында өмiрдiң,
Шұбырынды, шұбар ала топ көрдiм.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»