1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 қазан 2016
Ендi бұлар есалаң болмағанда, кiм есалаң болады?
Егер ұмытпасам, 1988 жылы “Қазақстан әйелдерi” журналына жазушы, журналист Тiлеухан Жұмахановтың “Ұрпағыңның тамырын үсiк шалмасын” деген мақаласы жарық көрдi. Мұны ұмытпауымның бiр себебi, осы мақаланы кезiнде өзiм жұмыс iстейтiн педагогикалық ұжымда талқылаған едiк.
20 қазан 2016
Оның аты-жөнi – Жексенбай Ошанов
Жуырда Ордабасы ауданы, Ықылас Темiр (бұрынғы Бөген ауданы, Бөржар) ауылының тумасы, Шымкент қаласының тұрғыны Ермұхамет Қуандықовпен кездесiп қалдым. Әңгiме арасында Қайрат Рысқұлбеков пен Желтоқсан көтерiлiсiн зерттеп жүргенiмдi бiлгеннен кейiн, Ермұхамбет басынан өткен мына оқиғаны баяндап бердi: “Мен ол кезде ҚазҰУ-дың тарих факультетiнде оқитынмын. Жасым 23-те болатын. 1986 жылғы 16 желтоқсанның кешiнде заң факультетiнде оқитын досыма бардым.
20 қазан 2016
Студент қайтiп күн көрер?!
Қымбатшылық жайлаған заманда зейнеткер, жалғыз басты ана және тағы басқа мұқтаж жандардың жағда­йын айтып шулаймыз. Әрине, өте орынды. Осы ретте мен студенттер жөнiнде пiкiр айтқым келiп отыр. Елiмiздегi жоғарғы оқу орындарында грант иегерлерiне 20-25 мың көлемiнде стипендия төленедi. Қалалық студенттер туралы нақты айта алмаймын, бiрақ шеттен келiп, үйiнен алшақта бiлiм алып жүрген студенттерге 20-25 мың теңге әзер
20 қазан 2016
Оқырман шығармашылығынан
Мастанба сұлулыққа, мастанба, қыз,
Бiз-дағы дәл өзiңдей жас болғанбыз.
Жетiмсiреп қап қойдық айна алдында,
Сұлулық тастай салып қашқанда бiз.
 
20 қазан 2016
Памперстiң кесапаты
АҚШ пен Еуропа елдерiнде озық ойлы дәрiгерлер памперстi қолдануға қарсы “Келiнiңiзге күйеу iздеңiз!” деген акциялар ұйымдастырып, жасанды жаялықтан бас тартуға үндеуде. Бұның мағынасы: “Сiздiң памперс кигiзiп өсiрген ұлыңыз бел­сiз болады, өмiрге ұрпақ әкеле алмайды” дегендi бiлдiре­дi. Се­бебi памперстiң балаға зияны ұшан-теңiз. Памперстiң кеселi­нен нәжiстi өзiне сiңiрiп, химиялық жолмен буландырып жiбере­тiн қоспалар адамды белсiздiк пен бедеулiк ауруына душар етедi.
20 қазан 2016
Дос жылатып айтады
“Мына газет – менiң сырласым”, “Әне бiр газет – ақылшым әрi кеңесшiм”, “Ал мына журнал – менiң мұңдасым” деп жатамыз ғой. Десек те, дәл қазiргi уақытта бiз қандай газет-жур­налдар­ға жазылуымыз керек? Осы жөнiнде бiраз ой бөлiссем деймiн. Қазiргi кезеңдi бiразымыз “өтпелi кезең” деп атап жүрмiз. Менiңше, мұны ұялғаннан солай атап жүрмiз. Әтпесе, қазiргi кезең – нағыз бытысқан, шатысқан кезең. Мемлекеттiң мүддесi, ұлттың мүддесi аяққа тапталып, жеке адамдардың, жекелеген топтардың мүддесi алдыға шыққан кезең.
20 қазан 2016
«Жарқын жаққа жетелеген» банктi көрмедiм...
Қазiр басында несиесi жоқ қарапайым қазақ бар десем, өтiрiк айтқаным емес. Азық-түлiк, күнделiктi керек-жарақтың барлығы қымбаттап, халық өзiн қамтамасыз ету үшiн несиеге ұрынады. Банк­тер де несиенi тегiн беретiндей “Жарқын жаққа жетелейдi”, “Қиыншылықтан құтыл”, “Бiздiң мақсатымыз – сiздiң бақытыңыз” деп жарнамалағанда, жүрегiңдi елжiретiп-ақ жiбередi. Ал несие алғаннан кейiн банктер басқаша сөйлей бастайды. Сөзiм дәлелдi болу үшiн өз басымдағы оқиғаны айтайын.
20 қазан 2016
Қазақ тiлiндегi газет-журналдарды оқып отырамын ғой. Сондағы бiр байқағаным, мемлекеттiк газеттер соңғы кездерi үштiлдiлiктi насихаттай бастады. Насихаттағанда да, кәдiмгiдей насихаттай бастады. Өлiмдi насихаттауға бола ма? Болмайды! Не болмаса, “Қазақ тiлiн жойып жiберу керек!” деп ұрандауға бола ма? Әрине, болмайды! Бiле бiлсек, үштiлдiлiктi насихаттау да – өлiмдi насихаттаумен бiрдей! “Қазақ тiлiн жойып жiберу керек!” деп ұрандаумен бiрдей!
13 қазан 2016
Қашанғы тарыдай шашыла бермекпiз?!
Кейкi батыр Көкембайұлының бас сүйегiн жерлеу туралы жұртшылықтың пiкiрi қазiр екiге жарылып тұр. Қостанай облысының Амангелдi ауданында Кейкi батырдың кесенесi бар. “Батырдың бас сүйегiн осы кесенеге қояйық” дейдi бiр топ. Екiншi топ “Кейкi батырдың бас сүйегiн Астанадағы Ұлттық пантеонға жерлеуiмiз керек” дейдi. Менiң өзiм осы екiншi топты қолдаймын. Ақселеу Сейдiмбектi бiлмей­тiн қазақ жоқ десем, қателесе қоймаспын
13 қазан 2016
Бiздiң ел есiк-терезесi жоқ үй сияқты

Елiмiзге келiп жатқан шетелдiктерде есеп жоқ. Осыған қарап, бiздiң ел есiк- терезесi жоқ үй сияқты деген ойға келемiн. Келiп жатқан мигранттардың iшiнде қаншама лаңкес, дiни экстремист, ауру-сырқау, қаңғыбас қайыршы бар екен? Бұлардың барлығы да миграциялық картаны толтырады да, елiмiзге кiре бередi. Келiп жатқандардың арасында адал кәсiпкерлер жоқ емес, бар

13 қазан 2016
Сәбилердi қуантайық
Бұрындары қазақ халқында “жетiмдер үйi” деген ұғым мүл­дем болмаған едi, ал қазiр жағдайымыз қалай? Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 29 666 сәби ата-ана қамқорлығынан айырылған екен. Мен жоғарғы бiлiмдi ұстазбын. Ұзақ жылдар Алматы қаласының тұрмысы нашар балаларды оқытатын мектеп-интернатта сабақ бердiм. Сол кезде “Ел аман, жұрт тынышта қазақтың балалары жетiмдер үйiнде тәр­бие­ленетiндей не басымызға күн туды?
13 қазан 2016
Көкем “узбекский пловты” ұнатады...

Былай қараған адамға Аңғарбай көкем жаман емес-ақ. Шектен тыс ақ көңiлдiлiгi, қолындағы бiр жапырақ нанды кiм көрiнгенге үзiп бере салатын жомарттығы, адам көңiлiн қалдырғысы келмейтiн жайдары мiнезi ол кiсiнi құрдастарынан қашан да биiк көрсетiп тұрады. Бiрақ ондай-ондай ханның қызында да болады дегендей, көкемде де жақпас бiр қылық бар.

13 қазан 2016

Осы жылдың маусым айында Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының тұрғындары арасында “Ауылдың малы жа­йылатын жерден 76 мың гектар жердi мемле­кеттiк қорық салуға алады екен” деген әңгiме тарап, жұртты әбi­герге салды. Тамыз айында осы мәселеге байланысты жиналыс өттi. Жиналысқа аудандық жер бөлi­мiнiң қызметкерлерi, “Жармыш” ЖШС-ның үлескерлерi, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орын­басары

13 қазан 2016
Берген уәделерiн орындап жүрген жоқ
Мен сегiз жылдан астам уақыт Қас­қелең қала ардагерлерi ұйымының төрағасы болып қызмет атқардым. Айтайын дегенiм, әкiмшiлiктегi қызметкерлердiң iс-әрекетi жөнiнде. Әкiмшiлiк қызметкер­лерi халыққа қандай қызмет атқарды? Қандай жақсылық жасады? 2003 жылы Қаскелең өзенiнде су апаты болады деп, селден қорғау мекемесi көпiр жанындағы көлденең тұрған затты (дамбаны) сындырып, ел-жұртқа хабарламай
6 қазан 2016
Осылай өлтiре берсе, немiз қалады?

Жақында Алматы облысы Жамбыл ауданында үш бiрдей қандасымызды атып, аяусыз қинап өлтiрiп кетiптi деген хабар бүкiл елдi дүр сiлкiндiрдi. Сонда деймiн, үш отбасын асыраушысынан, бала-шағасын әкесiнен айыратындай қатыгез қарақшыларға не жетпейдi? Не жанына зор келдi?

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»