1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
6 қазан 2016

Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлүт ауданында бiрлiгi жарасқан Жаркеновтер отбасы тұрады. 68 жастағы Қайыржан ақсақал мен Раиса апайдың отасқандарына елу жылдың шамасы болды. Төрт ұлды дүниеге әкелiп, аяққа нық тұрғызған олар бүгiнде жетi немере сүйiп отыр. Қайыржан Жаркенов те, жары Раиса да – зейнеттегi жандар. Кәсiптiк-техникалық училищенi тәмамдаған отағасының еңбек жолы қарапайым тракторшы қызметiнен

6 қазан 2016

“Софиевка” – аудан орталығы Ақмол ауылынан солтүстiк-шығысқа қарай 63 шақырымдай, Астана қаласынан солтүс­тiк-шығысқа қарай 22 шақырымдай жерде, Сiлетi өзенiнiң жағалауында. Астанаға iссапармен барған кезде осы ауылдың үстiнен талай өттiм. Ауыл тұрғындарының басым көпшiлiгi (бәрi десе де болады) – қазақтар. Осы тұрғындардан ауылдың аты неге “Софиевка” аталады деп сұрадым да.

6 қазан 2016
Ұйқының көкесiн көрсетедi екен...
Ащы iшекше созылып бара жатқан жиналыстың жақын арада бiтетiн түрi байқалмайды. Маңдайы жарқыраған қасқалар бiр нәрседен құр қалғандай кезек-кезек мiнбеге көтерiлiп жатыр. Сол баяғы таныс әуен... Өйту керек, бүйту керек дейдi. Бiрақ тығырықтан қалай шығуға болатынын бiреуi ашық айта алмайды. Құрғақ сөзден қуырдақ да­йындауға әбден машықтанып алған.
Сағатыма жиi-жиi ұрлана қарап қоям.
6 қазан 2016

Абылайдың бiр баласы өлiп, хан соның қайғысынан жатып қалыпты. Мұны естiген Шындәулет шешен Абылайға келiп, сәлемде­сiп, күйзелiсiн сезiп, жұбатуға кiрiседi. Бiрақ оны Абылай хан самарқау ғана тыңдайды. Осыны аңғарған Шындәулет орнынан бiр қозғалып, тамағын кенеп, былай деген екен:

6 қазан 2016
Министрдiң де ойланып сөйлегенi жөн
Дiн iстерi министрi “Ме­шiт­те уағызды орыс тiлiнде де жүргiзу ке­рек” деп қал­ды. Ендi осы жөнiнде өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деймiн. Бiздiң елiмiздегi шiркеулер­де уағыз қай тiлде жүредi? Орыс тiлiнде. Қазiргi күнi хрис­тиан дiнiне өтiп жатқан қазақтар да аз емес. Олардың iшiн­де қазақтiлдi қазақтар да бар. Тек қазақтар ғана емес, христиан дiнiн қабылдаған татарды да, ноғайды да, әзiрбайжанды да көрдiк. Бiрақ шiркеу басшылары осыған қарап
6 қазан 2016
Қазақтың рухын қайта оятар едi...

Бiраз ғалымдар Шыңғыс ханның жерленген жерi Шығыс Қазақстан деп топшылайды. Мен осы болжаммен келiсемiн. Қазақстан мен Мон­ғолияның арасында, яғни Шығыс Қазақстанда Алтай тауы жатыр. Ал Алтай – шыңы көкпен таласқан, табиғаты тылсымға толы, ғажап өлке. Шыңғыс хан өлер алдында өзiн осы жерге жерлеудi тапсыруы әбден мүмкiн. Сондықтан да оның мүрдесiн осы жерден iздеу керек секiлдi. Егер бiз мүрденi тапсақ, талай жылдан берi қазақ халқының бойында бұғып жатқан рух көтерiлер едi.

29 қыркүйек 2016
Құмар ойын құрдымға құлатады

Кезiнде карта ойнап отырғанымызды көрген әжелерiмiз “Тәйт, шошқаның iшегiн аршымай! Құмар ойынның күнәсi ауыр” деп зекiп тастаушы едi. Нашақорлық, iшiмдiкке салыну дертiнен кем түспейтiн құмар ойын ойнау қанымызға сiңiп бара жатқандай. Ойынның бұл түрi ауырдың астымен, жеңiлдiң үстiмен жүруге бейiмделген жастарымыздың санасын улап жатыр.

29 қыркүйек 2016
«Ақбикешке» айрықша назар аударылды
Ақсүмбе елдi мекенiндегi (Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округi) “Ақбикеш” мұнарасы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 9 маусымдағы арнайы қаулысымен ХIII-ХIV ғасырдағы қала құрылысы және сәулет ескерткiшi ретiнде мемлекеттiк тiзiмге енгiзiл­ген. Тарихи деректерде «Ақ­бикеш» мұнарасын ХIII ға­сырда Дештi-Қыпшақ қарауылдық мұнара ретiнде салдырғаны жазылған. Мұнара биiк жерде, таудың төменгi қабатында орналасқан. Кезiнде биiк­тiгi 24 метр болатын қарауылдық мұнара қазiргi таңда 13 метр шамасында. Лайдан тұрғызылған.
29 қыркүйек 2016
Қасқырдың қайырымы
Бұл – болған оқиға. Оқиғаны маған баян еткен қарияның жасы қазiр 82-де. Әлi де тың. Ендi қария айтқан оқиғаға құлақ түрелiк: “...1941 жыл. Желтоқсан айы. Жер бе­тiн ақ мақтаға орап қойғандай. Жасым ол кезде алтыда едi. Анам е­рте тұрып жұ­мысқа кет­тi. Мен терезенiң алдында қарным шұрқырап, тамақ iшкiм келiп, әлiм құрып отырмын. Бiр кезде төзiмiм таусылып, Ертiс өзенiнiң жағалауында тұратын әпкемнiң үйiне бармақ болып, қалың киiнiп жолға шықтым.
29 қыркүйек 2016

Жақында Астанада “Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi” өттi. Бұған аралдықтар да артынып-тартынып барды. Өздерiмен бiрге 5 тонна тұз, 10 тонна балық, сондай-ақ 1 тоннадан астам жылқы етi мен 360 литр шұбат, 200 келi құрт, iрiмшiгiн апарды. Бұл өнiмдер ол жерде өзiнiң құнынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды.

29 қыркүйек 2016

Атағы алты алашқа жайылған билердiң бiрi – Баянауыл өңiрiнiң тумасы Найзабекұлы Үкiбай би. Үкiбай би 1794 жылы қазiргi Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданындағы Сабындыкөл маңында дүниеге келiп, 1859 жылы осы өңiрде қайтыс болған. Үкiбай балалық шағында атасы Өтеудiң әңгiме­лерiн тыңдап өскен. Есейе келе ауыл ақсақалдарының сөзiнде айтылған мақал-мәтелдер мен қызықты жайт­тарды зейiн қойып тыңдауды машық етедi

29 қыркүйек 2016
Елiмiзге зомби керек пе, болашағы зор ұрпақ керек пе?

Балаларды балабақшадан, 1-сыныптан бастап ағылшын тiлiнде оқыту мәселесi қоғамның наразылығын тудырғанымен, мектеп бағдарламасына енiп кеттi. Мектеп жасына жеткен баланың иығына ауыр жүк түстi. Тiптi мектепке дейiнгi дайындық тобындағы балалардың оқымайтын сабағы жоқ. Әр жерден қосылған пәндер саны өте көп. Негiзгi пәндер – сауат ашу, математика, жаратылыстануды айтпағанның өзiнде

29 қыркүйек 2016
Бiз оларды емес, олар бiздi жеңдi

“Салафилiкке тыйым салу керек!” деп, бiздiң бiр топ зиялылымыз мемлекет басшысына ашық хат жазды, ол бiрсыпыра газеттерде басылды да. Содан кейiн “Салафилiк ағымға заңмен тыйым салынады екен, депутаттар заң жобасын талқылап жатыр...” деп естiдiк. Осы бiр-екi күнде “Салафилiк ағымға тыйым салынбайтын болыпты! Парламент бұл жөнiнде заң қабылдамайды екен” деп естiдiк.

22 қыркүйек 2016
Жаңа оқу жылы басталып, ата-ана өз баласына жаңа киiм мен оқу құралдарын алып сабылады. Баласын жаңа құралдармен қамтамасыз ете алатын ата-аналар үшiн бұл үйреншiктi салт болса, жағдайы нашар отбасы үшiн – бiрден-бiр түйткiлдi мәселе. Себебi қазiр оқу құралдары мен мектеп формасының бағасы шарықтап тұр.
22 қыркүйек 2016

Жақында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен кезектi жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан 17 медаль, соның iшiнде 3 алтын алып, бiр қуанып қалдық. Естуiмше, олимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болған спортшыларына АҚШ – 25 мың, Германия – 20 мың доллардан сыйақы жасайды. Кейбiр елдер (Ұлыбритания, Швеция және т.б.) ақшалай сый-құрмет жасамайтын да сияқты. Олимпиада қорытындысы бойынша осы мемлекеттерден бiршама артта

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»