1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қазан 2016
«Жарқын жаққа жетелеген» банктi көрмедiм...
Қазiр басында несиесi жоқ қарапайым қазақ бар десем, өтiрiк айтқаным емес. Азық-түлiк, күнделiктi керек-жарақтың барлығы қымбаттап, халық өзiн қамтамасыз ету үшiн несиеге ұрынады. Банк­тер де несиенi тегiн беретiндей “Жарқын жаққа жетелейдi”, “Қиыншылықтан құтыл”, “Бiздiң мақсатымыз – сiздiң бақытыңыз” деп жарнамалағанда, жүрегiңдi елжiретiп-ақ жiбередi. Ал несие алғаннан кейiн банктер басқаша сөйлей бастайды. Сөзiм дәлелдi болу үшiн өз басымдағы оқиғаны айтайын.
20 қазан 2016
Қазақ тiлiндегi газет-журналдарды оқып отырамын ғой. Сондағы бiр байқағаным, мемлекеттiк газеттер соңғы кездерi үштiлдiлiктi насихаттай бастады. Насихаттағанда да, кәдiмгiдей насихаттай бастады. Өлiмдi насихаттауға бола ма? Болмайды! Не болмаса, “Қазақ тiлiн жойып жiберу керек!” деп ұрандауға бола ма? Әрине, болмайды! Бiле бiлсек, үштiлдiлiктi насихаттау да – өлiмдi насихаттаумен бiрдей! “Қазақ тiлiн жойып жiберу керек!” деп ұрандаумен бiрдей!
13 қазан 2016
Қашанғы тарыдай шашыла бермекпiз?!
Кейкi батыр Көкембайұлының бас сүйегiн жерлеу туралы жұртшылықтың пiкiрi қазiр екiге жарылып тұр. Қостанай облысының Амангелдi ауданында Кейкi батырдың кесенесi бар. “Батырдың бас сүйегiн осы кесенеге қояйық” дейдi бiр топ. Екiншi топ “Кейкi батырдың бас сүйегiн Астанадағы Ұлттық пантеонға жерлеуiмiз керек” дейдi. Менiң өзiм осы екiншi топты қолдаймын. Ақселеу Сейдiмбектi бiлмей­тiн қазақ жоқ десем, қателесе қоймаспын
13 қазан 2016
Бiздiң ел есiк-терезесi жоқ үй сияқты

Елiмiзге келiп жатқан шетелдiктерде есеп жоқ. Осыған қарап, бiздiң ел есiк- терезесi жоқ үй сияқты деген ойға келемiн. Келiп жатқан мигранттардың iшiнде қаншама лаңкес, дiни экстремист, ауру-сырқау, қаңғыбас қайыршы бар екен? Бұлардың барлығы да миграциялық картаны толтырады да, елiмiзге кiре бередi. Келiп жатқандардың арасында адал кәсiпкерлер жоқ емес, бар

13 қазан 2016
Сәбилердi қуантайық
Бұрындары қазақ халқында “жетiмдер үйi” деген ұғым мүл­дем болмаған едi, ал қазiр жағдайымыз қалай? Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 29 666 сәби ата-ана қамқорлығынан айырылған екен. Мен жоғарғы бiлiмдi ұстазбын. Ұзақ жылдар Алматы қаласының тұрмысы нашар балаларды оқытатын мектеп-интернатта сабақ бердiм. Сол кезде “Ел аман, жұрт тынышта қазақтың балалары жетiмдер үйiнде тәр­бие­ленетiндей не басымызға күн туды?
13 қазан 2016
Көкем “узбекский пловты” ұнатады...

Былай қараған адамға Аңғарбай көкем жаман емес-ақ. Шектен тыс ақ көңiлдiлiгi, қолындағы бiр жапырақ нанды кiм көрiнгенге үзiп бере салатын жомарттығы, адам көңiлiн қалдырғысы келмейтiн жайдары мiнезi ол кiсiнi құрдастарынан қашан да биiк көрсетiп тұрады. Бiрақ ондай-ондай ханның қызында да болады дегендей, көкемде де жақпас бiр қылық бар.

13 қазан 2016

Осы жылдың маусым айында Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының тұрғындары арасында “Ауылдың малы жа­йылатын жерден 76 мың гектар жердi мемле­кеттiк қорық салуға алады екен” деген әңгiме тарап, жұртты әбi­герге салды. Тамыз айында осы мәселеге байланысты жиналыс өттi. Жиналысқа аудандық жер бөлi­мiнiң қызметкерлерi, “Жармыш” ЖШС-ның үлескерлерi, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орын­басары

13 қазан 2016
Берген уәделерiн орындап жүрген жоқ
Мен сегiз жылдан астам уақыт Қас­қелең қала ардагерлерi ұйымының төрағасы болып қызмет атқардым. Айтайын дегенiм, әкiмшiлiктегi қызметкерлердiң iс-әрекетi жөнiнде. Әкiмшiлiк қызметкер­лерi халыққа қандай қызмет атқарды? Қандай жақсылық жасады? 2003 жылы Қаскелең өзенiнде су апаты болады деп, селден қорғау мекемесi көпiр жанындағы көлденең тұрған затты (дамбаны) сындырып, ел-жұртқа хабарламай
6 қазан 2016
Осылай өлтiре берсе, немiз қалады?

Жақында Алматы облысы Жамбыл ауданында үш бiрдей қандасымызды атып, аяусыз қинап өлтiрiп кетiптi деген хабар бүкiл елдi дүр сiлкiндiрдi. Сонда деймiн, үш отбасын асыраушысынан, бала-шағасын әкесiнен айыратындай қатыгез қарақшыларға не жетпейдi? Не жанына зор келдi?

6 қазан 2016

Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлүт ауданында бiрлiгi жарасқан Жаркеновтер отбасы тұрады. 68 жастағы Қайыржан ақсақал мен Раиса апайдың отасқандарына елу жылдың шамасы болды. Төрт ұлды дүниеге әкелiп, аяққа нық тұрғызған олар бүгiнде жетi немере сүйiп отыр. Қайыржан Жаркенов те, жары Раиса да – зейнеттегi жандар. Кәсiптiк-техникалық училищенi тәмамдаған отағасының еңбек жолы қарапайым тракторшы қызметiнен

6 қазан 2016

“Софиевка” – аудан орталығы Ақмол ауылынан солтүстiк-шығысқа қарай 63 шақырымдай, Астана қаласынан солтүс­тiк-шығысқа қарай 22 шақырымдай жерде, Сiлетi өзенiнiң жағалауында. Астанаға iссапармен барған кезде осы ауылдың үстiнен талай өттiм. Ауыл тұрғындарының басым көпшiлiгi (бәрi десе де болады) – қазақтар. Осы тұрғындардан ауылдың аты неге “Софиевка” аталады деп сұрадым да.

6 қазан 2016
Ұйқының көкесiн көрсетедi екен...
Ащы iшекше созылып бара жатқан жиналыстың жақын арада бiтетiн түрi байқалмайды. Маңдайы жарқыраған қасқалар бiр нәрседен құр қалғандай кезек-кезек мiнбеге көтерiлiп жатыр. Сол баяғы таныс әуен... Өйту керек, бүйту керек дейдi. Бiрақ тығырықтан қалай шығуға болатынын бiреуi ашық айта алмайды. Құрғақ сөзден қуырдақ да­йындауға әбден машықтанып алған.
Сағатыма жиi-жиi ұрлана қарап қоям.
6 қазан 2016

Абылайдың бiр баласы өлiп, хан соның қайғысынан жатып қалыпты. Мұны естiген Шындәулет шешен Абылайға келiп, сәлемде­сiп, күйзелiсiн сезiп, жұбатуға кiрiседi. Бiрақ оны Абылай хан самарқау ғана тыңдайды. Осыны аңғарған Шындәулет орнынан бiр қозғалып, тамағын кенеп, былай деген екен:

6 қазан 2016
Министрдiң де ойланып сөйлегенi жөн
Дiн iстерi министрi “Ме­шiт­те уағызды орыс тiлiнде де жүргiзу ке­рек” деп қал­ды. Ендi осы жөнiнде өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деймiн. Бiздiң елiмiздегi шiркеулер­де уағыз қай тiлде жүредi? Орыс тiлiнде. Қазiргi күнi хрис­тиан дiнiне өтiп жатқан қазақтар да аз емес. Олардың iшiн­де қазақтiлдi қазақтар да бар. Тек қазақтар ғана емес, христиан дiнiн қабылдаған татарды да, ноғайды да, әзiрбайжанды да көрдiк. Бiрақ шiркеу басшылары осыған қарап
6 қазан 2016
Қазақтың рухын қайта оятар едi...

Бiраз ғалымдар Шыңғыс ханның жерленген жерi Шығыс Қазақстан деп топшылайды. Мен осы болжаммен келiсемiн. Қазақстан мен Мон­ғолияның арасында, яғни Шығыс Қазақстанда Алтай тауы жатыр. Ал Алтай – шыңы көкпен таласқан, табиғаты тылсымға толы, ғажап өлке. Шыңғыс хан өлер алдында өзiн осы жерге жерлеудi тапсыруы әбден мүмкiн. Сондықтан да оның мүрдесiн осы жерден iздеу керек секiлдi. Егер бiз мүрденi тапсақ, талай жылдан берi қазақ халқының бойында бұғып жатқан рух көтерiлер едi.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»