1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15528) 3 қыркүйек, жұма 2010
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Шадияр ЖАРҚЫНБЕК
20 шілде 2010
ТЕК ОНЫ ТҮСIНЕ БIЛУ КЕРЕК
Бұл оқиғаны маған марқұм ағам айтып берген-дi. Ол ағамның өз басынан өткен.
“Әдетiмше ерте оянып, бетi-қолымды жуып жатқанмын. Ойымда ештеңе жоқ. Әрi таңғы уақыт болғандықтан, ұйқым ашылмаған, әрi-сәрi болып тұрған кезiм. Бiр кезде оң жақ иығыма қойылған әлдебiреудiң қолын сездiм. Алғашқыда ермек таппай жүрген туыстарымның бiрi шығар деп қорыттым да, артыма бұрылып қарасам, о, тоба, ешкiм жоқ. Тiрi жан көрiнбейдi. Бiрақ әлгi қол әлi иығымнан түспегенiн сезiп тұрмын.
20 шілде 2010
Жалпы, жын дегенiмiз не?
Олар да өз алдына бiр әлем, бiр жұрт көрiнедi. Қазақтың аңыз, қисса-жырларында жындар елi туралы аз айтылмайды. Бiз бүгiн осы тақырыпта дiнтанушы, қажы Икрам Әбдiқайымұлымен бiраз ой бөлiскен едiк. Бәлкiм, төменде айтылған әңгiмелерге бiреу сенер, бiреу сенбес, бiрақ мұның адамға ой салатыны анық.
20 шілде 2010

Алматы маңындағы Мәншүк Мәметова мұздығында орналасқан №6 көлдiң мәселесi көптен берi айтылып та, жазылып та жүр. Осы мореналық көл арнасынан тасыса, Алматыға сел қаупi төнуi мүмкiн. №6 көлдiң проблемасын он жылдан берi көтерiп жүрген география ғылымдарының докторы, профессор, Қазгидрометтiң ғылыми қызметкерi Борис Степанов апаттың алдын алу жолдарын көрсетiп бердi. Борис Сергейұлымен арадағы әңгiмемiз №6 көлдiң проблемасы төңiрегiнде өрбiдi.

20 шілде 2010
КҮН ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҰШАТЫН ҰШАҚ
Solar Impulse ұшағының қоз­ғалтқышы тек күн энергиясы есе­бiнен жұмыс iс­тейдi. Жақында Швейцарияда осы ұшақ алғаш­ рет сынақтан өт­кi­зiлдi. Оны құ­рас­тырушы­лар­дың бiрi Андре Боршберг Solar Impulse-тi арнайы аппарат арқылы бас­қарған. Сөйтiп, күнi бойы күн энергиясын жинаған ұшақ әуеде 26 сағат бойы сам­ғапты. Ұшақты жасап шығарушылардың көздеген басты мақсаты – Solar Impulse-тiң түн мезгiлiнде ұшу мүмкiндiгiн тексеру. Ұшақты ойлап тапқан Андре Бошберг пен Бертран Пикарлардың айтуынша, ұшақ өзiне артылған сенiмдi толық ақтап шыққан.
1 маусым 2010

Туған күндi тойлап жатқан кезiмiз. Үйге жиналған қонақтардың бәрi дән риза. Бiр уақытта Әзiмхан ағам кiрiп келдi де, “iбiлiс шықты” дедi. Үйдегi қонақтар: “Қандай iбiлiс?” – деп шу ете қалды. Сонда ағам болған оқиғаның мән-жайын былайша баяндап бердi. “Оқшы атаның тұсындағы үлкен жолдан бiр мәшине өтiп бара жатқан-ды. Жүргiзушi анадай жерде көлiк тоқтатып тұрған қызды көзi шалады.“Жол-жөнекей жүргiншiнi ала кетейiн” деген оймен әлгi қызды көлiкке отырғызыпты.

1 маусым 2010
БӘРIМIЗ ТӨРТ ПАЙЫЗҒА НЕАНДЕРТАЛЬДЫҚПЫЗ
Атақты немiс генетигi Сваанте Паабо өткен ғасырдың аяғында неандертальдықтардың генiн зерттеп, неандертальдық – бiздiң ата-бабамыз емес, тiптi қазiргi адамдардың онымен еш­қандай генетикалық байланысы жоқ деген қорытынды жасаған-ды. Жақында ғалым Science журналына сұхбат берiп, бiздiң неандертальдықтармен аз да болса ортақ генiмiз бар деген пiкiр бiлдiрiптi.
1 маусым 2010

Людмила Зубкова 33 жасында клиникалық өлiмдi бастан өткерiп, көрiпкелдiк қабiлетке ие болды. Содан бастап көрiпкел талай адамға қол ұшын созып, тiптi милицияға қандықол қылмыскерлердiң iзiн кесуге көмектескен. Людмила Зубкова мемлекеттiк стандарттау мекемесiнде инспектор қызметiн атқарып жүргенде Саратов облысы кәсiпорындарын тексеруге келген. Сөйтiп, аудандағы дүкен сатушысымен әңгiмелесiп тұрып, сатушының қойған сауалға селқос жауап берiп, әлденеге алаңдап тұрғанын аңғарған. Сөйтсе, әлгi келiншек

1 маусым 2010

Досмайыл бақсының емшiлiк қасиеттерi жайлы аңызға бергiсiз әңгiмелер оның көзi тiрiсiнде-ақ бүкiл Жетiсу өңiрiне тараған. Досма­йыл бақсы 1889 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Майбұлақ деген жерде туылып, сол жерде 90-ға қараған шағында дүние салды. Ол дәрiгерлердiң емi қонбай, ауруына шипа таба алмаған талай нау­қасты жазды. Бұл дүниеден күдерiн үзген талай сырқатты өлiм аузынан қайтарып алды.

1 маусым 2010

МЭЛС ЕЛЕУСIЗОВ: ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУДЫҢ ӘСЕРIНЕН МҰЗДЫҚТАРДЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ ЕРIП КЕТКЕН

Ғаламдық жылыну ең өткiр проблемаға айналғалы қашан. Экологтар ғаламдық жылыну проблемасын шешпесе, мұның салдары ауыр болатынын тәптiштеп түсiндiрiп жүр. Сондай экологтардың бiрi, “Табиғат” қозғалысының жетекшiсi Мэлс Елеусiзов ғаламдық жылынумен күресудiң жолын тапты. Оның ойынша, таулардағы мұздықтардың еруiн болдырмау үшiн таудағы тастарды ақтау қажет. Әйтпегенде, мұздықтар ери берсе, халық ауызсусыз қалуы әбден мүмкiн. Әңгiмелесудiң сәтi түскен соң, бас экологтан Сорбұлақ көлiнiң мәселесiн де сұрап бiлдiк.
18 наурыз 2010

Бұдан 65 миллион жыл бұрын динозаврлардың тұқым-тұяғымен жер бетiнен жойылып кетуiне алып астероидтың Жермен соқтығысуы себеп болған деп ғалымдар нақты қорытындыға келдi. Қорытынды жасаған – Еуропа, Канада, Мексика, АҚШ және Жапония елдерiнiң ғалымдары. Осы ғылыми топтың құрамында 41 ғалым – палеонтолог, геохимик, геофизик, климатты үлгiлеу жөнiндегi мамандар бар.

18 наурыз 2010

АДАМ IШЕГIНДЕ КҮРДЕЛI ЭКОЖҮЙЕ ӨМIР СҮРЕДI

Ғалымдар адам iшегiнде кездесетiн барлық бактериялардың ДНҚ-сын зерттеп анықтады. Сөйтсе, iшегiмiзде мыңнан аса бактериялардың түрлерi бар болып шықты. 160-тан аса түрi бiр мезгiлде қатар өмiр сүре бередi екен. Және де бактериялардың бұл түрлерi барлық адамда кезде­седi. Көптеген бактериялар тек қана адам ағзасында ғана тiршiлiк етуге бейiмделген. Басқа ортада өмiр сүре алмайды.

18 наурыз 2010

La Repubblika газетi алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде тiрi қалуға көмектескен адам қабiлет­терi қазiр адам үшiн қатерге айналғанына назар аударыпты. “Егерде бiздi бөгде ғаламшарлық ақыл-ой иесi мұқият зерт­тей­тiн болса, адамдардың анатомиясы өте оғаш екенiне көз жеткiзер едi. Мыңдаған жыл бойы тропикалық саваннада тiрi қалуға көмектескен адамның дене бiтi­мiн­дегi ерекшелiктер қазiргi заманда, автокөлiкке жазу үстелiн­де, теледидар немесе компьютер алдында отыруға көп қолайсыздық тудыруда”, – деп жазады басылым.

18 наурыз 2010

Демограф Мақаш Тәтiмов Central Asia Monitor басылымына берген сұхбатында Қазақстанның 10, 20 жылдан кейiнгi демографиясына қатысты қызық болжам жасапты. Оған сенсек, Қазақстанда бэби-бум ендi ғана басталып келедi. Қазақстанда күрделi демографиялық толқындар болып өткен: бiрiншiсi демографиялық жарылыс – Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi 60 жылдары, екiншiсi – ашаршылықтың орнын толтыр­ған 1985 жылы, үшiншiсi – биыл өтуге тиiс. Бiрақ бүгiнде жас­тардың кеш үйленетiнiн ескерсек, бұл жолғы демографиялық жарылыс 2-4 жылға кешiгуi ықтимал.

18 наурыз 2010

“Қазақтың ырым-сырымдары бiт­пейдi екен, осы, – дедi жақында бiр танысым. – “Айға қарап түкiрме...” дегендi естiдiң бе? Түнде кiм айға қарап түкiредi?” “Бар. Тойдан шыққан мас адам түкiредi, – деймiн танысыммен келiспей. – Кiм не ойласа өз еркi, ал мен ырым-тыйымдарға сенемiн”. Сөйтiп, өз басымнан өткен жайтты әлгi танысыма басынан аяғына дейiн әңгiмелеп бердiм. Сiз де тыңдаңыз, оқырман!

16 ақпан 2010

Бiр күнi түн жарымында аттар үркiп, пысқырып мазасыздана бастады. Қолшамымды жоғары көтерiп қарасам, ортада байлаулы тұрған “Сатымбек торы” атанып кеткен қасқа атымның жанында ұзын бойлы, ақ сақалды бiр кiсi тұр. Қарап тұрмай, атымның жалын тарап, үстiн сипап, жабысқан шөп-шаламдарын терiп жерге тастап жатыр. Жақындаған менi елең қылар емес. Шамымды орнына iле салып, оң жақ қапталдағы есiктi iлгегiнен ашып, қайта жауып, құлып салып, үйге тұра қаштым.

беттер:1 / 2»