Әзiрбайжан сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысымен БҰҰ Наурызды халықаралық мереке деп таныды. Бұл игi бастаманы неге бiз көтермедiк?
Түркi халықтарының түпқазығы қасиетiнен айырылып қалғандықтан (50.2%)
Наурызды халықаралық мереке деп есептемегендiктен (20.4%)
Той тойлаудан әбден жалыққандықтан (5.2%)
Президенттiң 70 жылдығын халықаралық мереке ретiнде ұсынбақ болғандықтан (24.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Шадияр ЖАРҚЫНБЕК
16 ақпан 2010
2012 жылы ақырзаман орнай ма?
Әлем жұртшылығы үрей үстiнде. Соңғы кезде ақырзаман туралы әңгiме жиi айтылатын болды. Әсiресе бұл тақырып интернет пайдаланушылар үшiн ең өзектi мәселеге айналған. Оған “Ванга айтыпты, Нострадамус болжапты” деген алыпқашпа сөздер мен Америка құрлығындағы ежелгi өркениет – Майя тайпасы жасаған жұмбақ күнтiзбенiң 2012 жылмен тәмамдалуы түрткi болуда. Халық арасында кең тараған аңызға сенсек, 2012 жылдың желтоқсан айында Жер мен Нибиру ғаламшары соқтығысып, соның кесiрiнен адамзат баласы Жер бетiнен жойылып кетедi-мiс. Оның үстiне, Майя күнтiзбесiн өзек етiп, Голлувуд түсiрген “2012” атты фильмнiң жарнамасы отқа май құйғандай әсер еттi. Бұл қауесеттiң қорқыныш жайғаны соншалық, Нибиру ғаламшары және оның қозғалыс траекториясы туралы сұрақтар НАСА-ның ресми зертханасына әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен қарша бораған. Елге басу айту үшiн НАСА арнайы мәлiмдеме жасауға мәжбүр болды. Әлем жұртшылығының сұрақтарына осы агенттiктiң Астробиология институтының ғылыми қызметкерi Дэвид Моррисон жауап берген.
Ол ең алдымен 2012 жылы ақырзаман болады деген сыбыстың төркiнi қайдан шыққанына тоқталды. Сөйтсе, ежелгi шумерлер ақырзаманның боларын дәл болжады деген сөздi алғаш рет фантаст Зекария Ситчин айтыпты. Ол өзiнiң 1976 жылы жарық көрген “12- ғаламшар” атты кiтабында “ғылымға белгiсiз әлдебiр ғажайып шумер манускриптiн тапқанын, онда Нибиру ғаламшары туралы мәлiметтер бар екенiн” жазған. Оған сенсек, бұл ғаламшар да Жер, Марс секiлдi Күндi айнала қозғалады, бiрақ оған күндi толық бiр мәрте айналып шығу үшiн 3 600 жылдай уақыт кетедi екен. Сол себептi де осы уақытқа дейiн жұмбақ ғаламшарды әлi ешкiм көре алмаған көрiнедi.
Нибиру деген сөз вавилон астрологтарының жазбаларында да кездеседi. Зерттеушiлер оны вавилондықтар құдай деп таныған Мадукпен тығыз байланыстырады. “Энума элиш” атты бұл жазба бiздiң жыл санауымыздан 668-627 жылдардың аралығында жазылған. Дэвид Моррисон шумерлердiң астрономияда жеткен жетiстiктерiне күмәнмен қарайды. “Шумерлер Нептун, Уран және Плутон туралы ештеңе де бiлген жоқ. Олар ғаламшарлардың Күндi айналып қозғалатынынан да бейхабар болған”, – дейдi ол.
1983 жылдары бұқаралық ақпарат құралдары “НАСА Күн жүйесiндегi 10-ғаламшарды тапты, оны “Икс” ғаламшар деп белгiлеп, артынша Зена немесе Эрида деп атамақ болған. “Бұл атышулы Нибиру емес пе?” деген сауал туатыны заңдылық. Бұл оқиға шындығында былай болған: 1983 жылы НАСА IRAS деп аталатын аппаратты ғарышқа ұшырған. Ол 350-ден аса инфрақызыл сәулелер көзiн тапқан. 10-ғаламшар туралы сыбыс 1984 жылы тарайды. Сол кезде кейбiр ғылыми басылымдар IRAS тапқан нысандар ғылыми классификацияға жатпайтынын, оның бiзге беймәлiм ғаламшар болуы мүмкiн екенiн жазған. Алайда кейiннен Жерде және ғарышта ұзақ уақыт бойы жүргiзiлген ғылыми зерттеулер ол нысандардың өте алыс қашықтықта орналасқан галактикалар екенiн анықтады. Эридаға келсек, ол – Күн жүйесiнiң шетiндегi құртақандай ғаламшар. Көлемi Айдан да кiшi. Өзiнiң қалыптасқан орбитасы бар. Сондықтан Эрида Жерге 4 миллиард мильден артық жақындамақ емес. “Жалпы алғанда, Нибиру – ойдан шығарылған нәрсе. Қазiргi заманда астрофизиканың жақсы дамығанын ескерсек, Күн жүйесiнде “көрiнбейтiн” немесе “ашылмаған” 10-ғаламшардың болуы мүмкiн емес”, – дейдi америкалық ғалым.
Нибиру туралы аңызға ғылыми реңк беретiн тағы бiр жайт – Google Sky және Microsoft Telescope бағдарламасы ұсынған ғарыштың картасында, яғни жерден қарағандағы толық көрiнiсiнде қараңғы аймақ бар. Нибиру осы түнектiң артында жасырынуы ықтимал делiнедi. НАСА қызметкерi ол аймақта Нибирудiң жасырынуы мүмкiн емес деп есептейдi. Себебi, осы түнек 2007-2008 жылдың қыс мезгiлiнде Жер шарының әр нүктесiнен зерттелген. Шын мәнiнде, ғарышта мұндай қараңғы аймақ жоқ, ол картаға компьютердiң қателiгiнен пайда болған. Жақында бұл кемшiлiк түзетiлуге тиiс.
Мая күнтiзбесiне келсек, ол күнтiзбе болашақты болжау үшiн емес, уақытты есептеу үшiн жасалған. “Ия, үндiс күнтiзбесi қазiргi қолданыстағы күнтiзбеден әлдеқайда күрделi. Және жылдың ұзақтығын бiзден гөрi дәл есептейдi. Бiрақ, бұл – осыған қарап болашаққа болжам жасауға болады деген сөз емес. Ақырзаман болады деген сыбыс бар-жоғы Мая күнтiзбесi 2012 жылмен аяқталатын болғандықтан шықты. Менiң үстел үстiндегi күнтiзбемдегi соңғы күн – 2009 жылдың 31 желтоқсаны деп көрсетiлген. Бұған қарап қорытынды жасауға бола ма?!” – дейдi Д.Моррисон.
Жұрт айтып жүргендей, 2012 жылы ешқандай “ғаламшарлар парады” болмайды. “Жер Сүт жолының ортасына енедi екен” деген әңгiме де бос сөз болып шығып отыр. Бiздiң Күн жүйемiз Сүт жолы галактикасының бiр шетiнде орналасқан. Дәлiрек айтқанда, галактика “ортасынан” 30 мың жарық жылындай қашықтықта. Әрi галактика орталығын айнала қозғалып жүремiз. Сондықтан арақашықтық ұдайы бiр қалыпты.
“2012 жылы Күндегi магниттi белсендiлiк барынша артып, Жердiң магниттi полюстерi ауысады екен. Сонда адамзаттың тағдыры не болмақ?” деген сауалға НАСА өкiлi былай деп жауап бердi: “Шындығына келсек, Күннiң магниттi белсендiлiгi әр он бiр жыл сайын барынша артып тұрады. Бiрақ бұдан Жерге ешқандай қауiп жоқ. Қатер төнсе, тек Ай үстiнде немесе ашық ғарышта жұмыс iстеп жүрген ғарышкерлерге ғана төнуi ықтимал. Жақын арада жердiң магниттi полюстерi ауысады деген пiкiр де шындыққа жанаспайды.
“2012 жылы метеорит Жерге соғылады” деп үрейленушiлер де көп. Комета мен астероидтар Жерге жиi соғылып жатады. Бiрақ өте iрi ғарыш нысанының соқтығысуы өте сирек құбылыс. Алапат апатқа ұрындыратындай қатер байқалмайды”, – деп сабырға шақырады НАСА агенттiгi.
Ақырзаман қашан болатынын тек Аллаһ қана біледі! Сіздер қайдағы бір тайпаға сенесіздер ме,не құдайға сенесіздер ме!
Гүмира | 17 ақпан 2010 11:57
Ақырзаман қашан болатынын бір құдайға аян.
Саяси сәуегей | 18 ақпан 2010 13:00
Ақырзаманды қайдам, 2012 жылы Президент сайлауы болады. Сонда Назарбаев құлап, "Нұр Отан" партиясынан құралған билікке ақырзаман төнеді.
Бисултан | 27 ақпан 2010 16:10
Ақырзаман деген өтірік емес,бірақ оны тек қана бір Алла ғана біледі!!!!!
Казах | 7 наурыз 2010 02:49
Ее, 2012-де "Нур Отан"-га акырзаман болатын болса ештене емес!
Маке | 24 наурыз 2010 14:01
2012де болуы да мүмкін, бірақ Хижра жыл санауы бойынша.
Нурсауле | 1 сәуір 2010 14:55
Мен бұрында ақырзаман 2000 ж болады деп естідім бәрі бір Алланын қолында мен Аллаға сенемін
Фархат | 6 сәуір 2010 12:19
Ақырзаман болса да,болмаса да АЛЛАга деген сенімің мықты, ниетің түзу, иманың берік болсын мұсылман ағайын!
ЖанарН | 6 сәуір 2010 14:18
Ақырзаман болмайды,ол бір Алланың қолында
Олжас | 10 сәуір 2010 10:59
Темірғалиев Олжас мен ақырзаман болады дегенге сенерімді не сенбесімді білмеймін барлығы алланың қолында
Оқырман | 12 сәуір 2010 16:41
Құдай сақтасын тек жақсылыққа жориықшы ағайын
ҚАЗАҚ | 21 сәуір 2010 15:45
ШЫНДЫҒЫНДА БІР АЛЛА БІЛЕДІ!!!
мен | 1 мамыр 2010 02:57
ертен барсынба соны ойлан бауырым!!
Нұрлан_Дос | 2 мамыр 2010 15:06
Ақырзаман туралы былай оқығаным бар. Бірақ, қайдан оқығаным есіме түспей қойды. "Дүниеде ең соңғы мұсылман қалады. Оның өзі ораза ұстамайды, намаз оқымайды. Әйтеуір ауызында бір Алласы бар. Сол дүниеден көшкен күні батыстан күн шығады. Аспанды қара бұлт торлайды. Тажал келіп, бәрін жұта бастайды. Сол кезде аспаннан Иса түседі, жерден Мәді шығады. Сөйтіп екеуі Тажалды жеңеді. Содан соң тіршілік қайта басталады."-дейді. Қарап отырсақ соңғы пайғамбар Мұхаммед (оған Аллаhтың рахметі жаусын!), соңғы кітап Құран. Бұдан кейін кітап та, пайғамбар да келмейтінін білеміз.
Мынадай хадис бар: Ертеңгі күні не боларын Алладан басқа ешкім білмейді. Құрсақтағы баланың кім болып өсерін боларын Алладан басқа ешкім білмейді. Ақырзаманның қашан боларын Алладан басқа ешкім білмейді және де жаңбырдың қашан жауарында Алладан басқа ешкім білмек емес. Ағайындар, ақырзаманның ауылы алыс болсын десек, Алланы танып, сүйікті құлы болуға асығайық. Алла жар болсын!
Айман | 6 маусым 2010 21:43
Бәр"де Алланың қолында
Жанар | 11 маусым 2010 20:08
Барлыгы АЛЛАнын колында гой.Акырзаманнын боларын тек бир АЛЛА ғана біледі.
Мынадай хадис бар: Ертеңгі күні не боларын Алладан басқа ешкім білмейді. Құрсақтағы баланың кім болып өсерін боларын Алладан басқа ешкім білмейді. Ақырзаманның қашан боларын Алладан басқа ешкім білмейді және де жаңбырдың қашан жауарында Алладан басқа ешкім білмек емес. Ағайындар, ақырзаманның ауылы алыс болсын десек, Алланы танып, сүйікті құлы болуға асығайық. Алла жар болсын!