1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (16135) 5 шілде, сейсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
5 шілде 2016
МБМ – ақпарат

ПАЛЕОЛИТ ШОЛПАНЫ

Амьен деген француз қаласының жанынан археологтар 23 мың жыл болған әйелдiң мүсiнiн тапты. Қолдарына қандай “жәдiгер” түскенiн түсiну үшiн ғалымдар өздерi қазып алған кәдiмгi әктiң сан-мың қалдықтарын жинаған. Нәтижесiнде ұзындығы 12 сантиметрлiк “палеолит Шолпаны” пайда болған.
Ғалымдар кең кеуделi, етжеңдi әйел бейнесi ежелгi халықтардың түсiнiк-танымында молшылық пен берекенi және көп балалы болуға ынтызарлықты бiлдiретiнiн айтады. Еуропа мен Ресей аумағында мұндай бейнелердiң жүздеген түрi табылған. Соның 15-i Франциядан табылыпты. Әйтсе де, ең соңғы мүсiн осыдан 50 жыл бұрын табылғаны белгiлi болды. Бұл Амьен қаласының жанынан табылған әйел бейнесiнiң құнын асырып отыр.
 
ЖЕРГЕ ҰҚСАС ҒАЛАМШАР БАР МА?
Бiздiң ғаламда Жерге көлемi және қоршаған ортасы жағынан ұқсас 200 миллиард ғаламшар бар екен. Бұл жөнiнде НАСА қызметкерлерi мәлiмдеген. АҚШ ғарыш агенттiгiнiң ғылыми қызметкерi Эллен Стоуфан алдағы он жылда Жерден тыс өмiр сүретiн тiршiлiк белгiлерiн табатынын, ал 10-20 жылдан кейiн бұлтартпас айғақтарды ұсынамыз дейдi. Э.Стоуфанның айтуынша, ғарыш агенттiк қызметкерлерi Ғаламның қай жерiнен тiршiлiк белгiлерiн iздеу керектiгiн бiледi, оған қажеттi технологиялары да бар көрiнедi.
Мұндай болжамды бұрынғы астронавт Чарльз Болден де айтқан едi. Ал Массачусетс технологиялық институтының профессоры Сара Зигер жақын болашақта Ғаламды зерттеулер қатты дамитыны сонша, Жерге ұқсас ғаламшарды мүдiрмей табатын деңгейге жетемiз дегендi жазады. Астрономдар 2017 жылы ғарышқа жiберiлетiн телескоптар мен инфрақызыл аппараттарға сенiм артып отыр.
 
ҚЫЗЫЛЖҰЛДЫЗДАҒЫ ҚҰБЫЖЫҚ
Марстан жұмбақ тiршiлiк иесiнiң бейнесi көзге түстi. Мамандар “Марс тұрғынын” арнайы жiберiлген құрылғы арқылы түсiрiлген фотодан байқаған.
Бұл суретте Марс қабығында жай ғана жылжып бара жатқан “төрт аяқты” көрiнедi. Күтпеген оқиғадан кейiн зерттеушiлер Марста тiршiлiк көзi болған деген деректiң бiр шындығы барына сенiп отыр.
Алайда кейбiр ғалымдар мұны кезектi жалған ақпар деген пiкiр бiлдiруде. Олардың айтуынша, аталмыш нысан Марс тастарының көлеңкелi бейнелерi болуы мүмкiн. Ендi осының жай-жапсарын анықтап, нақты көз жеткiзу үшiн зерттеушi мамандар Марсқа жiберiлген барлық құрылғылармен жан-жақты зерттеу жүргiзiп, суретке түсiрiп, салыстыру жұмыстарын жүргiзуi қажет
Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті