1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (16135) 5 шілде, сейсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Елнұр Бақытқызы
5 шілде 2016
Аян – Алладан келген баян
  • “Жұмбақ адам”
1997 жылы қыркүйекте қара шаңырағымыз Бұлаққа көшiп келдiк. Жұмысымды бiр кiсiдей-ақ iстеп жүрдiм. 1998 жылы қарашада мектебiмiзге ауданнан тексерiс келдi. Олармен танысуға алғашқы күнi менi де шақырды. Негiзi тексерушiлер келмей тұрып, бiр күн бұрын түс көрдiм. Түсiмде Кенен атамыз мектепке келiптi. Менiмен ұзақ отырып сөйлестi. Не туралы әңгiмелескенiмiз есiмде жоқ. Баққа дейiн бардық. Келесi күнi ертерек тұрып, Дегереске бара жатсам, екi қырдан асқан соң тiзем бүгiлiп, отырдым да қалдым. Бiрден жазғым келдi. Қағаз алып, жаза бастадым. Өзiнен-өзi ағылып өлең келдi. Осы жағдай өзiме қатты ұнады. Әлгi комиссия мүшелерiне арнау өлең туды.
Тексерiске келген “дөкейлермен” таныстық. Саған үш күннен кейiн “тексерiске барамыз” дедi. Үйге қайтып келе жатқанда да сол жерге отырғызып, өлең жазғызды. Бұл жолғы өлең тексерiстi бастап келген адамға арналды.
Келесi күнi кешке қарай әйелiм ертең бiздiң мектепке тексерушiлер келетiнiн айтты әрi жай келмей, “Менiң кеудемдi басып кететiнiн” де естiрттi. Кейiн бiлдiк, ауданнан бiр өкiл келiп, менi ауданға беттей алмайтындай етiп “орнына қойып кетiңдер” деп арнайы тапсырма берiп кетiптi.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары елiмiз үшiн бiр қиын кезең болды ғой. Жалғыз мұғалiм. Еден жуушы, қарауыл, от жағушы дегендерiңiз мүлде жоқ. 29 сағат оқытып, 20 сағаттың жалақысын аламыз. Сол кезде ата-аналармен келiсiп, өзiме бiр көмекшi алған едiм. Соным да комиссияға ұнамаған болуы керек. Тексерушiлер сабақ жоспарларын, күнделiктi, оқушылардың дәптерiн тексерiп жатыр. Математикадан сабақ өткiздiм. Комиссияны басқарып келген адам: “Мынауың дұрыс емес, менiң әйелiм мына есептi бұлай шығармайды. Сенiкi қате” деп дау шығарды. Қып-қызыл жанжал басталып кеттi. Менiң арқам қозып, тағы өлең шығара бастадым. Ол кезде тексеруге келгендердi қонақ қылып күтедi. Сол жерде де келiспей қалдық. Қорытынды жиналыс боларда аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi келдi. Маған орынсыз сын айта бастады. Кейiн маған сөз кезегi келгенде жазған өлеңдерiмдi оқып бердiм. Әңгiме төркiнiн түсiнген ол көпшiлiк алдында “сенiкi дұрыс екен, не жағдай болса да өзiме келiп айт, көмектесемiн” дедi. Алла тағаланың құдыретi деп осыны айтсаңшы. Кенен бабамның аузыма сөз салғаны бұл бiр жұмбақ дүние емей немене? Кейiн мен қызметiмнен кеткен соң орныма ауданнан бiр келiншек келдi. Бiрде түс көрдiм де оған: “Жұмысыңа сақ бол, бiрдеңе ұрлануы мүмкiн” дедiм. Айтқандай-ақ, арада бiр жетi өткенде оның бөлмесiне ұры түсiптi. Оны директор “Өзiне қарсы ұйымдастырып жүрген менiң әрекетiм” деп ұғыпты. Содан кейiн түсiм жайлы ешкiмге жария етпейтiн болдым.
Сөйтiп жүргенде түсiмде әлгi мектеп директорының жаңа жылда басқа қызметке кететiнi айтылды. Оны жай ғана ескерттiм. Бiрақ жаңа жылда директор кетпей қалды. “Қап” деп қалдым, “тағы да арам ойлайтын болды-ау”. Сөйтсем, жаңа жыл дегенi 22 наурыз екен. Дәл осы тұста ол басқа қызметке ауысып кеттi. Кейiн қиналған сәттерiмде де түсiмде аян берiлiп, көп жағдайдан, кездескен қиыншылықтан аман қалдым. Бұл да маған Алланың тарабынан берiлген үлкен сый екенiне ендi ғана көзiм жеттi.
Әдiлбек Қасымбеков,
Жамбыл ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті