1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16151) 30 тамыз, сейсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
30 тамыз 2016
Опақ-сопақ ата
  • Жұмбақ адам    
Осы бiр әзiз есiмдi еске ал­ған сайын есiме балалық шағым түсiп, көз алдымнан тiзбек-тiзбегiмен өте бастайды. Бұл атаны Бетпақдалаға ендей орналасқан Жуантөбе ауылында бiлмейтiн адам жоқ шығар. Бiрақ қазiргi жастар бiлмеуi мүмкiн. Ауылға оның жылдың екi мезгi­лiнде келiп-кетiп жүретiнiн бiле­тiнмiн. Ұмытпасам, көктем айы мен қоңыр күз болуы керек. Сол кезде әйтеуiр ауылда 4-5 жасар бұзықтарды сүндетке отырғызып кететiн. Бiр күндерi бiзге де кезек келсе керек, бұл сонау 1965 жыл болатын. Көктем бе,  әлде күз айы ма, оны ұмыттым. Есiмде қалғаны таңертең үйге аппақ киiнген ақсақалдың кел­генi. Жүрегiм бiр нәрсенi сезгендей, iнiм Сыпабектi жаныма ертiп алып, әкемнiң iнiсi отау үй саналатын Қанай тәтемдiкiне қашып барғаным. Марқұм ағам Дүйсенәлiнiң бiздi алып кетуге келiп, жетектеп бара жатқанында қолынан сусып шығып қашқаным. Ол кiсiнiң ала өкпе болып қуып жетiп, желкелеп үйге апарғаны. Барсам төсекте көзi жасаурап iнiм Сыпабек жатыр, үстiн ақ жаймамен жауып қойыпты. Жан-жағы толған ақша мен тәттiлер. Бiр “сұмдықтың” боларын бiлген мен ағам Дүйсенәлi мен бәкiсiн қайрап, жалаңдап отырған әппақ киiнген ақсақалды кiсiнi боқтай жөнелгенiм. Бәрi күлiп, басымнан сипап батырсың деп мақтағаны, әппақ сақалды атаның, “ой, пәтшағар” деп кеңкiлдеп күлiп отырғаны ғана есiмде қалыпты. Сөздiң тоқ етерi, қол-аяғымды басып отырып, бақ еткiздi де, мұсылман қылды да тастады. Бұл менiң алғаш рет әулие Опақ-сопақ (Шын есiмi торғай екен) атаменен кездесуiм едi. Одан кейiн артымыздан ерген iнiлерiмiздiң сүндетке отырғыз­ғанының талай куәсi болдым. Есейе келе елдiң аузынан әулие ата жайлы талай аңыз-әңгiмелердi естiдiк. Көлiкке мiнбей, барар жерiне көлiктен бұрын жаяу жететiнiн ел адамдары таңғалып айтып отырушы едi. Бiреулерi “ұшып жү­редi” десе, екiншiлерi жердiң бетiнде “қалқып жүредi” десе­тiн. Қалай болғанда да, осы әңгiмелердiң ар жағында шындық бар. Өз әкем Құтжан үш совхозға тиесiлi кооператив қоймасының меңгерушiсi болатын. Әкем бiрде Опақ-сопақ ата туралы өзi куә болған бiр әңгiмесiн айтып отырғанын естiп едiм. Аудан орталығы Шолаққорғаннан зат әкеле жатып, Созақ елдi меке­нiнен аса бергенде жолда аса таяғын ұстап кетiп бара жатқан Опақ-сопақ атаға жолығады. Мәшинеге отырыңыз деп iзет көрсеткен әкейге разылығын бiлдiрiп, жүре бередi. Жолда Мойынқұмның Текей деген асуы бар, қандай мықты мәшине болса да құмға тығылып, итшiлеп өтетiн. Сол асуда ат шалдыратын бiр бекет үй болса керек. Соған кештете жетсе, бұл кiсi­лерге тамақ дайындап, үй иесi күтiп отырады. Бұған таңғалған әкем жанындағы жолсерi­гiмен бiрге үй иесiнен “бiздiң келетiнi­мiздi қайдан бiлдiңiздер” десе, “жаңа ғана сiздердiң алдарыңызда Опақ-сопақ ата дәм татып, өздерiңiздiң келе жат­қандарыңызды айтқан” дейдi. Әкем мен жүргiзушiсi, Опақ-сопақ атаның жүйрiк көлiктен бұрын озып келгенiне таң-тамаша болады. Үй иелерiне жолда Опақ-сопақ атаменен кездескендерiн, ол кiсiнiң көлiкке мiнбей кеткенiн айтып бередi.
Опақ-сопақ атаның әкесi Оспан ата да тәуiп болған екен. Бетпақдала мен Шу өңiрiнде өмiр сүрген бiлгiр емшi, әрi құмалақшы болса керек. Ел-жұрт оны “Оспан тәуiп”, “Оспан әулие” деп қатты құрметтеген. Опақ-сопақ ата да өле-өлгенше үстiне қылау түсiрмей, әппақ киiмiмен өткен. Елдiң берген сый-сыяпатын да сол елдегi жетiм-жесiрге таратып берiп отырған екен жарықтық. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын осы тақуа кiсi бойында әйтеуiр бiр тылсым күш барын сезетiнбiз. Содан 1970 жылға дейiнгi бұзықтарды сүндетке отырғызып, елдiң ақ батасына бөленгенi. Аңызға толы әулие, ақ атаны еске алған сайын балалығым ойға оралады. Сағынам. Бiр таңғалатыным, қазiр осындай әулие адамдар неге жоқ екен?
Ж.Құтжанұлы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті