1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16151) 30 тамыз, сейсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
30 тамыз 2016
МБМ-ақпарат

ӨЛГЕН АДАМ ДА ОЙЛАЙ АЛАДЫ

2060 адам қатысқан зерттеу жұмысы барысында Ұлыбританияның Саутгемптон университетiнiң ғалымдары “адам өлгеннен кейiн де ойлау қабiлетiн жалғастыра алатынын дәлелдедi”, – деп хабарлайды muslim.kz.
Зерттеуге қатысқан адамдардың барлығы ауыр клиникалық өлiмдi бастан кешiрген жандар. Дәрiгерлер жүрек тоқтағаннан кейiн 30 секундтан соң ми қызметi де толықтай тоқтайтынын айтады. Яғни, адамның ойлау жүйесi де iстен шығады деген сөз.
Алайда зерттеуге қатысқан адамдар басынан кешкен клиникалық өлiм сәтiнен кейiн де айналасындағы жағдайларды сезiп, бiлгендерiн айтады. Олар осы клиникалық өлiм кезiнде өте қорқынышты сезiмдi бастан кешiргендiктерiн де жеткiздi.
 
ЖЕРГЕ ҰҚСАС, ЖАРТАСТЫ ҒАЛАМШАР
Ғалымдар Күн жүйе­сiне жақын жұлдызды айналып жүрген Жерге ұқ­сас, жартасты ғаламшарды тапты, – деп хабарлады “Nature” журналына сiлтеме жасаған “Азаттық”.
Британ ғалымдары Proxima b деп аталатын ғаламшар “Жерден төрт жарық жылы, яғни 25 триллион милль қашықтықта, Күнге жақын Proxima Centauri жұлдызын айналып жүр”, – дейдi.
Ғалымдар ға­лам­шарды Чилидегi Еуропаның оң­түстiк обсерваториясы телес­копынан жұлдыздан шыққан жарықтың өзгеруiн бақылау кезiнде тапқан.
Proxima b ғаламшарының массасы Жер массасынан 1,3 есе артық, бiрақ ол өз жұлдызына тым жақын, оны орбита бойымен әр 11 күнде бiр рет айналып шығады.
Зерттеушiлер Proxima Centauri-дiң өзi Күннен әлсiз болғандықтан, “Pro­xi­ma b ғаламшары я тым ыстық, я тым суық емес және ондағы температура судың сұйық күйiнде тұруына мүмкiндiк бередi”, – дейдi. Бiрақ ғалымдар ғаламшарда ауа мен су бар, я жоқ дегенге нақты жауап бере алмайды.
Ғалымдар осы кезге дейiн Күн жүйесiнен тыс, “экзопланета” деп аталып кеткен 2 мың 500-ден астам ғаламшарды тапқан. Proxi­ma b болашақта ғарыш кемесiн ұшыруға боларлық ғаламшар болуы ықтимал.
 
БАЛЫҚШЫНЫҢ БАЙЛЫҒЫ
Филиппиндiк Палаван аралының тұрғыны “әлемдегi ең iрi гауһар” атағына үмiттi асыл тасты осыдан он жыл бұрын та­уып алыпты. Алайда, оның бағалы екенiн бiлмеген, тек сұлулығына қызыққан көрiнедi. Мамандардың айтуынша, аталған гауһар тастың құны 100 миллион доллардан кем болмайды екен.
Пуэрто-Принсес қаласының тұрғыны асыл тасты 2006 жылы дауыл болған кезде тауып алыпты. Содан берi ол оны ешкiмге көрсетпеген, тек жастығының астына тығып, өзiнiң тұмары ретiнде сақтап келген. Жуырда балықшының үйi өртенiп, ол гауһарды амалсыз сатпақ болған. Сөйтiп, “қара базарға” апармай, асыл тасты қалалық туризм басқармасына алып келiптi.
“Бiз өз көзiмiзге өзiмiз сенбедiк. Ендi оны сертификаттау үшiн геммологтардың көмегi керек. Қазiр геммологиялық институттан асыл тастың расымен де гау­һар екенiн дәлелдейтiн анықтамасын күтiп отырмыз”, — дейдi жергiлiктi шенеунiктер.
Балықшының осынау қазынасы әлемдегi ең iрi гауһар тастан 5 есе iрi және ауыр. Ал ең iрi гауһар тас “Алланың гауһары” деген атпен танымал. Ол да дәл осы Филиппиндегi аралдардың бiрiнен табылған болатын.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті