1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16165) 18 қазан, сейсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Елнұр Бақытқызы
18 қазан 2016
МБМ-ақпарат

ҚАР АДАМЫН ТАПҚАНДАР

“Америкалық “қар адамын аулаушы” Рик Дайер мен Мэттью Уиттон Джорджия штатындағы орманнан қар адамының денесiн тапты”, деп – хабарлайды 24.kz.
“Бiз оны тапқанда, ол әлi тiрi болатын. Бiрақ ауыр жарақат алған екен. Жасыл дәрiнi жағып көргенiмiзбен, оны аман алып қала алмадық”, – дейдi Дайер мен Уиттон Planet Today-ге берген сұхбатында.
Жақын арада зерттеушiлер қар адамының ДНҚ-сы мен денесiн Калифорниядағы халықаралық конференцияда көпшiлiк назарына ұсынады. Америкалықтар қар адамының бойы – 2,5 метр, ал салмағы 225 келi болғанын айтады.
 
АЙДАҺАРДЫ КӨРГЕН БАЛА
Оңтүстiк Қазақстан облысының тұрғыны өткен ғасырдың 60-жылдары бала кезiнде шопан ағасымен Бәйдiбек ауданынан ерекше тас тауып алғанын айтады. Кейiн оның тауып алған тасы айдаһардың жұмыртқасы болып шығыпты.
Бұл туралы “Экспресс К” басылымына сiлтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Ағасы мен iнiсi өздерi тауып алған ерекше тасты қыстауға алып кетедi.
Араға екi жыл салып бала шопан ағасынан әлгi тас туралы сұрайды. Ол бiрден iнiсiн сарайға ертiп апарады.
“Мен сарайдан алып әрi мықты белгiсiз мақұлықты көрдiм”, – деген тұрғын ағасының кенеттен қаза болып, ал мақұлықтың жоғалып кеткенiн айтады.
Ер адам интернеттен бiр бейнебаян кездес­тiрiп ондағы мақұлық өзi көрген жануарға ұқсағаннан соң болған оқиға жай­лы айтып берген. Оның айтуынша, Оңтүстiк Қазақстаннан табылған белгiсiз мақұлық осы бейнеде көрсетiлген айдаһардан аумайды екен.
 
285 ЖЫЛАН АУЛАПТЫ
Қапқа салынған 285 жыланды бостандыққа жiберген ер адам жұрттың таңданысын тудырды. Оқиға жайлы segodnya.ua  жазды.
“Бейнебаян Үндiстанның орталық аймағында орналасқан Бхопал қаласында түсiрiлген” деп жазады tjournal.
БАҚ-тың мә­лiметiне қарағанда, ер адам ауыл маңынан ұсталған жыландарды қауiпсiз жерде бостандыққа жiберген. Жылан аулайтын адам олардан мүлде қорықпайтынын айтқан.
 
АҚЫРЗАМАН ТАЯП ҚАЛҒАН БА?
Канаданың ВСА зерттеу компаниясының эко­номистерi адамзаттың 2290 жылға қарай жойылып кетуi мүмкiн екенiн есептеп шығарды. Бұл туралы РБК ақпарына сүйен­ген ras.kz хабарлады.
“Канаданың BCA Research компаниясы дайындаған баяндамаға қарағанда, ендi адамзаттың жойылып кетуiне 700 жылға жетер-жетпес уа­қыт қалған – бұл 3 мил­лион жылдық тарихы бар адам баласы үшiн барынша қысқа мерзiм”, – деп жазады агенттiк.
Goldman Sach компаниясының бұрынғы эко­номисi, BCA Research-тiң бас стратегi Питер Бе­резиннiң “Ақирет күнiнiң тәуекелi” деген атаумен клиенттерге жолдаған шолуында ақырзаманның болуы және адамзат өр­кениетiнiң жаппай жойы­лып кету ықтималдылығы жөнiнде айтылған. “Бiздi қатты мазасыздандыратыны, адамзаттың бiрне­ше ғасырдан кейiн жойылып кетуiнiң жоғары ықтималдылығы бiздiң болжамымыздан да ерте туындап қалуы мүмкiн екен­дiгiнде”, – деп атап көр­сетiлген шолуда.
Березин мұндай ықтималдылықтың тек ақыл-ой ойындарынан туып отыр­ғанын жасырмай айта келiп, адамзаттың 2290 жылға қарай жойылып кетуiнiң ықтималдылығы 50 пайызға бағаланып отырғанын және мұның 2710 жылы орын алу мүм­кiндiгi 95 пайыз екенiн алға тартады.
Беттi дайындаған Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті