1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Елнұр Бақытқызы
19 желтоқсан 2016
Болашақ мекенiмiз – Марс
Мына қызықты қараңыз, биыл қазан айында АҚШ-тың сол тұстағы президентi Барак Обама CNN сайтында “Қызыл” ғаламшарды игеру жөнiндегi жоспарымен бөлiскен. “Бiздiң мiндетiмiз – 2030 жылға қарай Марсқа адамдарды жiберу және оларды қауiпсiз түрде Жерге қайтару. Түпкi мақсатымыз – бiр күнi онда ұзақ уақытқа қалу”, – деп жазады бұрынғы АҚШ прези­дентi. Сол жолы Б.Обама АҚШ астронавттардың Марсқа барып-қайтуы үшiн және ол жердегi өмiрiн қамтамасыз ету мақсатында жеке компаниялармен байланыс жасап жатқанын мәлiмдеген.
Осы жерде Барака Обама мен Илона Масктiң (SpaceX бас директоры) пiкiрi мен көзқарасы тоқайласады. Марсты бағындыру жоба-жоспарында кәсiпкер Маск бәрiнен озып кетiптi. Қыркүйекте Маск 67- Халықаралық астронавтикалық конгресс федерацисында баяндама жасаған. Оның Марсты игеру жоспары мынадай: 100 жолаушы сыятын 450 тонналық кеме жасау. “Қызыл” ғаламшарға алғашқы адамдарды 2020 жылға қарай жiберу және 10 мың рейс жасап миллион тұрғынды сол жерге жерсiндiру (марс­тандыру). Орналастыру (басып алу) мерзiмi: 40-100 жыл. Илон Масктiң пайымынша, осы уақыт iшiнде Марста жеке өркениет қалыптасады.
Қазан айында Марсқа “Скиапарелли” модулi жiберiлдi. Бұл – Роскосмос пен ЕКА-ның (Еуропалық ғарыш агенттiгi) “Экзомарс” бағдарламасының бiрiншi бөлiмi. Бағдарламаның екiншi бөлiмi 2020 жылы басталады. Осы кезде НАСА  “Марс-2020” жобасын iске қосады.  2018 жылы “Марс-Астер” бағдарламасын жүзеге асырады. Қытай топырақ жинау үшiн өзiнiң марсоходын жiберудi көздейдi.  2022 жылы НАСА мен ЕҒА-ның Mars Sample Return Mission — бiрлескен жобасы жүзеге аспақшы.
 
КӨЗГЕ НЕГЕ МАРС ТҮСТI?
Мүмкiн, Күн жүйесiнiң өзге ғаламшарлары Жерден тым алыс немесе жағдай көтермейдi. Мысалы, Жерге қоңсы тұрған Шолпан­ға жету температурасы – 500 °C. Бұған қоса, Илон Маск­тiң пiкiрiнше, “Болашақта Жер ғаламшарында үлкен апат болуы ықтимал. Соның салдарынан Жерде өмiр сүру мүмкiндiгi жоғалады. Сондықтан апатқа жетпей тұрып халық “ғаламшараралық көрiнiс­ке” көшуi тиiс”.
Марс – Күн жүйесi ғаламшарының бiрден-бiр жүйелi түрде жетiк зерттелген ғаламшары: оның орташа тәулiгi 24,6 жер сағатына тең. Жыл мезгiлдерiнiң ауысымы да жерге ұқсайды. Марс­та атмосфера бар және мұз құрсаулары да жоқ емес. 2008 жылы “Феникс” шолғысы Марс топырағынан су алды. Марс топырағының басқа пара­метрлерi (pH и химиялық элементтер) теориялық жағынан өсiмдiк өсiруге қолайлы. “Марсианин” фильмiнде Мэт Деймонның мұны қалай жасағанын естерiңiзге түсiрiп көрiңiздершi. Дейтұрғанмен, адам баласына Марста өмiр сүру оңайға соқпайды: Ауада небәрi 0,13% кислород бар, орташа температура -55 °C шамасында, қысым мен тартылыс күшi жердегiге қарағанда аз, ал адам денсаулығы үшiн радиация тым жоғары.
Дерек көздер: nasa.gov, ria.ru, ТАСС
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті