1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
19 желтоқсан 2016
Жын арбаған түн
Күндердiң бiр күнiнде менiң ойымда бiр өзгерiс пайда бол­ғанын сезе бастадым. Құдды қасымда бiреу жүрген сияқты. Қолымнан тартады, қарасам ешкiм жоқ. Тiл қатады, бұрылсам тағы ешкiм жоқ. Ал қиялым басқа бiр әлемде жүргендей. “Мен осы жынданып кеткен жоқпын ба?” деп iштей ойланып қоямын. 
Осылайша басқа жұмысқа барар күнiмдi күтiп, бұрынғы жұмысым мен ұжымымды қимай (өкiнiш те бар) жатып ұйықтап кетiппiн. Түсiмде өзi республикаға танымал емшi, дiни бiлiмi де жоғары, көрiпкелдiгi де бар, әдебиет-өнер десе iшкен асын жерге қоятын Т. деген ақсақалға барып: “Аға, мен арақты iшемiн деп iшпеймiн ғой, әйелiм кетiп қалып жалғыздықтан қажыдым. Iшiм күйген соң iшiп жүрмiн. Сол үшiн менi жұмыстан шығарып жiбередi. Маған Құран сүрелерiн үйретiңiзшi...” деп мұңымды шағып жылап жатыр екем. Есiмде қалғаны ол кiсi маған: “Ештеңе жоқ, бұл сенiң басыңа келген уақытша ауыртпашылық, бәрi жақсы болады. Басыңды көтер, көзiңдi аш...”, – деп иығыма қолын салып, арқамнан қағып жатыр екен. Түнгi сағат 12-1-лер шамасы болуы керек. Оянып кетiп көзiмдi ашып алсам, бөлменiң iшi бiртүрлi. Керегенi жағалай өңкей сұлу адамдар маған тесiле қарап тұр. Алғаш денем дiр еткенi рас. Бойымды тез жиып ала қойдым. Санадым, 7-еу екен. Бес әйел, екi еркек. Екi еркек есiктiң екi жанында тұр. Сымбатты. Осы заманға сай аппақ жейде, шалбар киген. Екi қыз да заманауи киiнген. Ал екi әйел ересек. Бiреуiнiң үстiнде таза үндi әйелдерiнiң ұлттық киiмi. Же­тiншiсi 7-8 жасар қыз бала. Осы жерде аңыздар мен ерте­гiлердi, мифтiк шығармаларды көп оқып, бала кезiмiзде көне көз, кәрi құлақтарды көп тыңдағанның пайдасы тидi-ау деймiн. Үлкендер айтушы едi: “Сайтан (шайтан) болса сықылықтап күлiп, улап-шулап жүредi” деп. Мыналарда үн жоқ, тек қолдарымен ымдап, қимылмен көрсетедi. Бұлар “шайтан емес, жын-перi­лер” деген ойға келдiм. Өйткенi жын-перiлер улап-шуламайды дегендi құлағым шалғаны бар. Соларға қарап отырып байқамаған екем, терезеден бiрдеңе елес бергендей болды. Сөйт­сем, терезенiң көше жақ тұсында бiр тобы тұр. Киген киiмдерi мен лағыл моншақ, сырға, бiлезiктерiнiң көркемдiгiнен көз тұнады. Бәрi ымдап далаға шақырады.
Анда-санда терезе тұсына жақындап келiп, атымды атап шығуымды өтiндi. Сол дыбыстың өзi маған тым алыстан талып жеткендей болды. Ал iштегi бiр жiгiттiң қолында жарты бөтелкедей арақ. Шишасы өте әдемi. Стаканға құйды да маған ұсынды. Егер мен қол созып алып iшсем, сол жерде жынданып соларға ерiп кететiнiмдi бiлдiм. Оны шынайы iшпейсiң ғой, қол созып келiскенiңнiң өзi арбауына түскенiң. Қызықтырғаны болар, анда-санда екеуi кезек-кезек маған көрсетiп алып қояды. Көзiмдi сығырайтып жұмсам, ақырындап маған жақындай бас­тайды. Ашып қалсам, барлығы жалт берiп керегеге сүйенiп тұра қалады. Басында-ақ “жын-перi оттан қорқады” деген есiме түсiп, бiр қорап сiрiңкенi қолыма алып алғанмын. Оның бiр талын жағайын деп ұмтылсам “жақпа” дегендей бастарын шайқап тыпырлап кетедi. Ал от жарқ еткенде жан ұшыра көзден ғайып болады. Шырпы сөнгенде қайта пайда болады. Бiр уақытта үлкен күре жол жақтан жүк көлiгiнiң дауысы естiлiп, берi қарай бұрылды. Сөйтсем, Алматыдан жүк әкеле жатқан қызыл КамАЗ екен. Жақындап келгенде жарығынан байқағаным, көше бойында тұрған ағаштардың басында бес-алтауы отыр. Астынан машина өткенде ағаштарды сiлкiлеп бәрi билеп кеттi. Қол боста оқимын деп апарып қойған газеттен шиыршықтап алдым да бiреуiн алау ғып жаққанымда бәрi көзден ғайып болды. Өзiм жататын үйге жақындағанда “жын-шайтанға 40 тас лақтырсаң қашады” деген сөз есiме түсiп, жолдан кiшiрек 40 тас жинап алдым да, менi қаумалағандарға лақтыра бастадым. Тастан үркiп бәрi керi шегiнедi де жүрмейдi, жерден сәл көтерiлiп қалқып кетедi. Сол түнi ай толып, түн аппақ болып тұрған-ды. Қайтадан үйге кiрiп алдым. Тағы сол баяғы көрiнiс, тек есiктегi екi ер адамның орнына әскери әлде күзет формасындағылар ауыстырылыпты. Таң атқанша Құдай атынан бастап бiлетiн дұғаларымды мың рет айтқан шығармын. Таң да бозамықтанып ата бастады. Жарық молайған са­йын даладағы топ бiртiндеп жоғалды. Үй де алакөлеңкелене бастағанда менiң “күзетшiлерiм” де жоқ болды. Ол кезде бiр қорап сiрiңкемнiң соңғы талы қалған едi. Сол күнi сөйлескен жұмысыма барайын деп жиналып жатып, бейтаныс үннен далаға қарап қалсам, жыңғыл арасынан екеуi жалт бердi. “Қой мұнда келiп жатсам, мыналар менi алып тынады (жындандырады) екен, одан да кетейiн” дедiм де, аудан орталығындағы мешiтке тарттым. Онсыз да сiлем қатып, басым мең-зең, көз алдымда мыңдаған құбылыстар пайда болып, жұ­мыс iстейтiндей халiм жоқ едi. Бас имамға болған жайды түгел баян­дадым. Ол ұзақ дұға оқып, дем салды, дiни рәсiмдердiң бәрiн жасады. Дұға аяқталар сәтте жоғарыдан мыңдаған шұ­ғыла нұр төгiлгенiн анық көрдiм. Сонда барып өзiме-өзiм келдiм.
Бек Диханбек,
Шонжы ауылы,
Ұйғыр ауданы,
Алматы облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті