1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
19 желтоқсан 2016
Күн көзiнен қуат алған беймәлiм кеме
NASA ғарыш агенттiгiнiң уфология теориясына сенiп табынушы қызметкерлерi “Күннiң көзi басқа ғаламшардан ұшып келетiндердiң кемесiн қуатқа толтыратын бекет бола алады” деп мә­лiмдедi. Мұндай пiкiр Күн кө­зiнiң жарық түсiру қабi­летiнiң кемуiне байланысты айтылған.
Анығында, таяуда ға­лым­дар Күн көзiнiң айналасындағы кеңiстiктi зерттеу жұмысымен айналысып жат­қан SOHO шолғысына түскен бiр бейнетаспаға назар аударды. Таспаға “өз­ге ғаламшар кемесiнiң бiздiң мекенге келу үшiн Күннен қуат алып жатқан сәтi түсiп қалуы мүмкiн”, – дейдi уфологтар. Назар аударатын бiр жайт, әлгi беймәлiм ұшқыш нысаны Күн көзiнiң жарығына жақындап келiптi. Мамандардың пайымынша, беймәлiм ұшқыш нысанының материалы күн плазмасына қарағанда ерекше болуы мүмкiн және ол ақ түстi екен.
SOHO жабдығы – ASA мен ЕКА-ның бiрлесе жасаған жұмысы. Осы жылдың 27 қарашасында ол әуеде айналып жүрген кометалардан бөлек жүздеген беймәлiм ұшқыш нысанын түсiрiп ал­ған. Алынған бейнетаспа уфологтар мен ғалымдар арасында қызу талқылануда. Ғалымдардың пiкiрiнше, егер таспадағы шынымен де өзге ғаламшар кемесi екенi анықталса, онда мұн­дай жағдай Күн құрамының жедел бұзылуына ықпал етедi. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті