1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
19 желтоқсан 2016
Метеорит құлады
Хакасиядағы Саяногорск қаласының аумағына метеорит құлады. Оқиға таяуда орын алды. Куәгерлер бейненi әлеуметтiк желiлерде жариялап жатыр. ТЖМ өкiлдерiнiң түсiндiруiн­ше, аспан денесi болжамға сәйкес атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетiп, жер бетiндегi нысандарға ешқандай зиян келтiрген жоқ. Осыған орай жергiлiктi тұрғындар да ерекше жағдайды байқамаған. Алайда мамандар тобы метеориттiң жеке элементтерi түсуi мүмкiн деген болжаммен Бабик алқабына жүрiп кеткен. Хакасия және Красноярск өлкесiнiң тұрғындары бұдан бұрын да “аспандағы жарық”  оқиғасы туралы хабарлаған. Соған қарағанда, метеорит бұл аймақты жиi “айналдыратын” сияқты.
 
АДАМ ЖЕЙТIН МАҚҰЛЫҚ
Үндiстанда адам жейтiн белгiсiз мақұлық ұсталды. Шекара маңынан табылған жануар жолында кездес­кеннiң бәрiн жей беретiн көрiнедi. Жануарларды былай қойғанда, адамдарға да шабуыл жасап, азығына айналдыр­ған мақұлықты жергiлiктi тұрғындар қолға түсiрдi. Мұндай хайуанның өңiрде төртеуi “талтаңдап” жүр екен. Көпшiлiк әзiрге тек бiреуiн ғана ұстап алыпты. Қолға түскен мақұлықты бейнетаспадан көрген желi қолданушылары оны “терiсi сыпырылып, сырқаттанған аюдың бiр түрi” деген болжам айта бастаған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті