1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Елнұр Бақытқызы
19 желтоқсан 2016
17 жыл жер астында өмiр сүрiптi
Қираған шахтаның астынан 17 жылдан кейiн тiрi шыққан адам әлемдi таңғалдырды. Осыдан 17 жыл бұрын Қытайдың батысында қуаты 7,8 балдық жер сiлкiнiсi болған. Соның салдарынан 118 жұмысшы – сы бар шахта опырылып қалыпты. Содан берi шахтаның қираған бөлiгi жабық күйiнде қалған. Алайда кеншiлер қараусыз қалған шахтадан кездейсоқ ер адамды тауып алғаннан соң ондағы жұмыс қайта жанданды. Қытайлық кеншi болса, сол қирап қалған шахтада 17 жыл бойы өмiр сүрген.
Кеншiлер үйiндiнiң арасынан 59 жастағы Чунг Вайды тауып алғанда оның жағдайы өте ауыр болды. Ол бiрден жақын маңдағы ауруханаға жеткiзiлген. Қазiр ол дәрiгерлердiң бақылауында. Кейiн мәлiм болғандай, жер сiлкiнiсi кезiнде шахтадағы ағаш тiреулер опырылып қалады. Салдарынан үйiндiнiң астында 117 адам қалып қойып, мерт болған. Қайғылы оқиғадан  тек Чунг қана аман қалады. Оның тiрi қалған себебi және кешегi күнге дейiн аман жетуi вентилияциялық саңылау арқылы демалып жатқан. Абырой болғанда шахтада азық-түлiктiң мол қоры да болған. Соған қарамастан Чунг Вай кемiргiштермен және мүкпен қоректенген.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті