1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16199) 14 ақпан, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
14 ақпан 2017
Жетi қараңғы түндегi жан шошытқан дауыс

Бұл бұдан ширек ғасыр бұрын болған оқиға. Шамамен 1989-1990 жылдары. Оңтүстiк Қазақстан облысының Созақ ауданында өзiм туып-өскен Қарабұлақ дейтiн шағын ауылда болған. Сол ауылдың үш жiгiтi: туған iнiм Мырзағали (Мырза), көршi үйдегi Дүйсенғали (Дүйсек), Жанболат (Жакон) деген туысқан iнiлерiмнiң әскерден келген бойдақ кездерi. Сол түнi үшеуi көршi ауыл Балдысудағы сауық кешiне бармақ болады. Екi ауылдың арасы бес шақырым. Ол кезде көлiк жоқ, қас қарайған соң үшеуi жаяу тартады. Бiздiң ауылдың түнi әдетте құлаққа ұрған танадай тып-тыныш, ауыр, қою, көзге түртсе көрiнбес қап-қара болады да, аспан ашық болса, жұлдыздары баданадай iрi, ерекше жарқырап тұрады. Не керек, үшеуi алаңсыз келе жатады. Екi ауылдың тура ортасында “Шұқырой” деген терең сай бар. Сол сайды кесiп өтiп, қыр басына шығады. Ары қарайғы әңгiменi туған iнiм Мырзағали айтсын:
... Бiр кезде алыстан темiрдi ауыр балғамен соққандай шыңылдаған қатты дыбыс шықты да, әлгi дауыс тап бiр шауып келген ат секiлдi тура алдымызға кеп, тоқтаусыз шыңылдап тұрып алды. Үшеумiз қорыққаннан демiмiз шықпай, бiр дене болып жабыстық та қалдық. Көзге түртсе көргiсiз қап-қара түн, ештеңе көрiнбейдi, тек әлгi дауыс тоқтаусыз сақылдап, құлақты жарып жiберердей шың-шың етедi. Кәдiмгi темiрдi ауыр балғамен үздiксiз соққанда шығатын дыбыс. Егер жарқылдап от шықса, аузынан от шашып тұрған айдаһар дер ме едiк, ондай оттың жарқылы да, өзге де ештеңе көрiнбейдi. Тек қана құлақты жарып жiберердей тоқтаусыз қатты шыңылдаған дауыс! Үшеумiз бiр дене боп жабысып тұрмыз. Бiр кезде бар күшiммен айқай салдым. Әлгi дыбыс бiрден өштi де қалды. Сол екен алға қарай безiп жөнелдiк. Балдысуға жеткенше жүгiрдiк. Үйлердiң жарығы көрiнiп, иттiң үргенi естiлген соң ғана тоқтап, есiмiздi жидық... Түнiмен “бешiрде” болып, таң атқан соң ауылға жаяу қайттық. Әдейi түндегi жерден өтiп, ары-берi қарадық. Ештеңе сезiлмедi...
Iнiм Мырзағали қазiр ауылда, Дүйсек пен Жакон Таукент қалашығында тұрады. Үшеуiнiң де жасы елуден асты. Кездескен сайын олардан осы оқиғаны қайталап сұрап тұрамын. Жетi қараңғы түнде елсiз далада жын болмаса, жан баласы жүрмейтiнi анық. Оның үстiне бiздiң тау қойнауындағы шағын ауылда.
Жетi қараңғы түнде жан шошытқан не болды екен, а?! Осы сұрақ менi көп жылдардан берi мазалап тұрады. Бүгiн де есiме түсiп, жазып отырмын.
Жетi қараңғы түндегi жан шошытқан дауыс кiмдiкi, ненiкi болды екен, а?!

Т.ТӘШЕНОВ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті