1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16199) 14 ақпан, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
14 ақпан 2017
ЗУЛЕЙКАНЫҢ сарсаңы

Бiр күнi үйде фотоаппаратымды таппай қалып, әбден әбiгерге түскем. Негiзi ол iнiмдiкi едi. Уақытша сұрап алғам. Өзiмдiкi болса бiр сәрi, иесiне затын қайтару керек. Жол сөмкемнiң үстiңгi қалтасына салғанымды бiлемiн. Ашсам жоқ. “Мүмкiн, шатасқан шығармын” деп үйдiң астаң-кестеңiн шығарып iздедiм. Қуыс-қуыстың бәрiн қарап шықтым. Жол сөмкемнiң әлгi қалтасын өтiрiк айтпасам жиырма рет ашып-жапқан шығармын. Үйдегiлер де қосылып iздеп жүр. Алай қарадық, былай қарадық, таппадық. Су жаңа фотоаппарат едi, әрi қымбат. Iнiме не айтамын? Әбден басым қатты. Сонымен арада үш-төрт күн өткенде, әлгi сөмкемнiң үстiңгi қалтасын ашып қалсам, о тоба, фотоаппарат тұр. Қуанып кетiп, iнiме тез-тез қайтарып берiп құтылдым.
Тағы бiрде күртешемнiң қалтасына бiр уыс тиын салғам. Үйде ешкiм жоқ. Арада бес-он минут өттi ме, өтпедi ме, дүкеннен нан әкелейiн деп қалтаға қолымды салсам, бiр уыс түгiлi, бiр теңге де жоқ. Сайтан алып кеттi ме? Жоқ әлде, жер жұтып кеттi ме? Аласұрып үйдi төңкеруге шақ қалдым. Маған ендi шындап қызық болып тұр. Қайда кеттi? Iздеп жүрiп әлгi күртешемнiң қалтасын айналып кеп қараймын, айналып кеп қараймын. Жоқ! Дереу күйеуiме телефон соқтым: “Айттым саған, бiздiң үйде домовой бар деп! Өзiң ойлашы, жаңа ғана күртешемнiң қалтасына бiр уыс тиын салдым, бес минуттан кейiн жоқ боп шығады. Бұл қалай, ә?”. Ол: “Сенiң домовойыңмен айналысатын уақытым жоқ!” деп өшiре салды. “Уф, мен жынды емеспiн, жынды емеспiн” деп бетiмдi суық сумен шайқадым. Жүрегiм атқақтап кетiп, аузыма тығылды. ...Артынша ерегiсiп барып күртешемнiң қалтасын тағы қарадым. Мәссаған, безгелдек. Тиындарым тұр. Үйде жан баласы жоқ. Құдай сақтай гөр!
... Жақында зүмiрәт көздi жүзiгiмдi таппай тағы әбiгерге түстiм. Ол жүзiк мен үшiн ерекше қадiрлi. Алдымен суырма, одан кейiн ақ қобдиша. Саусағымнан шеше салысымен бiрден сол қобдишаға түседi. Бұл – шартты рефлекс. Оның iшiн мың ақтардым. Жоқ! Бұл жолы: “Зулейка, бұл сенiң iсiң ғой, қой орнына” дедiм. Оның аты – Зулейка. Бiздiң үйдiң көрiнбейтiн тұрғынына қызым екеумiз осындай ат қойғанбыз. Кешке қарай ақ қобдишаның iшiнен зүмiрәт жүзiгiм де табыла кеттi.

Марина ЖҰМАШ,
Алматы облысы,
Iле ауданы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Полатбек Жанбаев | 15 ақпан 2017 15:16
Қызық екен
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті