1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16199) 14 ақпан, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
14 ақпан 2017
“Кобра” десе дегендей

Үндiстанның Мумбай қаласында 21 жастағы Сомнат Мхатре деген жiгiт кобраны сүйiп селфиге түспекшi болғанда, оны жылан шағып алған. Жануарлар бағының қызметкерi болып жұмыс iстейтiн ол ауруханаға түскеннен соң үш күннен кейiн көз жұмған. «Жас өмiрдiң аяқ астынан қиылғаны қандай өкiнiштi. Оның Facebook-тегi парақшасында жыландармен ойнап жатқан, тiптi, кобраны сүйiп тұрған суреттерi бар. Негiзi мұндай трюктерге тыйым салынуы керек», – деп мәлiмдейдi Үндiстанның жануарларды қорғау ұйымының өкiлi Паван Шарма.

АҚЫРЗАМАН НЫШАНЫ
Мамандардың болжауынша, климаттық өзгерiстер мен ядролық соғыс адамзаттың және жалпы жердегi тiршiлiктiң жойылуына себепкер болатын iндет (пандемия). Баяндама авторлары әлем елдерiнiң үкiметтерi Жер шарын осы қауiп-қатерден қорғау үшiн қажеттi шараларды жүзеге асырмай жатқанын айтқан.
Осыдан бiр жыл бұрын, әлемге танымал физик – Стивен Хокинг ақырзаманның осы мыңжылдықта болатынын және оған техногендi апаттардың себепкер екенiн жариялаған едi. Ол да өз тарапынан үш қауiптi атады. Олар: ядролық соғыс, жасанды интеллект және гендiк-инженерлiк вирустар.
Стивеннiң пайымынша, қазiр адамдар ғарыштық саяхатқа аса үлкен қызығушылық танытуы керек. Себебi, адамзаттың жойылып кетуiне тоқтау болатын бiр нәрсе болса, ол – осы ғаламшардан кету.
Сондықтан да, зерттеушiлер мен сарапшылар әлемдiк билiктi құжатта көрсетiлген, аталған қауiптiң алдын алу шараларына аса үлкен мән берiп, әрекет етуге шақырады.

ЖЕР БЕТIНДЕГI ҮЛКЕН ШҰҢҚЫР
Шығыс Сiбiрдегi Мирная шахтасы алмас кен орны ретiнде ашылған едi. Алайда бүгiнде бұл құпия мекенге тiкұшақтардың да ұшуына тыйым салынған.
2004 жылы кен орнын жапқан кезiнде шахтаның тереңдiгi 525 метрге, ал енi 1200 метрге жеткен. Бұл оны Бингкхэм шатқалындағы шахтадан кейiн үлкендiгi жағынан әлемде екiншi орынға жайғастырды. Оның тереңдiгiнен қорыққан билiк шахтаның үстiнен ұшақ атаулының ұшуына рұқсат бермей отыр. Себебi, бұл шұңқыр кез келген тiкұшақты өзiне тартып әкетедi. Жылына 10 миллион карат алмас өндiретiн шахта бүгiнде Жер бетiндегi үлкен шұңқырға айналған.

 

СУ ҚҰДАЙЫ СЕБЕК ПЕ?
Мысыр елiнiң Кена провинциясында зерттеу жұмыстарын жүргiзiп жатқан археологтар тобы ойламаған олжаға кезiктi.
Бұл жолы ғалымдардың қолына мумияланған алып қолтырауын түстi. Алдын ала зерттеу нәтижелерi мақұлықтың ұзындығы 4 метр болғанын дәлелдейдi.
Мумияланған мақұлық денелерi Нiл өзенiнiң шығыс жағалауындағы Наг-Хаммади ауданынан табылған. Айта кетейiк, бұл жерде перғауындарға жақын адамдардың, лауазымды тұлғалардың мазары орналасқан.
Мазар басын зерттеу кезiнде бальзамдауға арналған құрал-саймандар, сондай-ақ мумияны жерлеу алдында ораған кенеп маталар табылған.
Археологтардың айтуынша, төрт мертлiк алып қолтырауын египеттiктердiң ерте замандағы су құдайы Себек болуы мүмкiн. Жергiлiктi халық сенiмiнде су құдайы қолтырауын сұлбасында болған көрiнедi.

СОҢҒЫ АСТРОНАВТ
Таяуда АҚШ-та 82 жастағы астронавт, Ай бетiне қонған соңғы адам ретiнде белгiлi Юджин Сернан қайтыс болды,- деп хабарлады NASA. Астронавт өз отбасында көз жұмған.
Юджин Сернан мен геолог Харрисон Шмитт 1972 жылы желтоқсанда Айда үш тәулiктен астам уақыт болып, сол мерзiм iшiнде үш рет Ай бетiне шыққан. Ол Аполлон-11 миссиясының командирi ретiнде Ай бетiне шыққан он бiрiншi адам болды.
Сернан ғарышқа үш рет ұшты. 1966 жылы ол ашық ғарышқа шыққан екiншi америкалық астронавт атанған.
Юджин Сернан 1976 жылы NASA-дан бизнеске кетiп, АҚШ телеарналарында комментатор болып қызмет iстедi. 2016 жылы оның өмiрi туралы “Ай бетiндегi соңғы адам” деп аталған деректi фильм шықты.
Ұлыбританиядағы Оксфорт университетiнiң философия факультетiне қарасты институттың зерттеушiлерi ғылыми баяндама жасады. Онда ғалымдар тобы “адамзаттың жойылуына себепкер болуы мүмкiн” деген оқиғаларды атап өттi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті