1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
14 наурыз 2017
Киттің асқазанынан ау шықты

Осы күні адамның жағымсыз әрекеттерінен жануарлар зардап шегуде. Оған Солтүстік теңізінен жағаға шығып қалған 29 өлі кит дәлел. Қараңыздар, өлген бір киттің асқазанынан балық аулауға арналған 13 метрлік ау мен 70 сантиметрлік көліктің сынығы табылған.
Әлем жұртшылығы түрлі қоқыс арқылы теңіз, мұхиттарды ластап келеді. Қалдық атаулының барлығы суға түседі. Мамандар пестицид, пластиктер суда өмір сүретін тіршілік иелеріне өте зиян екенін жазады. Тіпті олар жәндіктерге оқтан да тез әсер етіп өлтіреді екен. Кейбір елдер осы күні мұхитқа радиоактивті қалдықтарды тастаудан да тайынбайды.
Мамандардың айтуына қарағанда, әлемде 80 пайызға жуық пластикалық қоқыс мұхитқа келіп түседі. Әдетте пластикалық заттар түссіз келеді. Балықтар абайсызда оны жұтып қояды. Соның нәтижесінде азап өліммен өледі. Мысалы, өлген кашолоттың денесі Калифорниядағы жағалауға шығып қалған. Оның ішінен бірнеше пластик заттар шыққан.
Киттер көп қоқыс жегеннен өлмейді. Олардың ағзасы пластиктің өзін қорыта алады. Ал одан кішкентай жануарлар пластик заттардың кесірінен, яғни ішкі ағза мүшелерінің зақымдануынан өледі. Соңғы онжылдықта мұхиттарда үлкен қоқыс дақтары пайда бола бастаған. Оның ең үлкені Тынық мұхитында екен. Қоқыс жиналған аймақтың көлемі Техас штатымен бірдей.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті