1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
14 наурыз 2017
Қайта тірілген Құмар

Үндістанда 17 жастағы Құмар Маревад есімді жасөспірім өзін жерлеп жатқанда тіріліп кетіп, жұртты шошытты. Ата-анасы оны қозғалмай және тыныстамай жатқан соң өлдіге санаған.
Бір ай бұрын жасөспірімді қаңғыбас ит тістеп алған. Содан кейін Құмардың ыстығы көтеріліп, Дарвада емханасына түседі. Оның жағдайы нашарлап, жасанды жабдықпен ғана тыныстай алатындай күйге жетеді. Алайда мұндай ем-домға қаражаты болмаған ата-анасы оны амалсыз үйіне алып кеткен.
Жерлеу рәсімі орындалатын жерге дейін «мәйітті» жаяу екі шақырым алып жүрген туыстары оның кенеттен қолын қозғалтып, қатты тыныстай бастағанын байқайды. Сол сәтте ұлын бірден емханаға жеткізген ата-анасы оны қайта жабдыққа қостырады.

АЙҒА САЯХАТ
Айға саяхат жасау енді ертегі емес. АҚШ-тың ғарыштық компаниясы келесі жылы екі адамды жер серігіне саяхатқа жібермекші көрінеді. Ғарыштық туристер 400 мың шақырым жерді артқа тастап Айды өз көзімен көріп қайтпақшы.
Астронавттар Айға Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы жасап шығарған ұшу аппаратымен жетпек. Бірақ саяхатшылар жер серігіне аяқ баспайды. Оны тек өз көзімен көріп қайту үшін бармақшы.
Бұл жобаны жүзеге асырып жатқан «SpaceX» компаниясы саяхатшылардың аты мен Айға ұшу сапарының құнын құпия ұстап отыр.

7 ҒАЛАМШАР ТАБЫЛДЫ
NАSА Күн жүйесіне жақын кеңістіктен көлемі Жер шарына сәйкес келетін 7 жаңа ғаламшар табылғанын жариялады.
Олар TRAPPIST-1 қызыл жұлдызының орбитасынан табылған және 7 ғаламшардың үшеуі өмір сүру үшін қолайлы болуы мүмкін. Ғалымдардың болжауынша, онда судың сұйық күйінде сақталуына мүмкіндік бар. Жер шарынан ғаламшарлардың ұзақтығын салыстырып көрсету үшін ғалымдар «ол жаққа ұшақпен ұшып бару үшін 49 млн жыл уақыт кетеді» дейді.
«Ғаламшарлардың барлығы бір-біріне және Юпитерге жақын орналасқан», – дейді астроном Мишель Гийон. Оның айтуынша, бұл экзопланеталар «Спитцер» атты телескоп арқылы табылған.
ВВС-дің ғылыми шолушысы Дэвид Шукманның айтуынша, NАSА осы күнге дейін 3449 ғаламшарды тапқан. Енді ғалымдар онда оттегі мен метан секілді газдардың бар-жоғын анықтауы керек.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті