1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16216)   18 сәуір, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
18 сәуір 2017
Жезтырнақпен жұлысқан бай

АҢЫЗ БА, ӘЛДЕ ШЫНДЫҚ ПА?
Мұны бізге жел жеткізген жоқ, су сыбырлаған жоқ. Аңыз десеңіз, болған оқиғаны тірі адам өзінің ұрпағына айтып кеткен. Ал шындық десеңіз, ертегі кейіпкерімен кездескен кісінің сөзіне сенгіңіз келмейді. Бірақ артына қалдырған сөзі бар...
Сонымен, ауылымызда ертеректе өз заманының бай-бақуаттысы болған Аяпберген деген кісі өмір сүрген. Екі адамның басы қосылса, бай-бағландар туралы әңгіме өрбісе, осы кісі жайлы әңгіме тиегі ағытыла бастайды. Не құдіреті барын өзім де түсінбеймін.
Бір күні Аяпбергеннің бір үйір жылқысы жоғалады. Жылқышылары күні-түні іздегенімен табылмайды. Бұған шыдай алмаған Аяпберген бай дереу қаруын асынып, атына мініп, жоқ іздеуге шығады. Ауыр қыстан ақ көрпесін айқара ашып тастап, әдемі бір түрлі түсті көйлек кигендей Жер-Ана көктеп неше түрлі гүлге оранған шақ екен. Жаңа ғана көктеп бір қарыстай өскен, иісі бұрқыраған жусанды бырт-бырт үзіп жеп келе жатқан жарамды айғырының ауыздығын салып, тебініп қалып шоқыта жөнелген Аяпберген бай табиғаттың әсем әсеріне елтіп масаттанып, жан-жағына қарағыштап жортып келеді. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, әйтеуір, дала кезіп, елден біраз жер шығындап кетіпті.
Бір кезде ойда жоқта сап етіп алдынан алба-жұлба киінген, шашы дода-дода, тырнақтары қарыстай, түрі адам шошырлық бір кемпір шыға келіпті. Еркек емес пе, Айекеңнің жүрегі былқ етпепті. Кемпір келген бетте Аяпбергенге жабысыпты. Айекең де еңгезердей қарулы, алып күштің иесі, мығым кісі екен. Кездесе кеткен кемпірдің жезтырнақ екенін сезген ол бас салып кемпірдің кеңірдегінен ала түсіпті де, тақымға алып шаба жөнеліпті. Астындағы айғыры шошып, мөңкіп ала қашып бір алапат болған екен. Күш-қайраты бойына сыймай аласұрған Аяпберген сонда да аттан түспей, жалмауыздың мойнынан айырылмапты. Әлден уақытта жезтырнақ қырылдап, әлсіреген кезде Айекең кемпірге:
– Өзің келіп тиістің, ал, енді айт, сені өлтіріп жіберейін бе, жоқ әлде тілегімді орындайсың ба? – депті.
Албасты кемпір зорға дем алып: «Тілегіңді айт!» – депті.
– Тілегім сол – өзім тұрмақ, ұрпақтарыма жаулығың болмасын. Артымдағы бала-шаға, немере-шөберелерім өсіп-өнсін, бақытты, бақуатты болсын. Осыған уәдеңді бер! – депті.
Дал-дұлы шыққан кемпір: – Болсын, тілегің! – деген екен.
Содан соң Аяпберген әлгі кемпірді босатып қоя береді де, «шу» деп атына қамшы басып шауып ала жөнелген екен. Бір қызығы, осыдан кейін жоғалған үйір жылқысы да алдынан шығыпты.
Ауылға келген соң ағайындары мен бала-шағасын жинап алып, осы бір болған оқиғаны айтып беріпті. Оған біреу сенген, біреу сенбеген. Ал сол Аяпберген байдың кейінгі ұрпақтары өсіп-өніп, бақытты, бақуатты өмір кешіп жатқаны бізге аян.

П.РАХЫМБЕРДІҰЛЫ
Ойық ауылы
Талас ауданы
Жамбыл облысы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті