1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16216)   18 сәуір, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
18 сәуір 2017
Марста бау-бақша салу мүмкін бе?

Марс ғаламшарында мұздықтар бары бәрімізге белгілі. Сондай-ақ қызыл ғаламшардың атмосферасында оттегі барын да білеміз. «Ендеше, онда өсімдік өсіруге бола ма?» деген көкейкесті сұрақ адамзатты толғандыратыны рас» деп жазады Nationalgeographic.kz басылымы. Нидерланд экологтары Марс бетіндегі топырақтың химиялық құрамымен сәйкестендірілген топырақта өсімдіктің 14 түрін сынақтан өткізді. Топырақ құрамында фосфор, азот, калий, магний, кальций және темір сияқты өсімдіктің өсуіне қажетті барлық құнарлы заттар болды.
(«Марсиандық» фильмінде (кітабында) ғарышкердің нәжісті тыңайтқыш ретінде пайдаланатыны секілді жағдай орын алған жоқ).
Бірнеше айдың ішінде өсімдіктердің көбі, мәселен, сәбіз аман қалды. Алайда Марстағы топырақтың кемшілігі – ондағы күнге қақталған түйіршіктер өте майда, сондықтан ылғалды ұстап тұра алмайды.
«Марсқа бақша салу идеясы ғылыми тұрғыдан қызықты болғанымен, жүзеге асуы мүмкін бе?»
«Жоқ», – дейді топырақты зерттеуші эколог Уайгер Уэймилинк.
Марс ауасында оттегі мөлшері тым аз, климаты суық және мұнда жердегідей өсімдіктерді жоғары деңгейлі радиациядан қорғайтын электромагниттік өріс жоқ.
«Марс тұрғындары өсімдіктерді күмбезді ғимараттардың немесе арнайы жасақталған шатырлардың ішінде өсіруге мәжбүр болады», – дейді Уэймилинк.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті