1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16216)   18 сәуір, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
18 сәуір 2017
Шөлдеген жылан

Үндістанда үйге кіріп кеткен жылан жұрттың үрейін ұшырды. Екі метрлік жыланнан қалай құтылуды білмеген үй иесі полиция шақыртқан.
Сол кезде оның адам баласы тұратын мекенге неліктен бас сұққаны бірден белгілі болды. Аптап ыстықта полицейлердің бірі пластик ыдыспен су ұсынған кезде улы рептилия тіршілік нәрін бірден іше бастаған. YouTube-те жарияланған роликте мұнан кейін әрі қарай не болғаны туралы ақпарат жоқ.

АСПАНДАҒЫ АЛЫП ТАС
JO25 астероиды 17-18 сәуірде Жерге барынша жақындайды. Оның диаметрі 1,5 шақырымға дейін жетеді. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігі хабарлады.
Астероид Айға дейінгі бес есеге жуық жақын қашықтықта жақындайды. Мамандардың айтуынша, бұл өте қауіпті қашықтық саналады екен. Астрономдардың пікірінше, 2014 жылы ашылған JO25 астероидының Жермен соқтығысуы екіталай, бірақ олай деп кесіп айтуға да болмайды.
NASA-ның мәліметінше, мұндай ірі нысан біздің ғаламшарымызға жақын келмегеніне бірнеше ондаған жыл өткен. Келесі жолы кем дегенде төрт ғасырдан кейін қайталануы мүмкін екен. 20 сәуірге қараған түні JO25 астероидын Жерден тамашалауға болады. Ол үшін дүрбі пайдалану керек.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті