1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16227)   23 мамыр, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
23 мамыр 2017
Алманы құбыжықтар қылқындырып өлтірді

Жұмысқа білек сыбана кірісіп жатқанбыз. Бір кезде «Рұқсат па екен?» – деп орта бойлы, арықтау келгфен қара торы келіншек ішке кіре берді. Айналысып жатқан шаруамызды қоя тұрып, келіншекті жоғары шығардық.
«Мен асығыстау едім. Одан да әңгімемді тезірек айтайын да, қайтайын», – деген қонағымыз тым асығыстығын байқатты. Сонымен «ол қандай әңгіме еді» дегендей, біз де құлағымызды оның аузына тақай қойдық.
– Алдымен өзімді таныстырайын, – деп келіншек бір жөткірініп алды да, әңгімесін бастай жөнелді. – Есімім – Аяжан. Мұғаліммін. Өзім осы аудан орталығында тұрамын. Еңбекші ауылының қызымын. Өз әке-шешем болса да, оларды мойындамай, әжемнің тәрбиесінде өскенмін. Әжем бес уақыт намазын үзбейтін діндар кісі еді. Өле-өлгенше ораза тұтып, Аллаға мінәжат етіп кетті. Мен жастайымнан сезімтал болып өстім. Құдайдың құдіреті, кім қалай сөйлейді? Үйге келген қонақтың пиғылы қалай? Бәрін сезіп, біліп отырамын. Жетінші сыныпты оқып жүргенде қатты суықтап, ауруханаға жатуға тура келді. Менімен бірге палатада төрт қыз жатты. Солардың ішінде жасы менімен шамалас Алма есімді қыз да болды. Сол қыз менің көзіме жақын арада өліп қалатындай болып көрінді. Естуімше, ол бір үйдің жалғыз қызы екен.
Ойын баласы кезінде ескі үйдің жанында күл-қоқыстың үстінде ойнап жүріп, әлденеге сүрініп құлап қалған көрінеді.
Содан талма ауруына ұшырапты. Көктем, күз мезгілдерінде жиі-жиі құлап, аузынан сілекейі аға беретіндіктен, әке-шешесі оны мектепке жібермей, үйінде қарауға шешім шығарыпты. Мен ауруханада жатқан алғашқы аптаның өзінде ол екі рет есінен танып құлап қалды. Ал рең басы тап-таза. Қиылған қастары мен жәудіреген бота көздері, аққұба өңі, мойылдай қара шашы көз алдыңа нағыз қазақтың аруын елестетіп тұрғандай... Оның үстіне сондай бауырмашыл, мінезі де жібектей. Жасымыз шамалас болғандықтан ба, білмеймін, әйтеуір, маған үйірлеу болды. Бар сырын менен жасырмайтын.
...Бірде қатты ұйықтап кеткен екенмін, біреу иығымнан түртіп жібергендей селт етіп оянып кеттім. Палата терезесінен көктегі ай шақырайып, жүзіме төніп тұр екен. Өзімнен-өзім қуыстанып, аяқ жағымдағы кереуетте жатқан Алмаға қараппын. Ол бір қолын төсегінен шығарған күйінде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр. Кенет жүрегім тарсылдап, дем алуым бірден ауырлап шыға келді. Көзге көрінбейтін дүлей күш мені таптап тастағандай. Сол кезде аурухана терезесінен түстері суық, көздері шүңірейген адам қаңқалары, денесі адам, басы құбыжық, қорқынышты бейнелер дыбыссыз күйде шұбап тура палата ішіне кіріп келе жатты... Бас сүйегінің еті жоқ, сықырлаған құр қаңқа склеттер дем арасында палата ішіне толып кетті. Сөйтті де, онда жатқан науқастарды шүңірек көздерімен бір шолып өтіп, Алма жатқан кереуетке қарай беттеді. Көп ұзамай Алманың жан даусы шықты. Әлгі албастылар оны тамағынан алып, қылқындыруға көшті. Алманың құлындаған даусы менің құлағымды жарып жібере жаздады. Оған көмек беру қайда? Әл-дәрменім жоқ. Сұмдық көріністен қатты қорқып жатырмын. Бір кезде Алмның үні өшті де, жаңағы қалтыраған склеттер топтасқан күйде терезеден шығып, ғайып болып кете барды...
Қара терге түскен мен көрпеге бүркеніп жата бердім. Одан арғысы есімде жоқ. Таңертең оянсам, дәрігерлер Алманың жанында үймелеп тұр. Ал Алманың бетін ақ жамылғымен жауып тастапты. Мен оны құбыжықтардың қылқындырып өлтіргенін бірден сездім. Тіпті тамағынан қылқындырғанын да өз көзіммен көрдім емес пе? Бірақ оны дәрігерлерге қалай айтасың? Айтқанмен олар сене қояр ма екен? Міне, содан бері арада отыз жыл өте шығыпты. Бірақ сол оқиға әлі көз алдымнан кетер емес. Бейне бір он екіде гүлі ашылмаған Алма арудың өліміне өзімді кінәлідей сезінемін де тұрамын. Сондықтан ешқандай амал таба алмағандықтан сіздерге келіп отырмын. Мүмкін, баспасөзге жазарсыздар. Егер шықса, Алманың аруағы маған риза бола ма, кім білсін? Оны құбыжықтардан құтқарып қала алмағаныма әлі өкінемін, – деп Аяжан әңгімесін шұғыл аяқтады да, – көріскенше, – деп шығып кетті.

Орынтай КӨМЕКОВ
Түлкібас ауданы
Оңтүстік Қазақстан облысы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті