1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16227)   23 мамыр, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
23 мамыр 2017
Бөгде ғаламшар қонақтарының шарапаты

Жақында сәтін салып, бұрынырақта прокуратура саласында ұзақ уақыт қызмет еткен Төле би ауылының тұрғыны Мұратхан Нүсіповпен танысудың реті келді. Жанымыздағы замандасымыз Нұрлыхан Бердиев деген азамат: «Мәке, «аспандағы достарыңнан» хабар алып тұрасың ба?» – дегені. Алғашында қалжыңдап тұр ма деп ұққаныммен, Нұрлыханнан: «Мұраттан қандай достарды сұрадың?» – деп қызыға бастағанымда, ол маған: «Сенбесеңіз, өзінен сұраңыз», – дегені.
Орайы келгенде кейіпкерімнен өзімді қызықтырған сауалды қойғанымда: «Ашығын айтқанымда, басымнан өткізген сол бір сәттерді жақын адамдарыма айтсам, маған сеніңкіремей қылжаққа айналдыра бастағандықтан, көпшілікке жариялай бермейтінмін. Бұл оқиға осыдан бес жылдай бұрын болған. 2012 жылы Мойынқұм ауданында жол апатына ұшырап, омыртқам үш жерден сынып, ауруханаға жатып қалдым. Біраз ем-дом қабылдағаныммен нәтиже шамалы болғандықтан, Шу қалалық ауруханасына ауыстырылғанымда, оташы дәрігерлер құлан-таза айығып, тұрып кетуге әлі де бір жылдай уақыт керек екенін ескертті. Дертімнің аса ауырлығын ескеріп, ақ халаттылар жансақтау бөліміне жатқызған. Бір күні кешкілік ұйытқып қатты жел тұрғандай болып, терезе ашылып кетіп, үстерінде суға сүңгушілер киетін киім іспеттес, бірақ алтын жалатқандай киіммен қолдарында ерекше құралдары бар, біреуі ескілеу сияқты, беттері бүркеулі үш адам кіріп келді. Сол сәтте мен маужырап ұйықтап кеткендей халде, әрі қарай кино көріп жатқандай болдым. Бөлменің жан-жағы сап-сары алтынмен көмкерілгендей, өзім болсам жерден бір метрдей биіктікте қалқып, қабырға бойымен ақырын ғана айналып жүрмін. Бір бұрышқа келген сайын денем қатты ауырады. Әлгілер үндемейді, бірақ өзім сөйлесем, олар қазақ тілінде жауап қатады. Аң-таң күйде таңырқап жүргенімде келесі күні кешкі дәл сол уақытта желдетіп, борандата қолдарына бір-бір аппақ қабырға сүйегін ұстаған ақ киімді үш адам кіріп келді. Қолдарындағы қабырғаларды қайрақпен егеген сайын менің сай-сүйегім сырқырап ауыра бастайды. Маған өздерінше ем-дом жасағандығы білінумен болды. Қарап жатпай, «маған да үйретпейсіңдер ме» десем, үн-түнсіз келіскендей бастарын изейді. Таңғаларлығы өткен күні де, ертесі де екі күн қатарынан кешкі тоғызда келетін «қонақтар» бір сағаттай маған көңіл бөліп, тұп-тура 10-да қайтып кетумен болды... Сөйтіп, дәрігерлердің бір жылдан кейін ғана жүріп кетесің дегеніне қарамастан, уақыт өткен сайын сауығып, тіптен үйге шыға салысымен травматолог Қ.Сафаров салып берген гипсті де аралап алып тастап, алты айға жетпей айығып емін-еркін жүріп кеттім. Арнайы медицина (томография) аспабымен тексерілгенде омыртқам теп-тегіс, сәл көрінер-көрінбес сызатпен ғана біткен екен. Осы таңғажайып оқиға туралы жұбайым Мейраш «досың Бөгетбекке айтып қойып жүрме, ол мазақтап күліп жүрер» деді», – деп, Мұратхан Нүсіпов көптен еш жанға айтылмай жүрген таңғаларлық сырын ақтарып салды.

Мәкен УАҚТЕГІ, Шу ауданының құрметті азаматы
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті