1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16227)   23 мамыр, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
23 мамыр 2017
Мәйітханада тірілген бөпе

Аргентинада ерлі-зайыптылар ғажайып оқиғаның куәсі болды. Олардың өлі күйінде дүниеге келген нәрестесі мәйітханада 12 сағат бойы жатқаннан кейін тіріліп кеткен. Дәрігерлер Люз Милагрос есімді бөпенің өлі күйінде дүниеге келгенін айтып, денесін мәйітханаға жолдаған. Қыздың ата-анасы Аналия Бутер мен Фабиан Верон бұл хабарды ауыр қабылдайды.
Туа салысымен 15 минут өткенде нәрестені мәйітханаға жіберген дәрігерлер ұзақ уақыт бойы оның мәйітін ата-анасына көрсетпей қойған. Мерзімінен үш ай бұрын дүниеге келген шақалақ 12 сағат бойы мәйітхананың тоңазытқышында жатады. Бөбегінің денесін көрсетуге қарсы болған дәрігерлерден күдіктенген ата-ана айқай-шумен 12 сағат өткенде нәрестені көруге мүмкіндік алады. Сәбиін қолына ала берген ана оның жыламсырағанын естіп қалғанда өз-өзіне сене алмаған.
Қыздың ата-анасы сәл кешіккенде, бөбек суық табытта тіл тартпай кететін еді. Оның 12 сағат бойы тоңазытқышта жатқаннан кейін де тірі қалғаны дәрігерлерді аң-таң етті.
Ал баласын құтқарып қалған ата-ана нәрестесін өлдіге санаған дәрігерлерді сотқа берді. Олар мәйітханаға жіберілгенге дейін оның тірі болғанына сенімді.

«ҚЫТАЙ ҚОЛДАЙТЫН ЖАЛҒАН ҒЫЛЫМ»
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ақ үй климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылға қатысты саясатын қайта қарауға асықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Аляскада өткен арктикалық аймақтар форумында хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін климаттың өзгеруі туралы ғылымды бірнеше рет сынап, оны «Қытай қолдайтын жалған ғылым» деп атаған. Трамп климаттың өзгеруімен күрес жөнінде 195 мемлекет қол қойған Париж келісімінен шығуға уәде берген. АҚШ президенті сонымен қатар баламалы қуат көздері индустриясына қарсы бірқатар шара қабылдап, қоршаған орта мәселелерімен айналысатын мемлекеттік агенттіктің бюджетін кәдімгідей қысқартуды да ұсынған.
Дегенмен Ақ үй Париж келісімінен шығу туралы кез келген шешім «Үлкен жетілік» елдерінің маусымда өтетін кездесуінен соң қабылданатынын мәлімдеген. Арктика аймағына жататын елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытумен айналысатын Арктика кеңесінде сөйлеген Тиллерсон Вашингтонның бұл мәселеге құлақ асатынын мәлімдеді. «Біз асықпаймыз. Біз АҚШ үшін оң шешім қабылдауға жұмыс істейміз», – деді мемлекеттік хатшы.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті