1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
22 тамыз 2017
Үйдей астероид

Еуропа ғарыш агенттігі (ЕҒА) жерге үйдің көлеміндей астероид жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Оның диаметрі 15-30 метр көрінеді. Осы ұйымның дерегінше, астероид 12 қазанда жерге жақын маңнан, яғни 44 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді.ЕҒА егер астероид атмосфераға өтсе, оның зардабын 2013 жылы Челябіде құлаған метеоритпен салыстыруға болатынын атап өтті.
«Бұл өте жақын қашықтық», – деп мәлімдеді France Press агенттігіне Еуропалық ғарышқа ұшу орталығы басқармасының директоры Рольф Денсинг. Алайда Р.Денсинг жерге жақындап келе жатқан астероид қазіргі таңда «қауіпсіз» аумақта екенін айтады. Астрономдар астероид көзге көрінген кезде оны зерттеуге бел буып отырғанға ұқсайды.

ЕУРОПАДАҒЫ «АДАМ ӨЛІМІ» ЕЛЕСІ
Ғалымдар 2100 жылға қарай жаһанда климаттың өзгеруі жалғаса берсе, экстремалды күн райының әсерінен Еуропада «152 мың адамның өлімі орын алуы мүмкін» деген ақпарат таратты. «Бұл қазіргі адам шығынынан 50 есе көп» дейді кейбір зерттеушілер.
Ғалымдар әйтсе де осынау қорқынышты болжамның өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Дейтұрғанмен көмірқышқыл газының көлемі азаймаса әрі өндіріс орындарының қоршаған ортаны ластау үрдісі жалғаса берсе, зерттеу ұсынған футуристикалық деректер шындыққа айналуы мүмкін.
Бұған дейінгі Еуропа комиссиясының зерттеу орталығының мәліметінде «1981-2010 жылдар аралығындағы экстремалды ауа райынан қаза тапқандардың саны жылына – 3000, 2071-2100 жылдары 152 мыңға жетеді. Үш адамның екеуі табиғат апатынан көз жұмса, жаңа ғасыр басында су тасқынынан жылына алты адам, соңына қарай 233 кісі жан тапсырады» деген мәлімет бар екен.
Осыған орай Сеул ұлттық университетінің сарапшылары зерттеу қорытындылары жөнінде «тым асыра бағаланған» деген пікір айтыпты. Өйткені адам баласы кез келген өзгеріске бейімделе алады. Сондықтан климаттың өзгерісін де біз жақсы қабылдауымыз мүмкін.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті