1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
26 қыркүйек 2017
Мені қылғындырған қара «кісі»

Ауылда тұратын әжем ауырғаннан кейін қаладағы біздің қолымызға келді. Өкінішке қарай, әжемнің қаладағы ғұмыры ұзақ болмады. Ауырып, миына қан құйылып, айналасы бірер айдың ішінде өмірден озды. Демі ауруханада үзілген әжемнің мәйітін жаназасын шығарып жерлегенше менің бөлмеме жатқызды. Араға күн салып, алыс-жақындағы ағайын-туыс жиылып, асыл әжемді мәңгілік мекеніне шығарып салдық. Мен әжемнің қырқы өткенше бөлмеме аяқ басып кіргенім жоқ. Анам әжемнің жатқан жерін тазалап жуып, шырақ жағып қойды. Өзім табиғатымнан қорқақпын, әжемнің қырқынан кейін де бөлмемде жалғыз жатуға жүрексіндім.

Сөйтіп, бойымдағы қорқыныш сезімі жойылғанша жаныма Жарқын апамды алып, екеуміз бірге түнеп жүрдік. «Қорыққанға қос көріне ме», білмеймін, бір күні мені бір қара «кісі» қатты қылғындырды. Тіпті дем ала алмай не ояна алмай қатты қиналдым. Ішімнен «өлген жерім осы шығар» деп қоямын. Алқымымнан алған қара «кісінің» қолына жармасып, сытылып шығайын десем, бойымнан қуат кеткен адамдай дел-салмын. Пора-пора аққан тердің астында қалдым. Осылай қанша қиналғанымды білмеймін, әлден уақытта жанымда жатқан Жарқын апам жұлқылап оятты. Көзімді ашсам, апам мені жұлқылап жатыр екен:
– Әмина, тұр, тұр, оян, көзіңді аш! – деп жұлқылап қояды. Алғашында түк түсінбей, әрі-сәрі күйде біраз жаттым.
– Не болды, апа?
– Ойбай, дем ала алмай, алқынып қалдың. Тіпті айқайлап жібердің. Шырт ұйқыда жатқан мен оянып кеттім...
– ?
Біссімілләмді бес қайталап, таңды әрең атырдым. Көз алдымнан мені қылғындырған әлгі қара кісі кетпей қойды. Болған оқиғаны анама айтқан едім, ол адыраспанмен үйді аластап, білетін Құран сүрелерін оқыды. Осыдан кейін қара «кісіні» көрмедім. Мазалаған жоқ.

Ә.АУҒАНБАЕВА
Жамбыл ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті