1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Әзiрбайжан сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысымен БҰҰ Наурызды халықаралық мереке деп таныды. Бұл игi бастаманы неге бiз көтермедiк?
Түркi халықтарының түпқазығы қасиетiнен айырылып қалғандықтан (50.2%)
Наурызды халықаралық мереке деп есептемегендiктен (20.4%)
Той тойлаудан әбден жалыққандықтан (5.2%)
Президенттiң 70 жылдығын халықаралық мереке ретiнде ұсынбақ болғандықтан (24.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15440) 27 қазан, сейсенбі 2009
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Шадияр ЖАРҚЫНБЕК
27 қазан 2009
Адамның беймәлiм қырлары (Жұмбақ дерттер)

Ғылым күннен-күнге қарыштап дамып келедi. Ашылып жатқан жаңалықтар таң-тамаша қалдырады. Медицина туралы да осылай деуге болады. Әйтсе де ғасырлар бойы адам жинақтаған бiлiм табиғаттың кейбiр қылықтарын, әсiресе тағдырдың сырын түсiндiрiп беруге қауқарсыз.

 
ЕСЕЙМЕЙТIН СӘБИ ҚЫЗ. Брук Гринберг 16 жаста. Оның ой-өрiсi, қимыл қозғалысы ғана емес, дене бiтiмi де екi жас­тағы нәресте тәрiздi. Бойы – 76 сантиметр, салмағы – 13 келi. Дәрiгерлер Бруктi жұмбақ ауруынан айықтырмақ болып қолдан келгенiн жасап, аянып қалмаған. Бой өсiретiн гармондар да берген. Одан еш қайран болмаған. Амалы таусылған ғалымдар Бруктiң генiн зерттеуде. Тек қана «мәңгiлiк жастықтың кiлтi табылып қалар» деген үмiтпен.
 
 
АҒАШ-АДАМ. Деде Косаве деген адамның халi әлемдi таңғалдырды. Қара ағаштың қабығы секiлдi қоңырқай түстi белгiсiз зат өсiп, оның бүкiл денесiн торлап басып қалған. Сондықтан Деде ағаш-адам аталып кеттi. Алғаш­қыда денесiне кiшкене қоңырқай сүйел шыққан. Сүйел аз ғана уақыттың iшiнде қаптап кетiп, жуандап үлкейе түскен. Соның кесiрiнен байғұс орнынан тұрып жүре алмай қалады. Тамақ iшу де мұңға айналады. Оны атақты аме­ри­калық дәрi­герлер емдей бастаған. Олар­­дың пiкi­рiнше, бұған адам папилломасы атты вирус себеп болған. Вирустiң осылайша жүген-құ­рық­сыз кетуiне сирек кездесетiн генетикалық мутация да ықпал еткен. Бүгiн­ге дейiн Дедеге 9 ота жасалып, 5,5 келi сүйел сылынып алынды. Оны тағы да осындай бiр­не­ше ота күтiп тұр.
 
ҮНДI ҚҰДАЙЫНА ҰҚСАП ТУЫЛҒАН ҚЫЗ. 2005 жылы Үндiстанның кедей отбасында 4 қолы мен 4 аяғы бар қыз бала өмiрге келдi. Дәрiгерлер артық қолдар мен артық аяқтардың дамымай қалған сиам егiзiнiң мүшесi екенiн анықтады. Бiрақ оның басы да, денесi де болмаған. Егiзiнiң аяқ-қолы iстемейдi, ал қыз баланың өзiнiң аяқ-қолдары сап-сау. Үндiлер оған құдайымыз деп табынған. Бұған қарамастан 2007 жылы дәрiгерлер ота жасап, артық аяқтарын кесiп алып тастады. Ота 27 сағатқа созылған. Оған 30 хирург қатысқан. Өйткенi, артық аяқ-қолдарын тек қана алып тас­тамай, iшкi органдары мен сүйек бiтiмдерiн де қалыпқа келтiрiлген. Ғажайып қыз балаға әлi де бiрнеше ота жасалуға тиiс.
 
АЛЫП АЯҚТЫ ӘЙЕЛ. Мэнди Сэлларс дүниеге келгенде оның денсаулығы тәп-тәуiр болған. Дәрiгерлердi мазасыздандырған жалғыз ғана нәрсе – жаңа туылған нәрестенiң табаны мен аяғы­ның тым iрi болғаны едi. Мэнди 34-ке толғанда аяқтары алыптың аяғындай болып бiрден өсiп кеткен. Аяқтарының салмағы 95 келiге жеткен. Бiрақ өзге денесi қалыпты, кәдiмгi адамдар­дi­кiндей. Бұл дерттiң неден болғанын дәрiгерлер анық бiлмейдi. Олардың топшылауынша, Протей синдромына шалдыққан болуы мүмкiн. Бұл – мүшелердi деформацияға түсiретiн, жартылай алыптыққа әкеп соқтыратын өте сирек кездесетiн дерт. Мэнди Сэлларс жүре алмайды, мүгедектерге арналған арбаға таңулы. Бұған қарамастан ол белсендi өмiр сүруде. Ерiктi болып жұмыс iстейдi, достарымен араласады, автокөлiк жүргiзедi, саяхаттайды. Бiрақ дәрiгерлер Мэндидiң денсаулығына қатты алаңдаулы. Өйткенi, оның алып аяқтарына күштi қан айналымы қажет, бұл жүрекке өте үлкен күш түсiредi. Сондықтан болашақта бұл әйелдiң аяқтарын кесiп тастауы әбден мүмкiн.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті