1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Әзiрбайжан сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысымен БҰҰ Наурызды халықаралық мереке деп таныды. Бұл игi бастаманы неге бiз көтермедiк?
Түркi халықтарының түпқазығы қасиетiнен айырылып қалғандықтан (50.2%)
Наурызды халықаралық мереке деп есептемегендiктен (20.4%)
Той тойлаудан әбден жалыққандықтан (5.2%)
Президенттiң 70 жылдығын халықаралық мереке ретiнде ұсынбақ болғандықтан (24.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15440) 27 қазан, сейсенбі 2009
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Шадияр ЖАРҚЫНБЕК
27 қазан 2009
«Кебенек киiп туылғандар»

БАСЫ ЖҰЛЫНЫП КЕТСЕ ДЕ, ТIРI ҚАЛҒАН БАЛА

2008 жылы 10 жасар американдық Джордан Тейлор отырған автокөлiкке үлкен жылдамдықпен жүйткiп келе жатқан жүк мәшинесi келiп соғылған. Соққының күштi болғаны соншалықты, қауiп­сiз­дiк белдiгiн тағып алған Джорданның басы кiлт етiп оқыс қозғалғанда, мойын омыртқасы үзiлiп, басы мен денесi бөлiнiп қалған. Рас, мойын омыртқаның айналысындағы бұлшық ет пен терi бүлiнбеген-дi. Бұл медицинада «бастың iштей кесiлуi» деп аталады. Мұндай жағдайда адам қас қағым сәтте бақилыққа атанады екен. Бiрақ, бала тiрi қалған. Оған дәрiгерлер ота жасап, титанды пластиналар мен стержень көмегiмен сүйектi бiрiк­тiрген. Мұндай отадан кейiн адам тiрi қалғанның өзiнде өмiр бойы мешел болып қалады екен. Құдайдың әмiрiнен күштi нәрсе бар ма, Джордан 3 айдан соң-ақ ауруханадан өз аяғымен шығыпты.    
 
47-ҚАБАТТАН ҚҰЛАП АМАН ҚАЛДЫ
2007 жылы ағайынды Алкид және Эдгар Моренолар Нью-Йорктiң аспанмен таласқан зәулiм үйлерiнiң 47-қабатынан құлады. Олар биiк ғимараттың терезесiн жуып жүргенде, аяғының астындағы тақтайшалар iлiнген сымтемiр үзiлiп кеткен. Эдгар тiл тартпай кеткен, ал Алкид ғажайып күштiң көмегiмен тiрi қалыпты. Оған 16 рет ота жасалған. Арада екi жыл өткен соң Алкид тiлге келiп сөйлей бастаған. 2009 жылдың ақпан айында ауруханадан шықты. Қазiр ол сауықтырушы терапия курсына барып, жүрудi қайтадан үйрене бастады.
 
ЕКIГЕ БӨЛIНIП ҚАЛҒАН ҚЫТАЙ ӨЗI ЖҮРЕДI
1995 жылы Пенг Шулин атты қытайлық көлiк апатына ұшырап, жүк көлiгi оның денесiн екiге бөлiп тастаған. Аяқтары мен кiндiктен төмен бөлiгi кесiлiп түскен. Дәрiгерлер бөлiнiп қалған дененi қайта бiрiктiрiп тiгiп, ырсиып кеткен бұлшық еттерiне бет терiсiнен алын­ған терi жамап, ашық жараларын арнайы пластиналармен бекiтiптi. Қазiр Пенг екi аяғына арнайы жасаған протездiң арқасында жүре де алады екен.
 
АУЫРСЫНУДЫ СЕЗIНБЕЙТIН ҚЫЗ
Ауырсыну – адам баласының жасаған залалына жiберiлген зауал емес, ағзада ақау барын хабарлайтын белгi. Яғни тiсiңнiң бүлiне бастағанын немесе қызып тұрған темiрдi ұстауға болмайтынын жеткiзедi. Бiрақ ауырсынуды мүлде сезбейтiн адамдар да бар екен. Олар – тұқым қуалайтын сенсорлық және бесiншi түрдегi автономды невропатия атты өте сирек кездесетiн генетикалық ауытқушылық дертiне шалдыққандар. «Еш жерiң ешқашан ауырмайтын болса, ол жақсы емес пе?» дейтiндер табылар. Бiрақ бұл тiптi де олай емес екен. Мәселен, 8 жасар Габби Гингарс деген қыз балабақшаға барып жүрген кезiнде ұйықтап жатып өз көзiн шұқып ағызып жiберген. Егер ол ауырсынуды сезiнгенде бiр көзiнен айырылмаған болар едi. Екiншi көзiн сақтау үшiн Габби ұйқыға жатар алдында көзiлдiрiк киiп ұйықтайтын болыпты. Невропатия дертiнiң емi әлi табылмаған.
 
 
ДЕНЕСIНЕН СЫҢАРЫ ТАБЫЛҒАН
Санжу Багат қарнының үлкендiгiнен жұрттан қысылады екен. Бiрақ ешуақытта дәрiгерге барып көрiнбеген. Бiр күнi 36 жас­қа келгенде тынысы тарылып, халi нашарлаған соң ғана амалсыздан ауруханаға түскен. Дәрiгерлер алғаш­қыда ота барысында Санжудың iшiнен үлкен iсiк көретiн шығармыз деп ойлапты. Сөйтсе, оның iшiн­де­гiсi iсiк емес, дамымай қалған егiзiнiң денесi болып шыққан. Әдетте мұндай жағдайда егiздер өлi туылуға тиiс екен. Iштегi сыңары 36-ға келген еркек ағзасының дұрыс дамуына еш­қандай кедергi жасамаған. Оны алып тастаған соң, Санжу еркiн тыныстаған көрiнедi.
 
СУ ПЕРIСI
Сиреномелия – туа бiткен кемтарлық. Мұндай балалар әдетте ұзақ өмiр сүрмейдi. Бiрақ Шило Пепиннiң жағдайы мүлде басқаша. Бұл қыз баланың екi аяғы жабысып, балықтың құйрығына ұқсап бiткен. Оның жыныс мүшелерi де, тоқ iшегi де, қуығы да жоқ. Жалғыз ғана бүйрегi бар. Оның өзi нормадан төрт есе кiшi. Дәрiгерлер оны аман алып қалуы үшiн барын салуда. Қазiрге дейiн оған 150 ота жасалған. Жақында Шило жаңа бүйрекке ие болуы үшiн тағы да пышаққа түспек.  
 
19 ЖЫЛДАН СОҢ ЕСIН ЖИДЫ
Темiржол жұмысшысы Ян Гржебскидi 1988 жылы пойыз қағып кеткен едi. Ол ес-түссiз ауруханаға жеткiзiлдi. Дәрiгерлер Янның 3 жыл ғана өмiрi бар деп болжаған-ды, бiрақ ол комада бұл мерзiмнен әлдеқайда көп жатты. Тiптi ол баршаны қайран қалдырып, 2007 жылы есiн жиыпты – коммунизмнiң келмеске кеткенi мен адамдардың қалта телефоны арқылы сөйлесiп жүргенiне өзi де қатты таңдан­ған көрiнедi. Дәрiгерлердiң айтуынша, осындай ұзақ уақыт комада жатып, баяғы қалпына келген адам болмаған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Erke | 13 желтоқсан 2009 10:20
Шило Пепин degen beishara kiz bala 23 sentyabrde kaitis bolip ketken
Улжан | 3 қаңтар 2010 00:19
Бейшара аянышты болыпты
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті