1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Әзiрбайжан сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысымен БҰҰ Наурызды халықаралық мереке деп таныды. Бұл игi бастаманы неге бiз көтермедiк?
Түркi халықтарының түпқазығы қасиетiнен айырылып қалғандықтан (50.2%)
Наурызды халықаралық мереке деп есептемегендiктен (20.4%)
Той тойлаудан әбден жалыққандықтан (5.2%)
Президенттiң 70 жылдығын халықаралық мереке ретiнде ұсынбақ болғандықтан (24.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15455) 22 желтоқсан, сейсенбі 2009
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Шадияр ЖАРҚЫНБЕК
22 желтоқсан 2009
Ғаламдық жылынудан ең алдымен Қазақстан зардап шегедi

Қазақстан климаты әлемдегi орта көрсеткiшпен салыстырғанда екi есе жылдам жылып келедi. “2010-20 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы” атты мемлекеттiк бағдарламада осындай мәлiмет келтiрiлген. “Климаттың жылынуы мәселесi Қазақстан үшiн де өте өзектi. Елiмiздiң аумағындағы орта температура деңгейi 100 жыл iшiнде 1,8 С-ге өскенi байқалды. Бұл әлемдiк көрсеткiштен екi есеге артық”, – деп көрсетiлген бағдарламада.

Климат эволюциясының заманауи үлгiсi бойынша, Қазақстанда ауа температурасы тағы көтерiле беруi ықтимал. Бұл табиғи аймақтардың ауысуы, жердiң тозуы, шөлге айналуы процесiн күшейтуi әбден мүмкiн. Шаңды боран жиi тұрып, дәндi-дақылдар өнiм бермей қалуы кәдiк. Бiр тамшы жаңбыр тамбайтын шөлдi аймақтардың көлемi бара-бара ұлғая түспек. Өзен-көлдердiң де сарқылуы ғажап емес.
Климат өзгерiсi жан-жануарлар мен өсiмдiктер әлемiне де үлкен қауiп төндiредi. Экологтардың айтуынша, қазiрдiң өзiнде олар құрып кетуге айналып, республика аумағының 70 пайызында экожүйе құлдыраған. Қазақстан территориясының үлкен бөлiгi шөл мен шөлейттi аймақтардан тұратынын ескерсек, бұл жерлердiң экожүйесi, әсiресе, ауыл және су шаруашылықтары климат өзгерiсi тәрiздi табиғаттың төтенше құбылысының алдында шарасыз.
Бағдарламадағы болжамға сенсек, климат өзгерiсi нәтижесiнде ылғал аймақтарының шекарасы солтүстiкке қарай жылжиды екен. Бұл – аймақтағы жауын-шашын азаяды деген сөз. Осының кесiрiнен жаздық бидай кем дегенде 25 пайызға аз түсiм бермек. Температураның көтерiлуi жем-шөптiң бiтiк шығуына қолайсыз болып, 30-дан 90 пайызға дейiн қысқаруы ықтимал. Мәселен, қазiргi орта көрсеткiштермен салыстырғанда, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында жаздық бидай түсiмi 25-60 пайыз, Солтүстiк Қазақстанда 70-90 пайыз ғана болады.
Iле Алатауының солтүстiк беткейiндегi мұздықтар 1955-2004 жылдар аралығында 40,8 пайызға азайған. Климат өзгерiсiне байланысты болжамға сенсек, болашақта мұздықтар одан әрмен жылдам ери бастайды. Қырық жылдан соң Жетiсу Алатауында мұздық қалмайды. Ал ХХI ғасырдың аяғына қарай Iле Алатауында ешқандай мұз болмайды. Мұздықтардың жаппай еруi тау басында үлкен көлдер пайда болуына әкеп соғады. Мұның кесiрiнен жойқын апатты сел көбейедi. Мұздықтардың кiшiреюi тау өзендерiнiң су режимi мен арнасын түбегейлi өзгертедi. Iле Алатауының өзен-сулары 16 пайызға дейiн азаяды.
“Табиғат өзгерiсi алдында осалдығымызды айтпағанда, Қазақстан Республикасының антропогендiк жүйесiнiң бейiмделу потенциялы да өте төмен. Сондықтан климат өзгерiсiне қарай заманауи бейiмделу шараларын жасау және жүзеге асыру – аса өзектi мақсат. Әрi бұл мақсат Киот протоколына қол қою арқылы бекiтiлген”, – делiнген құжатта. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
жан | 22 желтоқсан 2009 13:59
Мақала қай құжатқа ненгізделген? Ол құжатты жасаған кім? Шетелдіктер жасаса, көкейі белгілі.
Жадырақызы.Б | 23 желтоқсан 2009 22:22
Міне осыдан-ақ дәлелденіп тур емеспе, заманақыр жақындағанда кәпірлердің саны көбейп, муслмандар азая бастайды, әрі сол мусылмандар басқалардың көзіне жат көрініп,өзара бір-біріне жау боп, тек өз-өзімен ғана аңдысып қалады,сол қу дүниемен айналысып, Бала әкеге ,ұлт-ұлтқа қарамай тын заманның тйіптік уәкілдері дәл қазақ ұлты екенін өз көзіміз көріп отыр емеспе.себебі жесірін жылатып, жетімін сатқан қай Атамыздан көрдіңіздер? осындай жемтікке тоймайтын аш көз үкіметке бір ауыз сөзін өткізетін ҚАЗАҚ-тың ер көңіл азаматтарының азайып бара жатқаныма? Бұған еркек қойып от басы-ошақ қасындағы меніңде журегімді сыздатты. ӘЙ Батырлар не қарап отырсыңдар енді уақыт жеткен сыйақты, бүл үкіметті аудармайнша еш жақсылық жоқ айанып қалмайық аштық жарияласаңдар да, соғысқа шықсаңдар да мен жандарыңыздан табыламын.
Жадырақызы.Б
боли | 10 шілде 2010 14:55
Мақала қай құжатқа ненгізделген? Ол құжатты жасаған кім? Шетелдіктер жасаса, көкейі белгілі.

шын солай олардың көкейі белгілі
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті