1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Әзiрбайжан сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысымен БҰҰ Наурызды халықаралық мереке деп таныды. Бұл игi бастаманы неге бiз көтермедiк?
Түркi халықтарының түпқазығы қасиетiнен айырылып қалғандықтан (50.2%)
Наурызды халықаралық мереке деп есептемегендiктен (20.4%)
Той тойлаудан әбден жалыққандықтан (5.2%)
Президенттiң 70 жылдығын халықаралық мереке ретiнде ұсынбақ болғандықтан (24.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15455) 22 желтоқсан, сейсенбі 2009
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Шадияр ЖАРҚЫНБЕК
22 желтоқсан 2009
МБМ-ақпарат

АЮЛАР БАЛДЫ ҰНАТПАЙДЫ!

ВВС “Аюлармен серуен” атты деректi фильм түсiрдi. Онда америкалық биолог Линна Роджерстiң аюлар туралы кең таралған аңыздарды жоққа шығарып, аю мiнез-құлықтарының беймәлiм қырларын аша түскенi көрсетiледi. Ғылымда айтылып жүрген кейбiр жаңсақ жайттарды ысырып тастап Роджерс мынадай батыл қадам жасайды. Миннесота орманында өмiр сүретiн аю тобының сенiмiне кiредi, оларға тамақ бередi.
Ұзақ уақыт жүргiзген зерттеуiнiң қорытындысына сенсек, аюлар мүлде агрессивтi емес әрi балды да ұнатпайтын болып шықты.
“42 жыл бойы аюларды зерттедiм. Бiрақ, мен аюдың адамға шабуыл­дауына мәжбүрлейтiн тәсiл таппадым. Мен оларға қысым көрсеткен сайын, олар тек қана менен тезiрек қашып құтылуға асығатын. Олардың тiстеуi немесе итерiп жiберуi мүмкiн. Бiрақ, адамға бас салып шабуыл жасамайды. Жасқандырып, өзi қашып, бой тасалауы үшiн ғана айбат шегедi”, – дейдi ол.
 
ТЕҢIЗ ДЕҢГЕЙI 7 МЕТРГЕ КӨТЕРIЛМЕК
Ғаламдық жылыну жөнiндегi сарапшы Джеймс Хансен: «Ғасырдың аяғында теңiздiң деңгейi 7 метрге көтерiле­дi», – деп болжам жасады. Ғалым мұндай апаттың алдын алуға болады деп есептейдi. Ол үшiн көмiр сутектi шикiзатты, ең алдымен, көмiрдi пайдалануды тоқтату керек. Сонда атмосфераға көмiр­қыш­қыл газының таралуы азаяды. Жиырма жылдан соң температура төмендеп, Жер шары апаттан аман қалады.
Олай етпесе, Антарктида мұзы ғасырдың аяғына дейiн толық ерiп кетедi. Мұның кесiрiнен теңiз деңгейi 6-7 метрге көтерiледi. Қазiрдiң өзiнде мұзды құрлық жыл сайын 200 текше шақырымдай көлемiнен айырылуда. Греландия мұздарының еруi жығылғанға жұдырық болуда.
 
ҒАЛАМ БIР КЕЗДЕРI АДАМНЫҢ АЛАҚАНЫНА СЫЙЫП КЕТЕТIНДЕЙ ШАҒЫН БОЛҒАН
Үлкен жарылыстан бұрын ғалам адам алақанына сыяатындай кiп-кiшкене болған – оның көлемi 10 сантиметрден аспаған. Нобель сыйлығының лауреаты, физик, Годдард атындағы ғарыштық ұшулар орталығының астрофизигi Джон Мазер осылай дейдi. Ол үлкен жарылыс теориясын ғаламның барлық сырын түсiндiрiп бере алатын жалғыз ғана теория деп есептейдi. “Тұрқы он сантиметр ғана болатын материядан кеңейiп бара жатқан мына ғаламат әлем жаралды”, – дейдi ол. Кiшкентай ғана материядан ғалам қалай жаралған, сонда? Мазердiң пiкiрiнше, ғалам негiзiнен бос, кеуек. Сондықтан ғылыми тұрғыдан алғанда, жұлдыздардың бiр-бiрiнен ғаламат қашықтықта орналасуы, сондай-ақ атомдардың да кеуек екенi адам нанғысыз жайт емес. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті