1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
26 сәуір 2011
«Әлем ядролық энергетикамен қош айтысуға тиiс»

Жапондықтар шеккен қасiрет бүкiл әлемдi дүр сiлкiндiрдi. Зiлзала салдарынан “Фукусима” атом электр стансасында болған апаттан соң әлем елдерi ядролық техно­логия­лар қаншалықты қажет деген мәселеге бас қатыра бастады. Жапондықтар тәрiздi алдыңғы технологиясы бар елдiң өзi апаттың алдында дәрменсiз болса, басқаларға не жорық? Германияның қоғамдық қозғалыстары атом электр стансаларына қарсы бас көтерiп жатыр. Ал Ресей премьер-министрi Владимир Путин сейсмикалық қауiптi аймақтарда атом электр стансалары мүлде салынбауы тиiс деп мәлiмдедi. Алайда Қазақстанның АЭС салудан бас тартатын түрi жоқ. Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi радиофобияға берiлмей, ресейлiктермен бiрiгiп қауiпсiз АЭС салатынын шегеледi.

15 ақпан 2011
МБМ ақпарат
ЕҢ ЖҮЙРIК АВТОМОБИЛЬ
Британдық инженерлер дүние жүзiндегi ең жүйрiк автомобильдi жасап шығармақ. Оның жылдамдығы сағатына 1600 шақырымға жететiн көрiнедi. “Блад­хаунд” деп аталатын бұл көлiкке реактивтi және ракетаның гибридтi двига­тельдерi орнатылады. Ал көлiктiң дөңгелектерi алюминийден жасалмақ. Дөң­гелек диаметрi 1 метрге, ал автомобиль салмағы шамамен 6 тоннаға дейiн жетпек. Инженерлер бұл автокөлiктi келесi жылы Оңтүстiк Африка Республикасының құрғап қалған көлдерiнiң түбiнде сынап көрмек.
15 ақпан 2011
Аян
“Түс түлкiнiң боғы” – дейдi қазақ. Десек те, адам баласының түс көруi тылсым құбылысқа жатады. Дүние жүзiнiң бiлгiр ғалымдары адам баласының түс көруiнiң себеп-салдарын әлi күнге түсiндiрiп бере алмай отыр. Түс туралы толық анықтамалар жоқтың қасы. Адам ағзасындағы құбылыстар анықталу үстiнде десек те, ми қатпарындағы құпиялар әлi толық ашылған жоқ. Зерттелу үстiнде. Байырғы ата-бабаларымыз шаманизм наным-сенiмiндегi тұста түске сенген. Бақсы-балшылар да болашақты түспен ұштастыра отырып алда болатын өзгерiстердi жорамалдағаны тарихтан белгiлi. Бұл туралы небiр дәйектi деректер де баршылық.
15 ақпан 2011
Өң мен түс

Тылсым дүние тақырыбындағы әңгiме-аңыздарды бала күнiмнен қызыға оқимын. Және сондай тылсым күштер­дiң бiзбен бiрге өмiр сүретiнiне өз басым қатты сенемiн. Олай дейтiнiм, мен оны күнделiктi өмiрде басымнан өткерiп жүрмiн. Жас келiн болып ақ босаға аттағаныма төрт ай болып қалды. Мен келiн болып түскен әулетте көптi көрген, көнекөз, ақ жаулықты әжемiз бар. Ол кiсi маған ашық тұрған кiтап секiлдi. Көптеген қызықты әңгiмелерiн айтып отырады. Қайын енем, күйеуiм жұмыста болған кездерi өзiм сол кiсiнiң жанында отырып әңгiмелерiн тыңдағанды жақсы көремiн.

15 ақпан 2011
Ақырзаман қашан болуы мүмкiн?
Ақырзаман төңiрегiнде алып­қашпа әңгiмелер мен болжамдар тым көп. Соңғы жылдары ақырзаман 2012 жылы болуы мүмкiн дегенге саятын долбарлар айтылғаны белгiлi. Десек те британдық ғалымдар ақырзаман хронологиясын жасап шығыпты. Бұл тiзiмге алдын ала болжанса да, болмай қалған ақырзаман жылдары енген. Сондай-ақ ғалымдар алдағы ақырзаман туралы да болжам жасапты. 1000 жыл. Сол заманның қолжазбаларына қарағанда, бұл жылы бүкiл Еуропаны үрей билеген. Адамдар күнделiктi жұмыстарын ысырып тастап, шiркеуге барып, бой тасалаған.
15 ақпан 2011
Алматыны ұшқыш табақшалар кезiп жүр ме?
Редакцияға хабарласқан Алматы тұрғыны Майра Жағыпарова белгiсiз ұшатын нысанды көргенiн айтты. Ал­ғашқыда сенер-сенбесiмiздi бiлмей, жағамызды ұстағанымыз рас. Десек те, М.Жағыпарованың әңгiмесiн қаз-қалпында бергендi жөн көрдiк. “Алматының Рысқұлов пен Сейфуллин даңғылының қиылысында, Мехпоселок аталып кеткен ауданында тұрамын. Қасымызда Бауман тоғайы бар. Жұмыс күнiм әдеттегiдей өтiп, кешке үйге келдiм. Балаларыммен тамақтанып алған соң, кешкiлiк түрiк сериалын көруге кiрiстiк. Теледидар көрiп бiткен соң, ұйқыға жаттым.
28 желтоқсан 2010
Елес
Әлi есiмде. Менi көрген ауылдағы кәрi-жас “атасының қызы” деп еркелетiп жүретiн. Тұңғыштары менiң атам мен әжемнiң қызы атанғаныма апам да, көкем (әкемдi осылай атаймыз) де ренжiген емес. Атам көзi тiрiсiнде бала түгiлi, үлкен адамға дауыс көтерудi бiлмейтiн ,мейiрбан адам едi. Сұрапыл coғыс жылдары елiн қорғаған ардагер атам 1996 жылы 86 жасында дүние салды. Немерелерiн емiрене иiскеп, өмiрi қабақ шытпай өткен сол атам жайындағы естен кетпес жайды баяндап бергiм келедi. Көктем кезi. Атамның қайтқанына бiраз болған. Бiздiң үй шеткi көшелердiң бiрiнде едi. Төрт-бес шақырым жердегi бейiт көрiнiп тұрады.
28 желтоқсан 2010
МБМ ақпарат
МАРСҚА 2030 ЖЫЛЫ ҰШПАҚ
Роскосмос басшысы Анатолий Перминовтiң айтуына қарағанда, ғарыш агенттiктерi Марсқа 2030 жылы өз миссиясын жiберетiн болыпты. “Алыс ғарыш­қа жеке-жеке ұшқаннан гөрi бiрнеше ғарыш державасы бiрiгiп, миссия жiберген әлдеқайда тиiмдi”, – дейдi ол. Әрине, әр держава өз миссиясын жiберсе болар едi, бiрақ бұл экономикалық тұрғыдан алғанда, онша тиiмдi емес екен. Сондай-ақ Перминовтiң сөзiне сенсек, бiрқатар елдер Айды зерттеудi қолға алмақ. Ал Айға ұшқан Эдвин Олдрин болса, Марсқа 2030 жылдан қалдырмай бiр адам жiберу керек дейдi. Бiрақ Марсқа жеткен адам Жерге қайтып оралмайды.
28 желтоқсан 2010
Келiмбеттiң кереметтерi
Халық ақыны Келiмбет Серғазиев­ Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданы, Көкбұлақ деген жерде дүние­ге келiп, бар саналы ғұмырын ақындықпен өткiзген. 1934 жылы Алматыда өткен ақындар айтысына қатысып, жыр алыбы Жамбыл ол кiсiнiң айтыскерлiк өнерiне тәнтi болып, жанынан тастамай, өзiмен бiрге алып жүрген. Соғыстан кейiнгi жылдары ержүрек батыр Бауыржан Момышұлы Келiмбеттi арнайы iздеп барып, сәлем берiптi. Келiмбет ақындығымен ғана танылып қойған жоқ, оның сондай‑ақ қарақұрт, жылан шаққандарды сол мезетте орнынан тұрғызып, сауықтырып жiберетiн ерекше қасиетi бар едi. Оның бұл ерекше қасиетiне өз басым көз жеткiздiм.
28 желтоқсан 2010
Адамзат айға ұшуды неге тоқтатты?
Американдық ғалымдар Айға ең алғаш рет 1969 жылы ұшқалы берi бұл ғаламшарға аяқ басқан пенде болмады. Нил Армстронг бастаған астронавтар тобы Айдан қайтып оралған соң АҚШ та, сол кезде аты дүркiреп тұрған КСРО да Айға ұшуды доғарды. АҚШ-тың NASA зерттеу орталығы Айға ұшуды түбегейлi тоқтат­қаны былай тұрсын, американдықтар таяу жылдары да Айға ұшпаймыз деп отыр. Өйткенi ғаламшарға ұшу АҚШ үшiн тым қымбатқа түсетiн көрiнедi. Кезiнде Джордж Буш президент болып тұрған тұста НАСА Айға ұшуды қайта қолға алмақ едi. Алайда Барак Обама билiкке келген соң НАСА-лықтардың 2020 жылы Айға қайта ұшамыз деген қиялы көзден бұл-бұл ұшыпты.
9 қараша 2010
МБМ ақпарат
ҒАШЫҚ БОЛУ ҮШIН СЕКУНДТЫҢ БЕСТЕН БIРI ЖЕТКIЛIКТI
Бiр көргеннен ғашық болу мүмкiн бе? Әлбетте. Сиракуз университетiнiң ғалымдары адамға ғашық болу үшiн қанша уақыт қажет екенiн есептеп шығарды. Олардың айтуынша, бiр адамға өлердей ғашық болу үшiн бiр секундтың небәрi бестен бiр бөлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Сонда адам неге өз таңдауын соншалықты тез жасайды? Өйткенi бұл таңдауға адам миының он екi бөлiгi қатысады екен. Олар дофамин, адреналин, вазоперсин, окситоцин тәрiздi түрлi гармондарды жасап шығарады.
Сондай-ақ ғалымдар махаббаттың әр түрiне мидың әртүрлi бөлiгi жауап
9 қараша 2010
«Ақ адам» туралы аңыз

Тамыз айынан берi Қасым ауылының Белдеутас елдiмекенiнде ақ түстi бiр елес пайда болыпты деген қауесет шықты. Сол-ақ екен, ауыл жұрты мұны сан-саққа жүгiрттi. Бiрi “е, бiреудiң көзiне жын-шайтан көрiнген шығар” десе, ендi бiрi бұған тiптi иланбады. Кейбiреулер мұны Қасым ауылының iргесiнде былтырдан берi қазылып жатқан, ғалымдар VII-VIII ғасырлар­ға жатқызып жүрген ескi қорыммен байланыстырды. Бұл ескi қорым қазылған соң аруақтар мазаланып, елдiң көзiне көрiнген шығар дестi. Бiрақ әлгi елестi көргендердiң қатары көбейе бердi. Осы ауылдың азаматы Мадияр Ақбергенов осыдан он жыл бұрын бастан өткерген оқиғасын былайша баяндап бердi. “Қарағандыға бармақшы болдым. Ауылдан кеш шықтық. Қарқаралыдан аса бергенде басталған жаңбыр Ботақараға жетiп қалғанда тiптi үдеп кеттi.

9 қараша 2010
Хамбо-Ламаның құпиясына таңдай қаққандар Мәшһүр-Жүсiптiң жұмбағын бiле ме екен?
Кейiнгi 7-8 жыл бойы Ресей баспа­сөзiнде 75 жыл жер астында жатып, қайтадан қазылып алынған Будда дiндары Хамбо-Лама Даши-Доржи Итигэлов жайлы үзбей жазылып келедi. Кезiнде сенсация iздеген елдi бiр шу еткiзген, Бурятияның Иволга дацанында (буддалықтардың дiни ғибадатханасы) болған бұл оқиға әлi де ауыздан түсер емес.Хамбо-Лама Итигэлов жайлы естi­мегендер үшiн қысқартып айтар болсақ, ол 1852 жылы Бурят жерiнде дүниеге келген. Әке-шешеден ерте айырылып, дәулеттi адамдардың қойын бағады. Бiрақ сол кезде-ақ “Тибетке барып оқимын, Будданың жолын қуамын” дегеннен айнымайды екен.
9 қараша 2010
«Жыныма тимешi»...
ЖЫНҒА ҚОЛ ЖАЙЫП, БАТА АЛУШЫЛАР ХАҚЫНДА
Қазақтың қасиеттi мекенiне айналған Түркiстан бүгiнде секташылардың ордасына айналып бара жатқаны өкiнiштi. Өзде­рiнше “ата жолын” ұран етiп, елдi қанап-тонауды кәсiп еткен “ордашылар” әлi күнге дейiн құрықталмай отырғаны жаныңды ауыртады. Ақиқатында ата-бабадан, тылсымнан келiп тұрған батаны кiмдер жеткiзедi, расымен де ата-баба аруағы сөйлей ме, жоқ әлде жындының сандырағы ма, соған назар аударайық деп едiк.Қазақта “жындының сандырағы келедi” деген сөз бар. Яғни жынды деп бiз жыны бар
7 қыркүйек 2010
МБМ ақпарат
АДАМ ОЙЫН ОҚИТЫН ҚҰРАЛ
Ambient американдық корпорациясы ерекше техникалық құрал ойлап шығарды. Audeo деп аталатын құрал адамның ойын оқи алады. Яғни, бұны электронды телепат құралы десе де болады. Audeo мойынға тағатын кәдуiлгi алқа тәрiздес. Ол дауыс жолдарына түсетiн жүйке импульстерiн оқып, оны жария ете алады. Ол үшiн бұл құралды тағатын адам ойланып, iштей сөйлесе жеткiлiктi. Ол сол мезетте-ақ адамның не туралы ойлағанын айтып бере алмақ. Құрал қазiр 150 сөз бен сөз тiркесiн оқи алатын көрiнедi. Бiрақ мұны ойлап тапқан ғалымдар құралды жетiлдiре түсемiз дейдi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»