1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16250)   15 тамыз, сейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
1 қыркүйек 2015
Перзентханадағы елес
Жеңгем үнемi «тұңғыш баламды ауыр босандым» дейтiн. Бұл сөйлемнiң астарында әрбiр әйел бастан өткеретiн қиындықтан бөлек, тылсым дүние жатқанын кейiн естiп бiлдiм. 90-жылдардың басы болса керек. Ағам мен жеңгем бұл уақытта басқа ауылда өмiр сүрген. Аяғы ауыр жеңгем Жайнаның айы-күнi жетiп, толғағы қысқан соң, жедел жәрдем келiп, оны ескi перзентханаға жет­кiзiптi. Төрт сағаттық толғақтан кейiн аман-есен дүниеге тұңғыш ұлын әкелген Жайна жеңгем ана бақытына бөлендi.
1 қыркүйек 2015
Әлемнiң тылсым мекендерi
ҚУЫРШАҚТАР АРАЛЫ
Әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде түсiнiксiз құбылыстар жиi орын алатын мекендер жетерлiк. Ондай мекендердiң бiрiн табиғаттың өзi жаратса, ендi бiрiн адамдардың өзi қолдан жасаған. “Мыңнан бiр мезеттiң” осы жолғы нөмiрiнде адамдардың өздерi тудырған тылсым жерлерге тоқталмақпыз. Мексика астанасы Мехикодан 18 шақырым жердегi Сочимилько аймағында “Қуыршақтар аралы” аталып кеткен мекен бар.
14 шілде 2015
МБМ ақпарат
ЕҢ АЛЫС ҒАЛАМШАРҒА ЖЕТПЕК
Плутон ғаламшары – Күннен – 6, Жерден 4,75 миллиард шақырым қашықтықта орналасқан. НАСА-ның New Horizons атты ғаламшаралық стансасы жақында ең шағын ғаламшарға жетедi. 15 шiлде күнi New Horizons Плутоннан 12 500 шақырым аумақта ұшып өтедi. Осылайша, НАСА аппараты тұңғыш рет Плутонға жақындамақ. Зонд Плутон орбитасы аумағында бар-жоғы екi сағат аялдайды. Бiрақ осының өзi жетiстiк.
14 шілде 2015
Жынды шақыру

Әлi ақыл бiтпеген жасөспiрiм кезiмiзде менiң құрбыларымның бiрi кешкiсiн үйiнде қызық ойын болатынын айтып, қонаққа шақырды. Қызық iздеген бiздер де керегi осы, бiр топ қыз шақырған жерге белгiленген уақытта жетiп бардық. Шай iшiлiп, әңгiме-дүкен айтылып бiткен соң, әлгi құрбым сол ойынның мәнiсiн түсiндiрiп бердi.

14 шілде 2015
Таңғажайып құдiретке ие Әзiрбай Есқұлұлы бақсы туралы Ақтөбе өңiрiнiң азаматы Қапаз Еламанов “Шежi­ре­лi өңiр” жинағында былай деп жазған: “Әзiрбай Есқұл­ұлы (1900-1965) Торғай облысы Ырғыз уезiнiң Тәуiп болысында шаруа отбасында туылған. Өскен ортасы – қазақ ауылы. Қазақша да, орысша да сауат ашу мек­тебiнен өтпеген жан, оған болашақ бақсылық әуре­шiлiгi әсер етсе керек.
14 шілде 2015
Iбiлiстiң мұнарасы
Вайоминг штатының солтүстiк‑шығысында “Iбiлiс мұнарасы” аталып кеткен құзжартас – әлемдегi құпияға толы мекендердiң бiрi. Құзжартастың биiктiгi – 386 метр. Оның шыңына осы күнге дейiн санаулы адам ғана шыққан. Бар себеп – жартастың пiшiнiнде. Iбiлiс мұнарасы осыдан 65 миллион жыл бұрын жанартау атқылауынан пайда болған делiне­дi. Құзжартастың сыртқы тау жынысы эрозияға ұшыраған да, iшкi қабатымен салыстырғанда иiлгiштiгiнiң әсерiнен тiп‑тiк пiшiнге өзгерген.
26 мамыр 2015
МБМ ақпарат
ЖҰЛДЫЗНАМАНЫҢ ТАҒДЫРҒА ҚАТЫСЫ БАР
Әлеуметтiк зерттеулерге қарағанда, адамдардың үштен бiрi жұлдызнамаға сенедi. Коннектикут университетiнiң профессоры Марк Гамильтон мұндай сенiмге негiз бар дейдi. Ол Comprehensive Psychology журналына шыққан мақаласында адам мiнезiне жұлдызнама әсер етедi дейдi. Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалым әлемдегi үш жүзге жуық танымал саясаткер, мәдениет пен ғылым саласының қайраткерлерiнiң туған айы мен өмiрдегi жетiстiктерiн салыстырып көрген.
26 мамыр 2015
Қыз кейпiндегi шайтан
Бұрынғылардың көзiне жын-шайтандар көп көрiнген деседi. Мұны өз басым олардың жан дүниесiнiң тазалығымен, бес уақыт намазын қаза қылмай, имандылық жолын ұстанғанымен байланыстырамын. Қазiр дүние қуып кеткен, тiршiлiктiң қамымен кеткен заманда бiзбен қатар өмiр сүретiн тылсым әлемнiң көзге көрiне қоюы екiталай. Сондықтан көненiң көзi – атамның жас кезiнде басынан өткен оқиғаны “МБМ” оқырмандарына баяндап берсем. Менiң атам ауылда мал бағып өскен қазақтың қариясы. Әкесi екеуi ауылдың малын жайылымға шығарып, бағып күн көрген. Күндердiң күнiнде атам ержетiп, малды өз бетiнше бағатын бол­ған
26 мамыр 2015
Қарқаралыны елес кезiп жүр
Қарағандылық “Наша ярмарка” газетiнiң жазуын­ша, Қарқаралыдағы саябақтарға қарама‑қарсы орналасқан ғимараттарда үнемi тылсым оқиғалар болып тұрады. Бұл жердi ара‑тұра елес кезiп жүре­дi, қараңғы түскенде жұрт түсiнiксiз дауыстар мен шуды естидi. Жақын жер­дегi мұражай қызметкер­лерi көбiне‑көп орыс қыз­дың елесiн көретiндерiн айтады. Бұл тарихи‑өлкетану мұражайы 1870 жылы салынған. “Осы мұражайда кү­зетшi болып жұмыс iсте­генде қызметкерлерден тылсым құбылыс туралы оқиғаларды еститiнмiн. Соған бiр күнi өзiм де көз жеткiздiм.
26 мамыр 2015
Ібiлiстiң шұңқыры
Жер бетiнде тылсымға толы мекендердiң бiрi – АҚШ‑тың Невада штатындағы “Өлiм алқабы” аталып кеткен жерде орналасқан Iбiлiс шұңқыры. Бұл жердiң атауының өзi тылсым құбылыстардан хабар бередi. Бұл – Жер бетiндегi ең ыстық нүкте. Жаздыгүнi бұл аймақтағы температура 50 градустан асып түседi. “Өлiм алқабындағы” Iбiлiстiң шұңқыры аталып кеткен ойық бетiнiң ұзындығы мен енi 1,8‑5,5 метр. Байырғы тұрғындар – үндiстер Iбiлiстiң шұңқырына жақындамау керек, өйткенi онда тылсым күштер өмiр сүредi деп сенедi.
14 сәуір 2015
Үлкен адронды коллайдер қайта iске қосылды

Алғаш рет 2008 жылы Ядролық зерттеулер жөнiндегi Еуропалық орталық iске қосқан Үлкен адронды коллайдерден ғалымдар үлкен үмiт күткен. Бiрiншi тәжiрибелер 2009 жылдың қарашасында басталды. Бұл жаңалыққа физик ғалымдар ғана емес, қарапайым адамдар да көз тiктi. Өйткенi бiрқатар ақпарат құралдары адронды коллайдердегi тәжiрибелер ақырзаманға әкеп соқтыруы мүмкiн деп топшылаған. Десек те ғалымдар ондай қатердi бiрден жоққа шығарды. Бiрақ екi жыл бұрын Үлкен адронды коллайдер iстен шыққан болатын.

14 сәуір 2015
МБМ ақпарат
НАСА: 10-20 жылда бөгде ғаламшарлықтарды табамыз
АҚШ ғарыштық агент­тiгiнiң басты ғылыми қыз­меткерi Эллен Стоуфан алдағы он жылда Жерден тыс өмiр сүретiн тiршiлiк бел­гiлерiн табамыз, ал 10-20 жылдан кейiн мұны дәлел­дейтiн бұлтартпас айғақтарды ұсынамыз дейдi. Э.Стоуфанның айтуынша, ғарыштық агенттiк қыз­меткерлерi Ғаламның қай жерiнен тiршiлiк белгiлерiн iздеу керектiгiн бiледi, оған қажеттi технологиялары да бар көрiнедi.
14 сәуір 2015
Теңiзде 66 күн өмiр сүрiп, тiрi қалды
37 жастағы американдық Луи Джордан осыдан екi ай бұрын балық аулау үшiн қайығымен ашық теңiзге кетiп, жоғалып кеткен. Содан берi оралмаған балықшыны отбасы өлдiге санаған. Алайда 66 күн өткен соң немiс кемесi оны Солтүстiк Каролинадан 320 шақырым жерден, өз қайығынан қалған қирандының үстiнде отырған жерiнен тауып алған. Биылғы жылдың 23 қаңтарында балық аулау үшiн қайығымен теңiзге шыққан Джордан түн ортасында дауыл басталып, қайығы аударылып, қақ бөлiнгенiн айтады.
14 сәуір 2015
Жер бетiн топан су басуы мүмкiн бе?
Әлемдi бiздiң дәуiрiмiзден сан ғасыр бұрын басқан топан су қайталануы мүмкiн бе? Бұл – апаттарды зерттейтiн ғалымдардың ең өзектi тақырыбы. Өйткенi Жер ғаламшары жаратылғалы берi оның бетiн топан су 30 мәрте басқан екен, қазiргi адамзат 31-апаттың алдында тұр деп есептейтiндер бар. Жердi көне заманда топан су басып, адамзат жойылып ке­тiптi деген аңыз қасиеттi Құран мен Iнжiлде ғана емес, әлемнiң бүкiл елдерiнiң аңыз‑әбсаналарына арқау болған.
10 ақпан 2015
МБМ ақпарат
ҮШ АТА‑АНАСЫ БАР БАЛАЛАР ДҮНИЕГЕ КЕЛМЕК
Бұған дейiн Ұлыбританияда қолдан ұрықтандыру кезiнде әке мен ананың генетикалық материалынан бөлек донор әйелдiң генi қолданылуы мүмкiн екенiн жазған едiк. Өткен аптада Ұлыбритания парламентi үш ата‑ананың генiнен ұрықтандыру технологиясын заңдастырды. Бұған дейiн табиғи жолмен бала сүйе алмайтын ерлi‑зайыптылар қолдан ұрықтандыруға жүгi­нетiн. Ол үшiн аналық жасушаға аталық жұмыртқаны қосатын едi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»